Х?І – ХІХ ?асырларда ?аза?стан аума?ыны? географиялы? зерттелуі. ?МЖ 8-сынып


Ұстаз пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақты жаңаша, қызықты, көп ізденіс жасап өткізу керек. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген құштарлығы артады.
Оқушыларға Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі туралы жалпы түсінік беріп, жаңа технологияларды пайдалана отырып, ой - өрісі мен , білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттырып, елін-жерін сүю арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Пән: Қазақстанның физикалық географиясы
Өткен уақыты:
Сынып: 8 сынып
Оқушылар саны:14
Мұғалім: Ақбөбек Жеңісханқызы
2- сабақ
Сабақтың тақырыбы: ХҮІ – ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының
географиялық зерттелуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан аумағының географиялық
зерттелуі туралы жалпы түсінік беру.
Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды
іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Оқушыларды елін-жерін
сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.
Кезең Сабақтың барысы уақыты
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Бекіту Сәлемдесіп, тыныштық орнату. Балалардың кім-жоғын сұрау.
Топқа бөлу
Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу.
-Оқушылар сендер топтарға бөлініп жұмыс жасайтын болғандықтан, топ ережесін құруымыз керек.
Топ ережесі: 1.Ұқыпты таза жазу
2. Бірлесіп оқу
3. Пікірлермен санасу
4. Бірін-бірі тыңдау
Топ болғандықтан, әр топқа өздері атқаратын рөлдер береміз (басшы, баяндауыш, хатшы, уақыт үнемдеуші).
Табыс критерийлерімен таныстыру
ХҮІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуін білемін.
Саяхатшылардың еңбектерімен танысамын.
Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың жұмыстары мен картасын зерттеймін.
Сырт елдерінен қандай саяхатшылар келгенін білемін.
Миға шабуыл (үй тапсырмасын тексеру).
1.Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам дінінің таралуына байланысты ҮІІ-ҮІІІ ғасырлары кімдер келе бастады?
2. Отырар, Тараз, Сайрам, Сауран қалаларының арабша аттарын ата.
3. Әбу Наср әл-Фарабидің қысқаша өмірбаянын айт.
4. Әбу Наср әл-Фарабидің күнтізбесі туралы не білесіңдер?
5.Махмуд Қашғари туралы айтып бер.
6. Махмуд Қашғаридың қандай еңбектері бар?
7. Қазақ жері туралы географиялық мәлімет қалдырған басқа қандай саяхатшыларды білесіңдер?
Жеке жұмыс (Картадан зерттелген саяхатшылар жолын кімдердікі екенін табу)
Топпен жұмыс «Материктерге саяхат» (постер жасау)
Постерді бағалау критерийлері:
Постердің мағынасының ашылуы.
Тапсырманың толық орындалуы.
Постердің үйлесімділігі.
Тапсырма:
П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг, Ш.Ш.Уәлиханов – осы саяхатшылардың аты-жөні стикерлерге жазылып, глобустағы алты материктерге жабыстырылған. Әр топ екеуін алып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын постерге салу, жазу.
5.Сергіту сәті
6. «Сиқырлы қалпақтар»
Тапсырма: Ойлаудың 6-қалпағы.
«Қазақстанды басқа ел ғалымдарының зерттеуінің маңызы бар ма, маңызы неде?»
7. Үй тапсырмасы: §7 оқу, атластан зерттелген жерлерді табу.
8. Бағалау
9. Кері байланыс 1 мин
2 мин
1 мин
1 мин
8 мин
5 мин
10 мин
2 мин
5 мин
1 мин
1 мин
1 мин
Бағалау парағы
№ Кезең басшы баяндауыш хатшы Уақыт үнемдеуші 1 Миға шабуыл 2 Жеке жұмыс 3 Топпен жұмыс 4 Жұппен жұмыс Қорытынды