Жалпы білім беретін орыс тілді мектепті? 4-сыныбына арнал?ан ?осымша ??рал


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №9 ЖАЛПЫ
ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Жалпы білім беретін орыс тілді мектептің
4-сыныбына арналған қосымша құрал
Павлодар, 2013
Басшылық жасаған
Махадил З.Ш., «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Құрастырған және тәжірибеден өткізген
Дарабаева Алмагүл Сабарқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Отбасы
ІІІ деңгей
Отбасы мүшелеріне қатысты сөздерді анықтаңыз.
Әпке, сіңлі, нағашы, ана, іні, ұстаз, аға, дәрігер, ата, ұшқыш, әке, оқушы, қарындас.
ІІ деңгей
1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
1. Менің ... дүкенде жұмыс істейді. 2. Дастарқан басында ... шай құйып отыр. 3. Тамақтан кейін ... бізге бата берді. 4. Отан ... басталады. 5. Мектептен кейін менің ... далада ойнады.
Қажетті сөздер: атам, інім, әпкем, отбасынан, анам.
3.Жіңішке буынды сөздерді бір бағанға жуан буынды сөздерді екінші бағанға жазыңыз.
Әкем, анам, ағам, сіңлім, інім, әпкем, қарындасым, әжем, атам, отбасым.
І деңгей
7-9 сөйлем арқылы суреттегі заттарды, отбасы мүшелерінің киімдер мен іс-әрекеттерін сипаттаңыз.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: үстінде-на верх чего-л., тақия(сы), жүресінен-сидеть на корточках, екі қолымен –обеими руками (здесь), диванның түсі, шұлығы, ойнап отыр, ілініп тұр, әжесінің көйлегі, тоқып отыр, қабырғада, пісіріп жатыр, аяғында(ғы), кебіс(і), басындағы орамалы.
Менің атам мен әжем.
ІІІ деңгей. 1. Өлеңді түсініп оқыңыз.
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе, дана әжем? Шай қайнатып келейін, Шекер салып, жан әжем. Өзім құйып берейін. Балдай тәтті бал әжем.
ІІ деңгей
Бастауыш пен баяндауышты сәйкестендіріңіз.
әжемді мектепке апарады
атама ертегі оқиды
әжем көмектесемін
атам сүйемін
І деңгей .
«Менің әжем» тақырыбына 7-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз.
Тірек сөздер: мейірімді, тұрады, оған, сабырлы, шебер, әжем (ді), алақаны, пісіреді, сағынамын, дәмді, жұмсақ, тамақ, ұнатады, көрмесем, тоқиды, сыйлы, оның, көмектесемін, менің, қалада (ауылда), әнін, ол, мен, халық.
көрмесем – если не увижу (здесь)
сағынану –скучать по кому –л.
шебер – мастер, умелец
Менің әкем, шешем. Мамандық
ІІІ деңгей
1.Мәтінді түсініп оқып, ат қойыңыз.
Әкем мен шешем үйде. Әкем балық тазалайды. Анам сорпа дайындап жатыр. Әсем анасына көмектесіп жатыр. Ол ыдысты жуып қойды.
Жасырынған сөздерді табыңыз.
Б А А Е Ә
Н К Н А С
І А Ә К Е
Н Н Ж Е Қ
О А С І Ғ
ІІ деңгей
Әр маманның еңбек құралын табыңыз . Оларды сәйкестендіріңіз.
І деңгей.
Өлеңді түсініп оқыңыз. Шахтерсіз адамдар өмір сүре ала ма? (Көмірсіз өмір сүруге бола ма? Жылу не арқылы келеді?)
Бақыт тапқан шахтадан
Шахтер ағам – жақсы адам.
Көмір қазып, кен қазып,
Ұқсап өссем нақ соған .
(Ә. Дүйсенбиев)
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен 7-9 сөйлем құрап жазыңыз.
Ұннан, берді, аспазшы, үй, өлшейді, көмір, дәрігер, бауырсақ, қазады, дәрі, емдейді, құрылысшы, мұғалім, пісірді, салады, шахтер, тексереді, ауру, сатады, дәптер, азық-түлік, қан қысымын, оқытады, шаш тарау-причёсывать, сатушы.
Мұғалім
ІІІ деңгей.
1.Өлеңді түсініп оқыңыз.
Мұғалім ол біздің
Білімнің кілтіндей Қиынға төзуге
«Әліппе» ұстатқан Үйреткен қашанда,
Оқуға іркілмей, Жаманнан безуге,
Тоқуға үйреткен Жақсылық жасауға
Қамқоры ұл-қыздың - Қамқоры ұл-қыздың –
Мұғалім ол біздің Мұғалім ол біздің
М. Әлімбаев

