Білім беру мазм?нын жа?арту жа?дайында ?аржылы? сауаттылы? негіздері мен Технология п?нін о?ыту ?рдісінде кіріктіру амалдарын пайдалану.


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қаржылық
сауаттылық негіздері мен «Технология» пәнін оқыту
үдерісінде кіріктіру амалдарын пайдалану.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Технологиядан сабақ берудің тиімді әдістерінің бірі- нұсқау беру, яғни сарамандық жұмысты орындау үшін негізгі техникалық біліммен таныстыру, оны орындау үшін тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Мұғалім нұсқау беру барысында оқушылардың оны орындауда кететін қалыпты қателіктері, еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері, өз іс-қимылдары туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Халық өнерін игеру оқушыны еңбексүйгіштікке,әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы оқушы бойында еңбекқорлық, ұлтжандылық, рухани мәдениет, іскерлік, шыдамдылық, іздемпаздық дағдылары қалыптасады.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қаржылық сауаттылық негіздері мен «Технология» пәнін оқыту үдерісінде кіріктіру амалдарын пайдалану барысында технология сабақтарында оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек танысуда, эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде еңбекті өнермен тығыз байланыстыра отырып, одан қоғамға немесе өзіне пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына сай әсемделген, жыл бойы жасаған шығармашылық жобаның рөлі орасан зор. Қаржылық сауаттылыққа негізделген шығармашылық жоба бойынша жұмыс жүргізуде кіріктіріп өткізу тиімді.
Білім мазмұны да оқушылардың өз бетінше білім алуына, оны практикада қолдана білу қажеттілігіне тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды шығармашылық жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.Сондықтан да шығармашылық жоба технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Жобаның мақсаты: технология пәнінің сабақтары барысында оқушыларға сапалы, жүйелі білім берудің негізі-бұл пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қаржылық сауаттылық негіздері мен «Технология» пәнін оқыту үдерісінде кіріктіру амалдарын пайдалануда мысалы «Жеміс –жидек дақылдарын өсіру технологиясын- Өндіріс факторлары» тақырыптарымен, «Еңбек рыногында нені сатып және сатып алады? » тақырыптарын шығармашылық жоба жұмыстары бойынша кіріктірп өткізтуга болады. «Кәсіпкерлік ерекше қызмет» тараулары бойынша Тамақ әзірлеу технологиясы, Үй мәдениеті тарауларын кіріктіріп өткізген тиімді. Бұл орайда сол кәсіпкерлікке табысқа жетуде өзінің бизнеспен айналысатын қабілетін тест арқылы бағалайды. «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік қолөнер технологиясы, тігін бұйымдарын модельдеу», шығармашылық жоба бойынша жұмысты «Жоспарлау- табыс негізі» тарауларымен кіріктіріп өткізген тиімді.
Осы тақырып негізінде ұжыммен бірлесе тәжірибе бөлісеміз. /коучинг/
Үш топқа бөлу.
Үш топқа тапсырма /постер жасап қорғау /
Тапсырма
Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік қолөнер технологиясы бойынша қаржы сауаттылық негіздерін кіріктіру.
Тапсырма
Тамақ әзірлеу технологиясы бойынша қаржы сауаттылық негіздерін кіріктіру.
Тапсырма
Үй мәдениеті бойынша қаржы сауаттылық негіздерін кіріктіру.
Сергіту сәті: Ойлан және дамыт
3 топқа 3тен түрлі түсті қағаз,қайшы, клей тарату. Осы берілген заттардан ойланып бірдеңе жасап шығару.
« Алакөл аудандың білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Сәкен Сейфуллин атындағы орта
мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технологияпәнінің мұғалімі Сақаева Ақмарал Мұсақызы