Коучинг на тему Топты? ж?мыстарда сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету жолдары


Коучинг - сессия
«Топтық жұмыстарда сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары»
Коучинг – сессияның жоспары.
Коучинг тақырыбы: Топтық жұмыстарда сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары
Жалпы мақсат: Сын  тұрғысынан  ойлау туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқу нәтижесі: Топта бірлесіп жұмыс атқара отырып, сын тұрғысынан  ойлау туралы түсінік қалыптасады,  қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар: Әр адам өз бойындағы сыни ойлау қабілетін жетілдіреді.
Кәсіби білім, біліктері өседі.
Сабақта қолданылатын материалдар: Презентация, видеожазба,
түрлі-түсті стикерлер,маркерлер.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
Тренинг «Менің сенімім», «Бағдаршам» әдістері.
Дереккөздері: Әдістемелі кнұсқау
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы
Тапсырмалар: Топтық  талдау,  салыстыру, зерттеу.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердіңіс-әрекеті
Қоданылатын әдіс-тәсілдер Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің  іс-әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Топқа бөлу «Менің сенімім» тренинг. Екі парақ таратылып беріледі. Сол парақтардың оң жағына өз бойларындағы жақсы қасиеттерді. Ал сол жағына өз бойларындағы жаман қасиеттерді жазу тапсырылады. Соңында жақсы қасиеттер жазылған парақтарды толықтарып сақтап қояды. Жаман қасиеттер бойымнан арылсын деп жыртып лақтырып тастайды
Күн шапақтарын алу арқылы топқа бөлу
1-топ. Мектеп басшылары
2-топ. Мұғалімдер
3-топ. Ата-аналар
4-топ. Әкімшілік тұлғалар Мұғалімдер берілген нұсқаулық бойынша жұмыс жасайды
Мұғалімдер топқа бөлініп отырады
Ой шақыру (10 мин  Бұл тұлғалардың атқаратын қызметтері не?  Сұраққа жауапты жазбаша береді
Мағынаны ашу кезеңі
(10 мин) Әр топқа сұрақ таратылып топтық жұмыс туралы ойларын ортаға салады.
1-т: Топта жұмыс істеу не үшін қажет?
2-т:Топ мүшелерінің саны қанша болу қажет?
3-т: Топ ережесін қалай құруға болады?
4-т: Топта қалай жұмыс істеу қажет? Постер әдісі бойынша сұрақпен жұмыс жасайды.
(Топтық жұмыс туралы ойларын ортаға салады)
Ой толғаныс (7 мин)
Мұғалімдерді өз постерлерін қорғауға шақыру.
Әр топ өз постерін қорғайды.
Мағынаны ашу кезеңі (10 мин)
Бейнеролик «Сын тұрғысынан ойлау» Топ сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін пайдалана отырып
барлығына ортақ сұраққа топ аттарына лайық жауап іздейді.
Сұрақ:
-Мектебіміздің білім сапасын қалай арттырамыз?  Жауап әр түрлі беріледі Постер немесе кластермен
Ой толғаныс (7 мин) Қорғау жұмыстарына шақыру Әр топ өз ойларын ортаға салып қорғайды
Рефлексия (3 мин) Түйінді сөздер арқылы үғымдарын жеткізеді Жасалған парақтарға жазып клейлейді
Бейнеролик «Бәрі өз қолыңда»
Кері байланыс. (3 мин) «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі. Мұғалімдер стикерлергекоучингтен алған екі жағымды әсерін, бір ұсыныс жазады.