Бастауыш сынып о?ушысыны? о?у да?дысын дамыту


Бастауыш сынып оқушысының оқу дағдысын дамыту 1.Балаңыз сыныптағы барлық балалардан баяу оқыған жағдайда, оған қалай көмектесуге болады?
1.Үй жұмысын орындау алдында балаға кез -келген мәтінді 5 минут оқытыңыз, содан кейін математикадан үй тапсырмасын орындасын; осыдан кейін тағы 5 минут оқытып – қазақ тілінен үй жұмысын орындасын. Басқа уақытта баланы 5 минут оқуға үш-төрт рет арасы бір сағат немесе бір сағат отыз минуттан кейін отырғызыңыз.
2.Оқу қарқынын бақылап отырыңыз. Балаларға арналған кітаптан 100 сөз есептеп балаға оқытыңыз, осы жұмысқа қанша уақыт кеткенін белгілеп қойыңыз. Оқығаны бойынша бірнеше сұрақ қойыңыз. Неше сұраққа дұрыс жауап бергенін жазып қойыңыз. Бір аптадан кейін осы жұмысты қайтадан өткізіңіз. Ата-ана және бала оқу қарқыны дұрысталғанын байқайды. Алдағы уақытта оқу қарқынын айына бір рет тексеру жеткілікті болады.
3.Баланың есте сақтау қабілетін көру диктанттары арқылы дамытыңыздар.
2.Мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету үшін , қандай жұмыстар жүргізуге болады?
1.Үйде дауыстап оқығанда бала тыныс белгілеріне назар аударып отырады. Нүкте тұрса сәл кідіріп барып оқыған жөн ( осы уақытта дауыстап “бір-екі ” деп айту керек). Үтір тұрса одан қысқарақ “бір” деп айту керек).Осыны түсіндіргеннен кейін, балаға мәтінді оқуды ұсыныңыз. Алдағы уақытта дауыстап оқудан іштей оқуға ауысуға болады, осы уақыттың ішінде баланың оқу дағдысы қалыптасады.
3.Мәтіннің мазмұнын айтып бере алмайтын жағдайда ата-ана қандай көмек бере алады?
1.Ертегілерді оқу арқылы мазмұнын айтуды тез үйретуге болады. Ертегілерде қайталанатын жерлері көп болады. Мұндағы диалогтар оқуды және еске сақтауды жеңілдетеді. Бала мәнерлеп оқуды да тез үйренеді. Ертегінің бөліктері бір біріне ұқсасада , айырмашылықтары бар. Дұрыс оқымаса ертегінің мазмұны өзгеріп, түсініксіз болуы мүмкін. Ертегі бойынша сұрақтар қою жеңілірек, жауап беруге де қиналмайды.
4.Балакың қосымша кітаптар оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?
1.Кешкі оқу уақытын екі бөлікке бөліңіз. Ең бірінші бала үлкендердің бақылауымен өзінің кітабын оқысын. Оқуды 20 минут уақытқа дейін жалғастыруға болады. Осыдан кейін үлкен адамдардың біреуі балаға басқа “қалыңдау” кітап оқып берсін. Әр кеш сайын кітапты оқуды жалғастырып отыру керек. Оқуды бастамас бұрын, балаға өткен кеште оқығанды еске түсіруге көмектесіңіз. Оқып болғаннан кейін бала не түсінгенін және болған оқиғаны қалай бағалайтынын білу үшін бірнеше сұрақ қойыңы
Математика сабағынан оқушыларына ата-ана қандай көмек көрсете алады?
5.Басқаларға қарағанда баяу санайтын балаға қандай көмек көрсетуге болады? 1.Жүздің көлемінде ауызша есептеу басты мәселе. Бұл дағдылар жазбаша есептеудің негізін құрайды. Ауызша есептеу дағдылар әр сабақ сайын жаттығулар арқылы қалыптасады. Бұндай жаттығуларды оқушылар сабақтан тыс уақытта, ата-аналармен бірге болғанда, жолда немесе қыдырып бара жатқанда қысылмай орындайды: бір сан екінші саннан қанша артық, санды 68-ге толықтыр, 35 санын дөңгелек санға толықтыр т.с.с. Ауызша есептеуге нөлге аяқталатын бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы сандарды беруге болады. Көбейту кестесін математикалық лото, немесе домино ойнау арқылы жаттап алуға болады.
6.Есеп шығаруда қиналатын балаларға көрсетілетін көментер қандай болмақ?
1.Барлық арифметикалық есептер қарапайым (бір амалды) және күрделі (екі және одан да көп амал) болып бөлінеді. Қарапайым есептерді шығарып үйренбей күрделі есептерді шығару мүмкін емес. Есепті бір-екі рет (кейде одан көбірек) оқу керек. Есепті түсініп оқыған жөн. Санды деректерді және амалды анықтайтын сөзді дауыс ырғағымен көрсете білу қажет. Сұрақтағы негізгі сөзді де дауысымен көрсету. Оқып болғаннан кейін есептің шартын қысқартып жазады немесе сызба жасайды. Есепті шығару барысында бала жауабын қалай тапқанын түсіндіре білгені жөн және неге осы амал алынғанын дәлелдеуге тиісті. Күрделі есептерді шығарғанда төменгідей талдау жасау:
1.Қарапайым есеп шартына сұрақ қою.
2.Қарапайым есептің белгісіз сандық деректерін толықтыру.
3.Қойылған сұраққа жауап беру үшін керекті санды деректерді анықтау.
4.Екі сұрағы бар есепті үнемі шығару.
504761593980А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия
00А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия

Бала тәрбиесіне қажетті кеңестер
5053330139700Ата-аналарға
арналған жадынама
Тәрбиелі кісі -Қант қосқан жармадай,Тәрбиесіз кісі -Шаң боратқан арбадай.

00Ата-аналарға
арналған жадынама
Тәрбиелі кісі -Қант қосқан жармадай,Тәрбиесіз кісі -Шаң боратқан арбадай.

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
2.Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3.Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4.Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5.Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6.Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7.Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8.Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9.Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11.Сыныпта болған оқиғаны сұрап,баланың көңілін мазасыздандырмаңыз. Бәрі де өз шешімін табады.Ұстаз сенің екінші ата-анаң, сыныптағы оқушылар да сенің өзің смяқты деп үйретіңіз.
12.Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13.Ешқашанда баладан икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14.Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз