Жай с?йлем. Компьютерді? атасы кім? Компьютерді? денсаулы??а зияны.


қазақ тілі
№ 24 сабақ.
Сабақтың тақырыбы/ Тема урока:
Жай сөйлем. Компьютердің атасы кім? Компьютердің денсаулыққа зияны.
Сабақтың мақсаты/ Цели урока:
Білімділік/ Образовательная:
Компьютердің атасы кім? Компьютердің денсаулыққа зияны. - туралы мәлімет алу. Жай сөйлемдерді қайталау.
Дамытушылық /Развивающая:
Студенттердің тілдерін, ойлауын жеткізе алу, қазақ тілінде сөйлеткізу, жаңа ақпаратпен таныстыру.
Тәрбиелік /Воспитательная:
Қазіргі заманға сай талаптары бойынша компьютер туралы мәліметті білу,зияны туралы сөйлесу, әр салада мемлекеттік тілді қолдана алу, тілге қызығушылықтарын ояту.

Әдістемелік/Методическая:
Әңгімелеу, алған білімді қолдана білу.
Болашақ нәтижені болжау/ Описание ожидаемого результата:
Білім/Знания:
Қазіргі заманға сай талаптары бойынша компьютер туралы мәліметті білу
Икемділік/ Умения:
Пікірлесу
Дағды /Навыки:
өз ойларын толықтыру және пікірлерін айта білу.
Сабақтың түрлері/ Тип урока:
Саяхат сабағы
Әдіс- тәсілдер/ Методы:
әңгімелеу, пікірлесу, сұрақ-жауап
Материалдар, оқу-әдістемелікәдебиет, аңықтамалықәдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература:
Қосымша ақпарат, сөздіктер
Құрал-жабдықтар, көрнектіқұралдар / Оборудование, наглядные пособия:
Компьютер, презентация, флипчарт, үлестірмелер, ролик.
Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи:
тарих, география, информатика
Сабақ барысы / Ход урокаСабақ кезеңдері / Этапы урока Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя Студенттер іс-әрекеті / деятельность студентов Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар / оборудовани1 ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі Студенттерді сабаққа даярлау, барлық көңілдерін өзіме қарату. Сабаққа дайындалып, мұғалімді қарсы алады 2 Операция-танымдық кезеңі Сәлемдесу, сабаққа келмеген студенттерді белгілеу, себептерін анықтау, ауа райы туралы әңгімелесу:
Сәлеметсіздер ме;
сыныпта кім кезекші, кім жоқ, қай себеппен?
ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, қыстың айларын еске түсіріңдер. мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары сұрақтарға жауап береді журнал
А. үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік, еске түсіру, үй жұмысын тексеру.
презентация жасау Әр студент сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын көрсетеді. Тақта, дәптерлері.
Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге студентердіңдаярлау кезеңі Жаңа сабақты флипчарттан бастау, тақырыпқа шығу, әңгімелеу, компьютер туралы түсінікті беріп, дәптерлеріне жазғызу: Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады.
Термин сөздерді еске түсіру, содан кейін презентацияны көрсету, сөздік жұмысына шығу.Жай сөйлемдер дегеніміз не, оны еске алу Флипчарт арқылы жаңа тақырыпқа шығады, компьютер туралы мәліметті оқып, дәптерлеріне жазады, терминдерді еске түсіреді, презентацияны тамашалап, сөздік жұмысын жасайды. Тақта
флипчарт презентация
В. Жаңа білімді меңгеру Компьютердің тарихы туралы бейнероликті тамашалау, сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, үлестірмелермен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру. Компьютердің тарихы туралы бейнероликті тамашалайды, сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі, үлестірмелермен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді. Тақта, сөздіктер
бейнеролик үлестірмелерГ. Жаңа білімді бекіту Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, үлестірмелерін тексеру, роликті тамашалау, компьютердің зияны туралы әңгіме өткізу Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі, компьютердің зияны туралы әңгіме өткізеді, сөздіктер, қосымша ақпарат, ролик
3 Рефлексивті бағалау кезеңі Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбын еске түсіріп, қандай жұмыс атқардық, естерімізде не қалды?
Сабақ барлығына түсінікті ме, бүгін сабақта мен жаңа ақпаратқа ие болдым – деп айта аласыңдар ма? Бекіту сұрақтары:
            Принтер деген не?
            Сканер не үшін қажет?
            Пернетақта деген не?
            Ең ерте заманғы есептеу құралы?
Оқушылар өз ойларын айтады А. үй тапсырмасыбойынша Үй тапсырмасын жазып алыңдар:
диалог құрастыру Оқушылар үй тапсырмаларын дәптерлеріне жазып алады Оқу құралдары, тақта
Б. Сабақты қорытындылау Сонымен, бүгін сабақта кім қандай бағаға ие болды? Әр оқушы өзіне бағасын өзі қояды және себептерін айтады Әр бала өзіне баға қою керек және оны дәлелдеу керек № 24 сабақ
қазақ тілі
Жай сөйлемдер. Компьютердің атасы кім? Компьютердің денсаулыққа зияны.
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады.
Компьютердің денсаулыққа зияны
Дәрігерлермен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдеді.
оның мінез-құлқының өзгеруіне,
қан қысымын көтереді,
омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін
электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық –зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. ЭЕМ-нiң даму тарихы төрт буынға бөлiнедi, оларды: ата, қандай жылдар аралығы?
I буын-1940-1955жж/электронды шамдар қолданылды/
II буын-1955 жылдан бастап /жартылай өткiзгiштер-транзисторлар қолданылды/
III буын-1960-1970жж дейiн /интегралдық схемалар қолданылды/
IV буын-1970 жылдан бастап /дербес компьютерлер жасалды/
2. 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды?
Француз математигi Блез Паскаль он тоғыз жасында
3. Бағдарлама арқылы басқарылатын қазiргi компьютерлерге өте ұқсас құралдары бар есептеуiш машина қалай аталды,жобасы қай жылы жасалды?
Аналитикалық машина,1833 жылы
4.Қазiргi компьютердiң атасы кiм?
Чарлз Бэббидж
5. Қазiргi кезде әр оқушының қолындағы калькулятордың негiзiн салғандар кiм, қай елдiң өнертапқыштары?
Орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер
6. 1694 жылы атақты немiс математигi Лейбництiң құрастырған механикалық есептеу машинасы қалай аталды?
Арифмометр
7. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 1947-48 жылдары бiрiншi ЭЕМ-дi жасауға басшылық еткен кiм, толық аталуы қалай?
Сергей Алексеевич Лебедев, МЭСМ /малая электронная счетная машина/
8. Компьютер құрамына кiретiн негiзгi құрылғылар?
Жүйелi блок, монитор, принтер, маус, сканер, модем, пернелiк тақта, мультимедиа колонкасы
9. Қазiргi дербес компьютерлер қай буынға жатады?
IV буынға жатады
38201608572500
2468245149225001325245793750038995357937500165290514922500Компьютердің пайдасы
3094355113030002865755113030002110105628650034620206286500
Тапсырмалар:
Жай сөйлемдерді еске түсіру; сұрақтарға жауап беру.
Ақпаратпен танысу.
Үй жұмысы: диалог құрастыру