2.«Мұғалім» сөзіндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңыз.
ІІ деңгей
І .Мағыналы сөз шығатындай етіп, дауысты дыбыстарды орналастырыңыз.
1-қатарға жіңішке дауысты дыбыстарды қойыңдар.
2-қатарға жуан дауысты дыбыстарды қойыңдар.
К...л т...л п...л
Қ...р ж...л ш...ш
ІІ. Мұғалім мамандығына қатысты сөздерді анықтап, 3-4 сөйлем құрастырыңыз.
Тәрбиелейді, емдейді, суарады, оқиды, ақыл айтады, жуады, тексереді, бағалайды.
І деңгей
1.«Менің мұғалімім» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.
Керекті сөздер: менің, мектепте , мұғалім(ді), бізге , ол, білім, дәптерлерін, өте, береді, тәрбиелейді, біздің, баға қояды, жұмыс істейді, тексереді, сыйлы, өнерлі, мейірімді, білімді , адам, аламын, оқушылардың, құрметтейді, болуға үйретеді, алғашқы мұғалілім
құрметтеу – уважение, почитание
құрметте –уважать, оказывать почет, почитать
сыйлы – уважаемый, почетный
Дәрігер.
ІІІ деңгей
Өлеңді түсініп оқыңыз.
Тау мен тасты қопарар Бармағынан бал тамған
Кенші болғым келеді. Аспаз болғым келеді.
Достық сәлем апарар Алар озып бәйгені
Елші болғым келеді Малшы болғым келеді.
(М. Құрманалин)
ІІ деңгей
Мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
Дәрігер ауруларды ауруханаға барады
Дәрігер дәрі өлшейді
Ол қан қысымын емдейді
Ауырған адам береді
І деңгей. 1. Дәрігер туралы 7-9 сөйлем құрап жазыңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестерінен: жазып береді, жұмыс істейді, тіс, қарайды, ауруды, өлшейді, дәрі, емдейді, қан қысымын, ауруханада, балаларды, дәрігер, ол, педиатр, қызуын өлшеу –измерять температуру, стоматолог.
ауру, сырқат – больной
қан қысымы - давление

Өлеңді толықтырыңыз.
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді.
...... ........... ..............
Дәрігер болғым келеді

Наубайшы
ІІІ деңгей
Мақалды жаттаңыз
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
ІІ деңгей.
Мәтінді түсініп оқып, 4-5 сұрақ дайындаңыз.
Күзде егін піседі. Ауыл еңбекшілері егін орады, қырманға тасиды. Астықты элеваторға тапсырады. Онда астықты кептіреді, тазартады. Таза астықтан ұн тартады. Ол ұннан нан пісіреді. Нан халқымыздың байлығы. Бидай, арпа, қара бидай, сұлы - астық. Қырманда астық мол болса, нан да мол болады. Нан - ел байлығы
орады - будут жать, приступят к жатве
астық - урожай
қырман - ток
пісті - созрел
ел - страна, народ
наубайшы - хлебороб
2. сұлы - овес, арпа –ячмень, бидай - пшеница, қара бидай - рожь
І деңгей
1.Бір сөзбен қалай айтар едіңіз?
Дүкенге барған адам -
Театрға барған адам -
Мектепте оқитын бала -
Кітапханаға келген адам -
Емханаға келген адам –
Берілген сөздерден 5-7 сөйлем құрап жазыңыз.
Наубайшы, халқымыздың, тартады, ұн, астықты, атасы, нан, кептіреді, байлығы, тоқаш, бидайдан, пісіреді, ас, ұннан, бауырсақ.

Үйде не істеймін ?
ІІІ деңгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
1.Ас үйде ... бар.
2. Үйіміз бес ...
3. Анам ... түрлі тағамдар дайындайды.
4. Менің бөлмем ... ...
Керекті сөздер: сөрелер, ыдыс-аяқ, бөлмелі, ас үйде, жарық, кең.
ІІ деңгей
Сөздердің алғашқы әріптерінен жаңа сөз құрап жазыңыз.
Жиһаз, ине, нан, айна, доп, ыдыс, май.
Жаңбыр, уақыт, дәрі, ырыс, маймыл.
Пәтер, із, сәбіз, ірімшік, рет, денсаулық, ілгіш, мұрын.
І деңгей
«Үйде не істеймін?» тақырыбына 5-9 сөйлем құрастырыңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: шаң сүрту (сүртемін), жасаймын, ыдыс, тазалаймын, еден, шаңсорғышпен, үнемі, жуамын, пісіремін, қағу, күтемін, бос уақытымда , дүкенге, менің міндетім, төсеніштерді, барамын, су құямын, кілемді тазалау, мереке күндері, мереке қарсаңында, құю
міндет – обязанность
үнемі – постоянно
күнде – каждодневно, ежедневно
қарсаңында – канун, накануне
кілемдерді қағу – вытряхивать ковры
Үлгі: Менің міндетім: төсеніштерді қағу, итпен қыдыру, .....
Үй. Пәтер.
ІІІ деңгей
Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.
Үлгі: -Оның неше қабатты үйде тұратынын білесіз бе?
-Иә, ол тоғыз қабатты үйде тұрады.
1. Ол неше қабатты үйде түрады? ( 9 қабатты)
2.Ол қай пәтерде тұрады? (3)
3. Ол қай пәтерде тұрады? (7)
4.Ол қандай пәтерде тұрады? (үлкен, шағын)
5.Ол қандай үйде тұрады? (жер)
ІІ деңгей
Суреттердегі заттарды керекті сөздермен сәйкестендіріңіз.
Үстел, орындық, кілем, шкаф, көрпе, диван, айна, кереует, сөре, комод

І деңгей
Өз бөлмеңізді суреттеңіз.
Керекті сөздер: дайындаламын , ойнаймын, қабырғада, жайлы, кереует, жатыр, мен, бөлмем, суреттер, бөлмемде, ілулі тұр, жарық, шкаф, сабаққа, жұмсақ, үстел, орындық, қомпьютер, кілем, тұр, үстелде, жасалған, әдемі, бар, ағаштан, қызыл түсті, диван, менің, таза, кең, бөлмемде, еденде.
Қазақстан қалалары
ІІІ деңгей
1.Берілген қала аттарының ішінен Қазақстанның қалаларын теріп жазыңыз.
Алматы, Омбы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Ташкент, Шымкент, Көкшетау, Мәскеу, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Қазан, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған.
2.Берілген сөйлемдегі етістіктерді 3 шаққа қойып жазыңыз.
Үлгі: Мен Астана қаласына барамын( К. Ш) ( бара жатырмын (Н. О. Ш) , бардым( Ө. Ш)).
Мен Астана қаласына барамын. Сен Павлодар қаласында тұрасың. Сіз Алматыға келесіз. Ол Семей қаласында оқиды.
ІІ деңгей
Қызылорда сөзін талдаңыз.
І деңгей
Сурет бойынша 5-9 сөйлем құрастырыңыз.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: көп қабатты, биіктен, өсіп тұр, үйлер, 97 метр, құрылыс алаңы, гүлдер, танымастай өзгерді, саябақ, көрінеді, бар, саябақта, алдында, қаланың ортасында, Бәйтеректің биіктігі.
Мысалы, Биіктен ....... , ......., ......., ........ көрінеді.
Павлодар қаласы
ІІІ деңгей. 1.Суреттегі көрікті жерлерді атаңыз.

