Е?бекке баулу п?нінен саба? ?аза?ты? ?лтты? киімдері (1 сынып)


Сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық кімдері .
Сабақтың жалпы мақсаты Білімділік: қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет - ғұрпымен, сонымен бірге безендіру технологиясымен таныстыру.2. Дамытушылық: оқушылардың ою - өрнек жөніндегі білімдерін және түрлі әшекейлермен безендіру шеберліктерін дамыту.3. Тәрбиелік мәні: ұлттық көркем өнердің дәстүрін, оның тарихылығын жете білуге, әдептілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ- жауап , түсіндіру .
Көрнекіліктер: Мата түрлері, тігіс түрлері.                           
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Тақырыбы: Қазақтың ұлттық бас киімдеріМақсаты: ұлттық талғам, әдіспен, бас киімдер тігіп үйрену.
Топқа бөлу Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабақ бойынша көктеп тігуді аяқтау .
Жаңа материалмен жұмыс. Мұғалімнің түсіндірмесі: 3. 2 - ші тігіс түрін орындайды.
III. Жаңа сабақ. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар – кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі – сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш. Ұлтты бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген. 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия. 2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей. 3. Киізден тігілген бас киім - қалпақ. 4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара). 5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік. 6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. Ерлердің бас киімдері – башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күләпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрық, тақия, тымақ, шалма.
Ой толғаныс Оқушыларға «Көршінің суретін сал» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Шарты оқушылар төбелеріне қағазды қойып, көршісінің бейнесін салады. Болғаннан кейін сол көршісіне тілек жазады.1) №3 Тірек сызбалар негізінде «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі» атты тақырыпта«Тақия» тобы – диалог«Тон» тобы - әңгіме«Қамзол» тобы - сурет салу2) Әр топ өздерінің топ атауларын өзге топтарға түсіндіріп, топтарын қорғайды(сурет, сызба арқылы)3) «Жарыса сөйлем құрайық» ойыныШарты тақырып бойынша берілген суреттерге оқушылар тақтада ілінген плакатқа әрі жылдам, әрі сауатты жазып, сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма беру. Қазақтың ұлттық киімдерінің суретін салып , бояп келу
Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .