Баяндама: О?ушыларды? білімге деген ?ызы?ушылы?ын ойын ар?ылы дамыту


Баяндама: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын ойын арқылы дамыту.
Мақсаты: Баланы ойын арқылы қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру.
Оқушыны ойлай білуге, қоршаған дүние туралы түсініктерін қалыптастыру ұлттық ойын ойнау баланың салт дәстүріне әдеп ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік құндылығын қалыптастырып, ойын арқылы білімге деген қызығушылығы артады.
Қазіргі өркениетте ұмытылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкіртті дайындау әр ұстаздың міндеті.
Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту маңызы жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданамыз. Сондай технологиялардың бір түрі- “Ойын арқылы оқыту” технологиясы.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып саналады. Ойын- ұшқыр білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын кезінде нашар оқитын оқушыларда сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп, ойлана бастайды.
Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретумен бірге, ұйымдастырушылық қасиетін арттырады.
А.С. Макаренко ; “Ойын- балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі , жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды ” сондықтан болашақ қайраткер , тәрбиені ойын арқылы алады- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары ойынға көбірек ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы зор ықыласпен, әрі сапалы орындайды.
Педагог В Сухомлинский тәрбиеде ең негізгі орынды ойынға береді. Әлеуметтік тәрбиеде ойын кейбір кезеңдерде педогогикалық мәнге ие.
Ойын барысында баланың мінезін бақылауға болады. Себебі ойында оның өзіне тән ерекшелігі көрінеді. Сондықтан баланың ойынын бақылау оның мінезін қадағалауқа көмектеседі.
Ойын баланы қоршаған өмірге еркін кіруге даярлайды. Өмір туралы қарапайым түсінік алып,баланың қалыптасуына жағдай жасалуы көзделеді.
Ойындарды бірнеше түрге жіктеуге болады
Дидактикалық ойын
Сюжетті ойындар
Грамматикалық ойындар
Ұлттық ойындар
Дидактикалық ойындар оқушының ой өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруіне көмектеседі. Тіл дамыту сабағында дидактикалық ойын, оқушылардың ой өрісін, тілін, сөздік қорын дамытады.
Грамматикалық ойындар- оқушылардың ой өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы даберк меңгеруге көмектеседі. Өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі қолданамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту,олардың ізденімпаздығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Ойын «Күн мен түн»
Мақсаты: есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
« Ойын Адасқан әріптер» дыбыстарды тиесінше тіркестіріп сөз жаса.
Д, о, р, а- Орда 2) п,а,і,к,т-кітап
Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі сонда, оларды сабақ кезінде де, үзіліс кезінде де, сабақтан тыс уақытта да қолдануға болатындығы.
Хормен айтылатын «Айгөлек»қимылды ойынының үлкен тәрбиелік мәні зор. Көңіл көтеру ойынында балалар өздерін еңбекке дайындайды.
Ақыл ойды дамытатын «Он бір жұмбақ» деген ойынның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

Қорыта айтқанда кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болып, дүние танымы кеңейеді.
Оқушының қоршаған ортаны танып білу, еңбекке деген құрметінің артуы ойын үстінде қалыптасады.
Ұлы Абай атамыздың;
Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? Деген сөзінен бала өміріндегі ойынның соншалықты маңыздылығын аңғарту қиын емес, олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда;
Оқы да біл,
Ойын-еңбек
Ойна да күл,
Ойын-оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.