ІІ деңгей. Павлодар деген сөзбен әр септікте 4-7 сөйлем құрастырыңыз
А.с Павлодар І. с Павлодардың Б.с Павлодарға Т.с Павлодарды
Ж.с Павлодарда Ш.с Павлодардан К.с Павлодармен
Керекті сөздер: Бірі, Қазақстанның, әдемі, Павлодар, қалалардың , орналасқан, қаласы , облыс, солтүстік-шығысында., спорт , орталығы
І деңгей
2.«Менің өлкем» деген тақырыпқа 5-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз. Мәтінді өзініз білетін өлең шумақтарымен аяқтаңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: өндірістік, көмір, қайың, терек, қарағай, табиғаты, металдарға, өседі, бай, облысымызда, өндіреді, әсем, таулар, астықты өлке, зауыттар, мәдениет орталығы, көлдер, бар.

Қазақстан Республикасы
ІІІ деңгей
1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сен қай Республикада тұрасын ?
Ол қандай мемлекет?
Қазақстанның Президенті кім?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
ІІ деңгей
Сөздерді сөз құрамына талдаңыз.
Отанымыздың, көлдер, қаласы, астанам, бардыңыз.
І деңгей
1. Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңыз.
1.Отан- оттан да ......................... .
2.Отансыз адам-
..................................................................
3. Туған жер-
................................................
4. Отан-елдің анасы,
...................................................
2.«Менің Отаным» деген тақырыпқа 5-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз. Мәтінді өзініз білетін өлең шумақтарымен аяқтаңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: өндірістік, көмір, мұнай, мыс, темір, өседі, табиғаты, металдарға, бай, республикамызда, өндіреді, әсем, таулар, астықты өлке, күріш, зауыттар, көлдер, бар, теңіз, өзен, мал шаруашылығы, өлке, өркендеген.
Менің Қазақстаным.
ІІІ деңгей
1. Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
Отангосударство
Рәміздерістолица
Тугимн
Елтаңбасимволы
ӘнұранРодина
Астананезависимое
Мемлекетгерб
тәуелсіз
2. Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстаның қандай рәміздері бар?
3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
4. Қазақстаның жаңа астанасы?
5. Сен Астанада болдың ба?
ІІ деңгей
Мәтінді толықтырып жазыңыз.
Қазақстан- көп ұлт ... Республика. Онда ..., неміс, өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, грек, шешен, түрік, армян ұлттарының ... тұрады. Олар ... еңбек етіп, ... өмір сүреді.
Керекті сөздер: тату,өкілдері, ұлттар, бірге, орыс
І деңгей
Өлеңді толықтырыңыз.
Отан
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің .................. . Отан –............................ ,
Отан – ...............................
Отан – ............................. .

Театрда
ІІІ деңгей
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Театрда ...... қойылады.. Театрға көп ...... барады. Олар әдемі ... киеді. Өз ...... отырады. Сахнада ... ойнайды. ... қойылым барысында бір-бірімен сөйлеспейді.
Керекті сөздер: пьесалар, киім, адамдар, мәдени, көрермендер, орындарына, әртістер.
ІІ деңгей
1.Берілген сөздерді суретпен сәйкестендіріңіз.
Көрермендер, әртіс, жайлы, сахна, жұмсақ, қойылым, шымылдық, орындықтар.
2. Сәйкестендірген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.
І деңгей
Бір ертегіні рольге еніп, сахналаңыздар.
216281013652503891915698502368551365250

Стадионда. Вокзалда.
ІІІ деңгей
Стадионға, вокзалға қатысты сөздерді анықтаңыз.
Стадионда Вокзалда
Қажетті сөздер: Жанкүйер-болельщик, суретші-художник, касса, жарыс-соревнование, құрылысшы-строитель, жолаушы-пассажир, билет, көрермендер-зрители, жолсерік-проводник, темір жол-ЖД, мұз айдыны-ледовый каток
ІІ деңгей
1.в,на,за, возле, под деген септеуік шылауларды қолданып, 4-5 сөйлем құрастырыңыз.
2. Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын анықтап, дәлелдеңіз.
Ауылдың жанында төбе бар. Бір топ бала төбеде ойнап жүр. Оспанда шана бар. Ол төбеден төмен қарай сырғанап келеді. Алмаста да шана бар. Ол шанасын төбеге қарай сүйреп барады. Кейбір балалар төбенің басында кезек күтіп тұр.
І деңгей .
Суретті сөйлетіңіз.
Керекті сөздер. Трактор стадионы, келеді, желбірейді, өтеді, билет, киім(дер)і, жанкүйерлер, жарыстар, спорт алаңы, түрі, сатып алады, қысқы спорт, шаңғы, аппақ, жылы, тебуден, тулар, дем берді, мұз айдыны, жып-жылтыр,
Мерекелер
ІІІ деңгей
Берілген мерекелердің аудармасын табыңыз.
Балалар күні День Знаний
Халықаралық әйелдер күні Праздник Наурыз
Астана күні День единства народов Казахстана
Наурыз мерекесі Международный женский день
Жаңа жыл Новый год
Жеңіс күні День детей
Рәміздер күні День Столицы
Білім күні День Победы
Қазақстан халықтарының бірлігі күні День Конституции
Ата заң күні День Независимости
Тәуелсіздік күні День Символов
ІІ деңгей
Мерекелерді суреттегі жыл мезгілдерімен сәйкестендіріңіз.


Халықарлық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Ата заң күні, Балалар күні, Рәміздер күні, Астана күні, Білім күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл

Мерекелер кестесін толтырыңыз



І деңгей
«Менің сүйікті мерекем» тақырыбына 7-9 сөйлем құрастырыңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: демаламын, туыстарыммен, жағажайға, кәуәп жасаймыз, алаңға, достарыммен, үйде, ағыл-тегіл, отбасылық мереке, табиғат аясында, мемлекеттік мереке, кездесемін, дастархан жайылады, қатысамын, отбасы мүшелерімен, тамашалаймын, көреміз, конкурстарға.
Ағыл-тегіл – в достатке, в изобилии
Біріншіден,
Екіншіден,
Үшіншіден,
Төртіншіден,
Себебі
Өйткені
Қыс
ІІІ деңгей. Қыс мезгіліне қатысты сөздерді анықтаңыз.
Қар, жеміс-жидек, аққала, шана, білім күні, шаңғы, гүл, шырша, мұз, аяз, жаңбыр, жапырақтар, боран , жаңа жыл, аяз ата, сыйлық.
ІІ деңгей.
Сөйлемдерді оқып, суретпен сәйкестендіріңіз.

-107315463550Сәуле мен Женя шаңғы теуіп жүр. Арман қарсыластарына қар лақтырды. Балалар қардан аққала жасап жатыр. Жанар шанамен төмен қарай сырғанап келеді. Балалар мұз айдынында коньки теуіп жүр.

2. Септелген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
А.с. Қыс І.с. Қыстың Б.с. Қысқа Т.с. Қысты Ж.с. Қыста Ш.с Қыстан
І деңгей.
2.Сурет бойынша 5-9 сөйлем құрастырыңыз.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: аққала, шаңғы, қардан, теуіп жүр, қар, айнала аппақ, лақтырды, жасап жатыр, коньки, шанамен, төмен қарай, хоккей, сырғанап келеді, мұз айдынында, балалар, қар қалың, жылы киім.
Күз
ІІІ деңгей
Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
Құстар улетели
жылы жаққа идут дожди
жиі птицы
ұзарады поспевает
жаңбыр жауады удлиняеться
салқын прохладно
піседі часто
ұшып кетті в тёплые края
ІІ деңгей
2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастырыңыз.
Күз _____________________________________
Жаңбыр _________________________________
Құстар ______________________
Гүлдер ____________________________
Жапырақтар____________________
2. Берілген етістіктерді үш шақта қойып жазыңыз.
Үлгі: келе жатыр (н.о.ш) келеді (ө.ш) келді (к.ш)
І деңгей.
Мағынасына қарай көп нүктенің орнына керекті сөздерді қолданып, күзгі табиғат туралы әңгімелеп беріңіз.
Күз ... . Күн... . Аспан... . Күн ... , түн ... . Ағаш ... сарғаяды. Құстар ... ... ұшады. Күзде егін ... , ... , ... піседі . Ауыл еңбекшілері оны ... .
Жаз
ІІІ деңгей.
1.Түсініп оқыңыз.
Жаз келді
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады. Бау-бақшада жеміс, жидек, көкөністер піседі. Оқушылар жазғы демалысқа шығады.
2.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жаз айлары қалай аталады?
Жазда күн қандай болады?
Бау-бақшада не піседі?
Оқушылар қайда шығады?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.
1.Жазда күн .... .
2 .... , ... піседі
3. Жазда балалар ... шығады
4. Жазда шомыламыз, .... қыздырынамыз.
Керекті сөздер: жеміс-жидектер, ыстық, жазда, демалысқа, көкөністер, күнге
І деңгей
Сұрақтарға жауап беріңіз. Сурет бойынша 5-9 сөйлем құрастырыңыз.

Бұл қай мезгіл?
Балалар қайда ойнап жүр?
Олар туралы не айтуға болады?
Көктем
ІІІ деңгей
1.Тақырыпқа сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін ішіне сәйкес емес сөздер мен сөз тіркестерін сыртына жазыңыз.
Наурыз, сәуір, маусым, мамыр, қар ериді, ұшып кетеді, бәйшешек, солады, шығады, бүршік, ұшып келеді, айнала жап-жасыл,
ІІ деңгей
1.Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
Айлары-, көктем, мамыр, наурыз, сәуір
Жылынады ,күн, көктемде.
Ериді, кар, мұз.
Жылы, құстар, жақтан,келеді, ұшып.
Құстар, салады, ұя.
Төлдейді, мал, көктемде.
Алғашқы, көктемнің, гүлдейтін гүлдері: бәйшешек, қызғалдақ.
Сөздерді сөйлемге айналдырыңыз.
Көктем-____________________
Қар- ______________________
Жер- ______________________
Жаңбыр- __________________
Найзағай- _________________
Құстар жылы жақтан- __________ _______________
Ағаштар- _____________________
І деңгей.
1. 5-9 сөйлем арқылы Көктемгі табиғатты суреттеңіз.

