Орта ?асырларда ?аза?стан аума?ыны? географиялы? зерттелуі 8-сынып ?МЖ


Пән: география
Сынып: 8 сынып
Күні: 17.09.2013
Оқушылар саны:
Мұғалім: Ақбөбек Жеңісханқызы
Зерттеу тақырыбы:
Зерттеу мақсаты:
1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырларда Қазақстан аумағының
географиялық зерттелуі
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі
туралы жалпы түсінік беру.
Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды
іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Оқушыларды
елеін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.
Табыс критерийлері:
Орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуін білемін.
Әбу Наср әл-Фарабидің еңбектерімен танысамын.
Махмуд Қашғаридың «Дөңгелек картасы» қашан және қайда жасалғанын зерттеймін.
Еуропа елдерінен қандай саяхатшылар келгенін білемін.
Кезең Сабақ барысы уақыты
Ұйымдастыру
Өткен тақырыпты қайталау.
Жаңа тақырып:
Бекіту 1.Оқушыларды топқа бөлу ( сан арқылы 3 топқа бөлу)
- Балалар біз топпен жұмыс істейтін болғандықтан, бәріміз бірге бағынатын топ ережесін құрайық (оқушылармен бірге құрастыру).
2. Топ ережелері: (тақтада ілініп тұрған қағазға жазу)
1. Тәртіпті болу.
2. Бір-бірін тыңдау
3. Бірлесіп жұмыс істеу.
4. Ұқыпты, таза жазу.
5. Уақытты үнемдеу.
- Әр топ мүшелерін ролдерге болу (рөлге бөлу, басшы, хатшы баяндауыш, уақыт өлшеуіш бақылаушы).
Өткен сабақтағы «Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі» тақырыбы бойынша білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
«Миға шабуыл»
1.Герадоттың қазақ жері туралы қандай мағлұматтар қалдырды?
2. Страбон қай жерлер жөнінде мәліметтер қалдырған?
3. Птоломей қандай бағытты ұстанған? Қай жерлер туралы деректер жинаған?
4. Қытай саяхатшылары қай жерлерді зерттеген?
5. «Алтын адам! Қай жерден трабылған?
6. Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері қай жерден табылған?
Топтық жұмыс.
Тапсырма: Страбон мен Птоломейдің жұмыстарына венндиаграмма құрастырыңдар.
Интерактивті тақтада презентация көрсету.
Оқушылар! Бүгінгі сбағымыздың тақырыбы «Орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі»
Сабақтың мақсатымен таныстырып кету.
Бүгінгі сабақта «Орта ғасырларда Қазақстан аумағын кімдер, қашан географиялық зерттеулер өткізгенін білеміз, зерттейміз.
Осы сабақта сендер нені білу керек екендіктеріңді мына табыс критерийлері бойынша анықтайсындар.
Табыс критерилері:
Орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуін білемін.
Әбу Наср әл-Фарабидің еңбектерімен танысамын.
Махмуд Қашғаридың «Дөңгелек картасы» қашан және қайда жасалғанын зерттеймін.
Еуропа елдерінен қандай саяхатшылар келгенін
білемін.
Топтық жұмыс: «Ұлы саяхатшылар»
Тапсырма: Постер жасау
1 топ- Әбу Наср әл-Фараби
2 топ – Махмуд Қашғари
3 топ – Мұхаммед Хайдар Дулати

«Сергіту сәті»
Жұптық жұмыс
Еуропа саяхатшыларының жүрген өзендерін кескін картаға түсіру.
Картадан өзендерді көрсетіп ескіше аттарын атау.
Үйге тапсырма беру 24-28 беттердегі §6
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау
Кері байланыс: 2 жұлдыз 1 ұсыныс 2 мин.
2 мин.
2 мин.
5 мин.
1 мин.
1 мин.
10 мин.
2 мин.
10 мин.
3 мин
1мин
2мин.
2 мин