Наурыз мерекесі
ІІІ деңгей
Бір-бірлеріңбен сөйлесіңіздер.
-Наурыз қандай мейрам?
-Ұлыстың Ұлы күні, Жаңа жыл.
-Наурыз мерекесінде не болады?
-Ән айтылады, ұлттық ойындар өткізіледі.
-Наурыз мерекесі қалай өтеді?
-Көңілді, қызықты өтеді.
Сөздік
Ұлыстың Ұлы күні - Всенародный Великий праздник
Өткізіледі - проводится
Өтеді - проходит
ІІ деңгей
Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Наурыз мерекесі (көктемде, қыста) тойланады. Адамдар бұлақ көзін (жабады, ашады). Біздің елімізде жаңа жылды (бір, екі) рет тойлайды. Бұл күні дастарқанға ұлттық тағамдар (тігіледі, қойылады ). Дастарқанның басты тағамы – (кеспе, наурыз көже )
І деңгей
Сурет бойынша 5-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз.


Керекті сөздер: ұлыстың ұлы күні, пісіріп жатыр, аспанда, үстінде, киіз үй, ағаш, бұлақ көзін, қарлығаш, бауырсақ, ет, дастархан, асып жатыр, ұлттық киім, қыз, ұшып жүр, қазан, есігі ашық, тігіледі, айнала жап-жасыл, киген, ақ жаулықты ана, отырғызып жатыр, бүгін, наурыз көже, ашып жатыр, көк шөп.
Спорт түрлері
ІІІ деңгей
Бос орынға көмектес септіктің жалғауын жалғаңыз.

1. доп___ 6. команда_____
2. шахмат____ 7. аяқ_____
3. досым_____ 8. шаңғы____
4. бас _____ 9. қол_____
5. футбол____ 10. спорт____
ІІ деңгей
Спорт түрін сөздермен сәйкестендіріңіз.
1. футбол а) мұз;
2. волейбол ә) тақта
3. күрес б) кілем
4. хоккей 1. в) доп5. бокс г) тор;
6. шахмат ғ) қолғап
7. суда жүзу д) бассейн
44323007175500282956060960001334135825500-1822457175500



-18319758191500-33166051308100-481203013589000-63284101397000
1.Жақшадағы сөзді пайдаланып, үлгідегідей сөйлемді түрлендіріңіз.
Үлгі: Жоқ, Асан теннисті Мараттан да жақсы ойнайды.
Марат теннисті жақсы ойнайды. (Асан)
Үсен футболды жақсы ойнайды. (Омар)
Жанат шахматты жақсы ойнайды (Ақнұр)
Асан шаңғыны жақсы тебеді. (Марат)
І деңгей
«Маған ұнайтын спорт түрі» тақырыбына 5-9 сөйлем құрастырыңыз.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: пайдалы, ұнайды, волейболмен, әсіресе, айналысамын, спорт түрлері , күрес, жаңкүйерімін, мен, футболдың, бар, маған, денсаулыққа пайдалы, нығайтады, спорт мектебінде, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, ішінде.
Спорттың пайдасы.
ІІІ деңгей.
1.Жауабына қарап, сұрақ қойыңыз.
- .......................................................................
- Иә, спортпен шұғылданғанды ұнатамын.
-__________________________________________________________________
- Әрине, жүгірудің және жаяу жүрудің адам денсаулығына пайдасы көп.
- ___________________________________________________________________
- Спортпен шұғылданғандар ұзақ өмір сүреді. Өйткені денсаулығы мықты болады.
-____________________________________________________________________
- Менің достарыма айтар сөзім мынау: спортпен айналысыңыз. Денсаулығыңыз мықты болсын!
ІІ деңгей.
1.Тыңдаңыз және бос орынды толтырыңыз.
-Таңертең сіз жаттығу жасайсыз ба?
-_______________________________________
-Күнде жаттығу жасап тұрасыз ба?
-_______________________________________
-Ал оның пайдасы бар ма?
-_______________________________________
-Денсаулығыңыз мықты болу үшін жаттығудан басқа не істейсіз?
-_______________________________________
-Шаңғы тебудің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
-_______________________________________
2.Өзіңіздің ойынызша сауалнама сұрақтарының дұрысы мен бұрысын белгілеңіз.
Дұрыс сөйлемге дұрыс –«v», қате сөйлемге бұрыс- «- » белгісін қойыңыз.
а. Әлемнің ең мықты қақпашысы – О.Кант.
ә. Әлемнің ең атақты қорғаушысы- Малдини
б. Әлемнің ең белгілі жартылай қорғаушысы- Зидан.
в. Әлемнің ең көп гол соққан шабуылшысы- Ривальдо
г. Әлемнің ең жақсы құрама командасы- Бразилия.
ғ. Әлемдегі ең танымал футбол командасы- Реал Мадрид
д. Әлемнің ең шебер ойыншысы – Марадона
І. деңгей
Спорттың пайдасы бар ма? Болса, дәлелдеңіз.
Дене тазалығы
ІІІ деңгей
1.Екінші бағандағы сөз тіркестерінін дұрыс аудармасын табыңыз.
Тісіңді тазала вымой руки
Сабынмен жу мой с мылом
Қолыңды жу расчеши волосы
Шашыңды тара почисти зубы
ІІ деңгей
1. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1.Тара, шашыңды , тарақпен.
2.щеткамен, тазала, тісіңді.
3.сүлгімен, бетіңді, сүрт.
4.сабынмен, жу, қолыңды.
І деңгей
Суреттер бойынша сөйлем құрастырыңыз.

Жануарлар
ІІІ денгей
Жабайы аңдар
Үй жануарлары
Жыртқыш аңдар
жануарлар
Жәндіктер
Балықтар
Құстар

1.Берілген сөздерді оқып, суреттермен жұптастырыңыз.
1. Тасбақа, піл, жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр, түйе, түлкі, зіл

ІІ деңгей
Үлгідегідей сұхбат дайындаңыз.
- Қандай адамды түлкіге теңейді?
- Қу адамды.
-Неге ол адамды түлкіге теңейді?
- Өйткені түлкі - қу аң.
І деңгей.
7-9 сөйлем көлемінде өзіңізге ұнайтын бір үй жануары мен жабайы аңды сипаттаңыз.
Ең үлкен
III деңгей
1.Мәтінді түсініп оқыңыз.
Жануарлардың ең үлкені - көк кит.Көк киттің ұзындығы - 33 метр,салмағы - 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы - 700 кг,тілінің салмағы - 2 тонна. Кит баласының ұзындығы - 8 метр,салмағы - 6 тонна.
2.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Жануарлардың ең үлкені не?
2.Көк киттің ұзындығы неше метр?
3.Салмағы неше тонна?
4.Жүрегінің салмағы қанша?
5.Тілінің салмағы қанша?
6.Кит баласының ұзындығы неше метр?
7.Салмағы неше тонна?
II деңгей
Мәтіңді қалпына келтіріңіз.
Жануарлардың ең үлкені-... ... Көк киттің ұзындығы -... метр,салмағы-... тонна. Көк кит жүрегінің салмағы-... кг,тілінің салмағы-...тонна. Кит баласының ұзындығы-... метр,салмағы-... тонна.
I деңгей
Көк китті өзіңізге ұнайтын жануармен салыстырыңыз.

Түйе
IIІ деңгей
1.Мәтіңді түсініп оқыңыз.
Түйе – аса бағалы түлік
Түйе ыстыққа шыдайтын жануар. Түйе 2-3 центнер жүк көтереді. Ол 45-күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе 200 литр су ішеді. Оның жалпақ табаны құмға батпайды. Түйе 25 литрге дейін сүт береді. Шұбат – әрі сусын, әрі дәрі.
2.Сандарды сөзбен жазыңыз.
23-
45-
200-
II деңгей
1.Мәтінді қалпына келтіріңіз.
Шөл даланың ыстығына тек ... ғана шыдайды. Оның жалпақ табаны ... батпайды. Түйе ... центнер жүк көтереді. Түйе ... литр сүт береді. Ол ...күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе ... литр су ішеді.
I деңгей
1.Сандарды қолданып, 7-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз. 2-3 сөйлем арқылы түйені сипаттаңыз.
2-3 центнер 70-80 жыл 40-50 шақырым
100-200 литр 9 тонна
22 ай
45 күн 200 литр 140кг
4,5 кг 16 кг
Қазақ тілі сабағы
ІІІ деңгей
1.Сурет бойынша сабаққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін атаңыз.

ІІ деңгей
1.Сөйлемдерді суреттермен сәйкестендіріңіз.
1. Саша мен Марат сурет бойынша мәтін құрастырып жатыр.
2. «Алғыр» тобы 2-тапсырманыны орындап жатыр.
3. Ясмина өз жобасын қорғап тұр.
4. Балалар үзіліске шықты.
5. Ән-күй сабағында ән айтамын.
І деңгей
1.«Қазақ тілі» сабағын өзіңізге ұнайтын пәнмен салыстырыңыз.
Мектеп өмірі
ІІІ деңгей
Сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз.
Мектеп өмірі первый звонок
сурет үйірмесі после уроков
алғашқы қоңырау школьная жизнь
көңілді өмір танцевальный кружок
сабақтан кейін весёлая жизнь
би үйірмесі кружок изобразительного искусства
ІІ деңгей
Шашылған сөздерден 5-7 сөйлем құрастырыңыз.
Қыркүйекте, бірінші , келді, балалар, мектепке, бес, бүгін, болды, сабақ, өте, қызықты, мектеп, өмірі, сабақтан кейін, барамын, үйірмесіне, мен,би, мектепте, маған, ұнайды, өте.
І деңгей
Суреттер бойынша 5-9 сөйлем құрастырыңыз..


Математика сабағында
ІІІ денгей
Математика сабағына қажетті сөдерді атаңыз.
Өшіргіш, өлең, сызғыш ,қалам, тақпақ, бояу, қарындаш, музыка, оқулық , дәптер,үшбұрыш ,төртбұрыш, бесбұрыш.
ІІ денгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Аптасына математика сабағы ______ рет болады. Бүгін математика__________ сабақ. Математика сабағында түрлі есептер______________. Тақтаның _____________ үшбұрышты сызғыш, транспортир, циркуль ілініп тұрады. Мен ___________сабағын жақсы көремін.
Керекті сөздер: үшінші, математика, шығарамыз, бес, жанында, жетінші
І деңгей
Есепті шығарыңыз.
Айнұр мен Асқардың 8 ойыншығы бар. Әпкесі Айнұрға тағы 2 ойыншық сыйлады. Сонда екеуінде барлығы неше ойыншық бар?
«Математика» сабағын өзіңізге ұнайтын пәнмен салыстырыңыз.

Сабақ кестесі
ІІІ деңгей
Күн 9:00-9:45 9:55-10:40 11:00-11:45 12:05-12:50 13:00-13-45
Дүйсенбі Информатика Қазақ тілі Орыс тілі Еңбек Бейнелеу
Сейсенбі Әдебиеттік оқу Музыка Дене шынықтыру Ағылшын тілі Еңбек
Сәрсенбі Бейнелеу Мат. логика Математика Өзін-өзі тану Дүниетану
Бейсенбі Қазақ тілі Математика Әдебиет (хр) Дене тәрбиесі
Жұма Информатика Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
Сенбі Математика Орыс тілі Еңбек Дене тәрбиесі
Сабақ кестесін қараңыз.
ІІ деңгей
Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: қазақ тілі сабағы тоғыз елуде басталады.
1.Қазақ тілі сабағы қашан басталады? (09:55)
2.Әдебиеттік оқу сабағы қашан басталады? (10:50)
3.Дене шынықтыру сабағы қашан басталады? (08:15)
4.Бірінші қоңырау қашан соғылады? (7:55)
5.Үзіліске қашан шығамыз? 12:05
І деңгей
Мектептегі сабақ кестесі сіз үшін ыңғайлы ма? Қандай пән сізге көбірек ұнайды? Неге? Күніне неше сабақ болғаны жөн деп есептейсіз. Сабақтан кейін үйге бірден барасыз ба?

Уақыт
ІІІ деңгей
1.Оқып, жаттап алыңыз.
Секунд
Минут 60 секунд
Сағат 60 минут
Күн 24 сағат
Апта 7 күн
Ай 30 күн 4 апта
Жыл 12 ай 365 күн
Ғасыр 100 жыл
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.
Уақыт өлшемдері
Бір ғасырда жүз жыл бар.
Бір жылда ... ай бар: қаңтар, ақпан, ... , сәуір, мамыр, ... , шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, ... , желтоқсан.
... жылда ... мезгіл бар: қыс, ... , жаз, күз. Бір жылда ... ай бар. Бір айда ... апта бар. Бір аптада ... күн бар: дүйсенбі, ... , сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бір күнде ... сағат бар. Бір сағатта ... минут бар. Бір ... 60 секунд бар.
2.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, бірнеше сөйлем құраңдар.
... сыныпта оқимын.
Мен ... жастамын.
сағат ... тұрамын.
І деңгей
1. «Уақыт» тақырыбы бойынша біз сан есімдерді пайдаланамыз. Неге? Өз ойыңызды айтыңыз.
2. «Уақыт» тақырыбына 3-5 мақал тауып, оларды жазыңыз.

Циркте
ІІІ деңгей
Суретке байланысты сөйлемдерді атаңыз.
Пілдер 60 жылдай өмір сүреді. Біздің ауылда түйе көп. Жылқының сүті – қымыз. Киттің ұзындығы 18 метрге дейін жетеді.
ІІ деңгей
1) Қажетті сөзді тауып жазыңыз.
1. Циркте велосипед тепкен аюды .... .
2. Біз бүгін циркке ... .
3. Аю мотоцикл ... .
4. ... фокус көрсетті.
5. ... үйге автобуспен ... .
Қажетті сөздер: бардық, жүргізді, көрдім, цирктен, келдім, сайқымазақ.
.
І деңгей. Суреттердегі адамдар мен аңдардың киімдерін және олардың әрекеттерін сипаттаңыз.


Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жылқы, жейде, үстіне, маймыл(дың), оның, басында, теуіп жүр, кигені, шығып алыпты, аяғында, сайқымазақ.
Сурет көрмесінде.
ІІІ деңгей. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Біздің қалада сурет көрмесі ашылды. Жексенбі күні біз мұғаліммен сурет көрмесіне экскурсияға бардық. Көрмеде Қазақстан суретшілерінің жұмыстары қойылған. Экскурсовод бізге пейзаж, натюрморт, портрет туралы айтты. Ол біздің сұрақтарымызға жауап берді. Көрме балаларға өте ұнады.
ІІ деңгей
Сұрақтарды жауаптармен сәйкестендіріңіз.
Сұрақ Жауап
1.Қалада не ашылды? экскурсияға
2.Оқушылар қайда барды? Қазақстан суретшілерінің
3.Көрмеде кімнің жұмыстары қойылған? сурет көрмесі
4.Балаларға пейзаж, портрет туралы кім айтты? экскурсовод

2.Қажетті септік жалғауларын жалғаңыз.
Бүгін мен сурет көрмесі... барамын.
Сурет көрмесі... Қазақстан суретшілерінің жұмыстары қойылған.
Сурет көрмесі... жұмыс тәртібі бар.
І деңгей
Сөздерді мұқият оқыңыз.
Сөздердің орналасу тәртібін анықтап, мысал арқылы дәлелдеңіз.
(Үлгі бойынша)
2 1 3
Үлгі: оқыды, ашты, жапты. Оқушы кітапты ашты, оқыды, жапты.
а) көрді, қайтты, келді
б) тапсырды, жауабын тапты, сұрақты оқыды
в) оқыды, айтып берді, жаттады
г) көшіріп жазды, есепті оқыды, шығарды
д) аударды, оқыды, орнына қойды
Менің бөлмем
ІІІ деңгей
Менің бөлмем
«Менің бөлмем» тақырыбына қатысты сөздерді анықтаңыз.
Менің бөлмем

Керекті сөздер: тоңазытқыш, сөре, орындық, теледидар, ыдыс-аяқ, кілем, қасық, үстел.
ІІ деңгей
«Тазалық- саулық негізі, саулық- байлық негізі» деген мақалды қалай түсінесіңіз?
І деңгей
Өз бөлмеңізді сипаттаңыздар.
Керекті сөдер мен сөз тіркестері: бар, жарық, бөлмемде, әдемі,

Ас үйде
ІІІ деңгей
Берілген сөздерді суреттермен жұптастырыңыз.
( )Үстел ( )ыдыстар ( )қазан ( )газ плитасы ( ) электр пеші ( ) тоңазытқыш
ІІ деңгей
Мына сөздерді қолданыңыз: алдында, үстінде, жанында, ішінде
Үстелдің ... кесе тұр.
Үстелдің ... бір орындық тұр.
Шкафтың ... ыдыс-аяқ тұр.
Үстелдің ... тоңазытқыш тұр.
І деңгей
Берілген сөздерді пайдаланып, 5-8 сөйлем құраңыз. (нақ осы шақ)
Үлгі: Бұл -менің анам
Анам түскі тамақ пісіріп жатыр.
1. Анам – тамақ, пісіру, түскі.
2. Қарындасым- төсек – жинау.
3. Анар - ыдыс-аяқ - жуу.
4. Мен - тоңазытқышты- сүрту.
5. Сіз – үстел –жинау –үстін.
6. Ол тоңазытқыш –алу – ішінен – сүт.
7. Әлия – сәбіз –пияз-бен -тазалау.
8. Марат –тазалау – су –құю, үшін –картоп – ыдысқа,
Азық- түлік дүкені
ІІІ деңгей
Сұрақтарға сурет бойынша жауап бер.
1. Оля мен Жанар қандай дүкенге келді?
2. Дүкенде нелер бар?
3. Оля не сатып алды?
4. Жанар не сатып алды?
ІІ деңгей
1.Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып, дұрыс құрастырылған сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
1. Мен (продовольственный магазин сегодня) бардым.
2. (продовольственном магазине) үш бөлме бар: (молочная продукция, мясная продукция, мучная продукция).
3. Мен(булочка, сухарики, сметану, курицу, купила).
2.Сөйлемдерді жазыңыз.
1. Мен дүкенінен сатып аламын.
2.Мен азық-түлік дүкенінен сатып аламын.
3. Мен азық-түлік дүкенінен сатып аламын.
І деңгей
Сурет бойынша сұхбаттасыңыздар.

Бұл қай бөлме?
ІІІ деңгей 1. Суреттегі бөлмелердің атауларын жазыңыздар.
ІІ деңгей
1. Жасырылған сөздерді табыңыз.
Ж А Т Ы Н П Е С
Қ Б Ө Л М Е М І
О К А Ц Й Ф Л П
Н У С Ү Й Л Ө Х
Қ О Н А Қ Г Б Э
Д П О Ш Ж З О Ж
Б А Л А Л А Р Д
2. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
а) бөлмесінде, қонақ, қабылдайды, қонақ.
ә) Настя, бөлмесінде, мен Артем, сабаққа балалар, ойнайды, дайындалады.
б)Тұр, жатын, керует, шкаф, бөлмеде.
І деңгей
Сурет бойынша шағын мәтін құрастырыңыз .Мәтінге ат қойыңыз.
Керекті сөздер: бөлме, жарық, сабақ, шкаф, кілем, демаламын, тазалық, теледидар.

Мектеп-білім ордасы
ІІІ деңгей
Дұрыс бұрыстығын анықтаңыз.
1) 1 кыркүйекте барлық мектептерде
жаңа оқу жылы басталады дұрыс бұрыс
2)Білімді адам мақсатына жетпейді дұрыс бұрыс
3)Білімсіз күнің жоқ

ІІ деңгей
Сәйкестендіріңіз
таусылмайтын қазына
Білімді



оқушы, адам
1 қыркүйек

Білім

білім күні

І деңгей
Сурет бойынша мәтін құрастырыңыз.


Біздің мектеп
ІІІ деңгей
Мақалды аяқтаңыз.
Мектеп-кеме
Білім- ...
ІІ деңгей
Төменде берілген сөздерді аударып, лайықтысын жазыңыз.
1) Мынау ...
2) Барлық қалалар мен ауылдарда ... бар
3) Биыл мен ... ... оқимын
4) Сабақ оқу ... ұнайды
Керек сөздер: школа, в четвертом классе, мне, школы.
І деңгей
Өз мектебіңізді сипаттаңыз.

Керекті сөздер: орналасқан, Шөкин, біздің, көшесінде, мектеп, үлкен, төрт қабатты, дәмді, онда, мектеп, тамақ, бірінші, әзірлейді, орналасқан, біз, спорт зал, тамақтанамыз, асхана, 57 оқу кабинеті , асханада, спорт залда дене тәрбиесі, директордың, сабағы, кабинеті, екінші, қабатта, өтеді, мәжіліс залы, жиналыстар, мектеп шаралары, өтеді, бар, информатика кабинеттері,мектебіммен, кабинеттер, мақтан етемін, пән бойынша, мен, бөлінеді.
Менің досым
ІІІ деңгей
Достық туралы өлең шумақтарын оқыңдар.

***
Балдырған балалар, ***
Достықты бағалар.Есіңе сақтағын,Адал бол,Шыншыл бол.Өтірік айтпағын,Сөзіңнен қайтпағын.
***
Балдырған баламыз,Досты көп табамыз.Қашан да, қайда да,Достар бір-біріңеСенімді боламыз. Екі деген – екі дос,Бірін-бірі қимайтынАртық кемді етпей сөз,Бірін-бірі сыйлайтынДосыңа бол адал жан,Бірдей бөліс сынақтыБір нүктеге қадалған,Екі көзің сияқты.
ІІ деңгей
Сәйкестендіріңіз.
Досымұзын
Бойыкөк
Көзібұйра
шашыөзіме адал
Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Менің (друг) бар. (Он) төртінші (классе ) (учится). Менің (друга) мінезі (хороший).
І деңгей
Досыңызға мінездеме жазыңыз.
Үлгі: Ержан – ақылды оқушы. Мінезі бұйығылау. Ол спортпен айналысады. Футбол десе ішкен асын жерге қояды. Жан-жануарларға қамқоршы.
Қажетті сөздер, сөз тіркестері:
Бұйығы - ; Қайырымды, Алғыр - ; Байқағыш - ; Жақсы оқиды. Адал дос. Жігерлі - ; Еріншек. Сабырлы - ; Өнерлі, тәртіпті, әдепті.