Ашы? саба? 1-ші кіші топ білім саласы: денсаулы?, б?лімі: дене шыны?тыру, та?ырыбы: Автобуспен саяхат


Павлодар қаласы білім беру бөлімі
«Smart kid» сәбилер бақшасы ЖШС
Ашық сабақ
Тақырыбы: Автобуспен саяхатқа барамыз
Тәрбиеші: Жылқайдарова Қ. А

Дене тәрбиесінен I сәбилер тобында ашық сабақ жоспары
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: дене тәрбиесіТақырыбы: «Автобус көлігімен саяхаттау».Мақсаты: Балаларды қимыл – қозғалысы арқылы дене бітіміне сай қозғалыс белсенділігін арттыру; балалардың эмоциясын әсерлеп, тапсырманы орындату. Дене қол бұлшық еттерін шыңдау музыка ырғағына сай үйлесімді қимыл – қозғалыстарын дамыту арқылы орындықтың үстінде отырып, жаттығулар жасай білуге үйрету. Бір - біріне деген достық қарым – қатынасқа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, күтпеген сәт, топтық жұмыс, ойындар арқылы қимыл - қозғалыстарды орындау.Қажетті құралдар: үнтаспа, екі доға, екі арқан, түр түсті шарлар, үш түсті сақина, шығыршықтарПәнаралық байланыс: сенсорика, ән.Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:1. Балалар сап түзеп музыка әуенімен аяқты нық баса жүріп залға кіреді.Амандасу рәсімі.
Тәрбиеші:
- Балалар бүгін біз сендермен автобуспен саяхатқа аттанамыз. Автобусқа міну үшін ең алдымен аялдама жету керекпіз.Психологиялық дайындық:А) Аяқтың ұшымен жүру, (айлакер түлкі)Ә) Қолды белге ұстап, аяқтың сыртымен жүру.( маймақ аю)Б) Қолды алға ұстап бір қалыпты жүгіру(атша шабу)В) Қолды айқастырып басқа ұстап, тізені кезек - кезек жоғары көтере жүгіру( бұғы орманда жүгіреді)Г) Қолды басымызға ұстап қос аяқтап секіру( көңілді қояндар)Д) Жай жүру (демді ішке тарта және шығара жүру)Хатха - иого « Жорыққа дайындық»Дөңгелене малдас құрып отырып, қолымызды қусырамыз, демімізді ішімізге алып шығарамыз.У - ШУ «қолдардың ұшуы»Қолды иектің астына ұстау, шынтақты жоғары көтеру, демді ішке тарту. Шапшаң шынтақты төмен түсіру, демді шығару.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар! Біз аялдама келдік, енді автобусқа отырамыз. (Орындықтың астындағы шығыршықтарды алып, автобус жүргізгендей кейіп танытады).
-Міне, біз бірінші аялдама жеттік. Қолдарыңдағы шығыршықты орындықтардың астына қойыңдар.
II-бөлім. Жаңа сабақ.
Балалар тәрбиешімен бірге орындықтарға отырады.
Орындыққа отырайық. Екі аяқты қосып, қолымызды тізенің үстіне қолымызды қоямыз. Қолымызды алға созып, алақанмен шапалақтаймыз. Сосын қайтадан бастапқы қалыпқа келеміз.
(4 рет қайталау)
Орындықта отырып, аяғымызды иық көлемізде алшақ қоямызда иіліп саусақтарымызды кілемге қағамыз. Сосын қайтадан бастапқы қалыпқа келу.(4 рет қайталау)
Орындықтың артқы жағына тұрып, қолымызды орындықтың арқалығына қоямыз. Сосын жылдам отыра қалып тығыламыз. Сосын тұрамыз. Сосын қайтадан бастапқы қалыпқа келеміз. (4 рет қайталау)
Қарынмен орындыққа жатамыз, сосын басымызды көтереміз. Денемізді бос ұстауға тырысамыз. Сосын қайтадан бастапқы қалыпқа келеміз.
(4 рет қайталау)
Орындықтың алдына тұрып, бір орында тұрып секіреміз. Сосын бір орында жүреміз. Сосын қайтадан бастапқы қалыпқа келеміз.
(4 рет қайталау)
Сосын дем алу жаттығуларын жасайық. «Ұлпақарларды үрле» Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар! Сендермен бірінші аялдамадан өттік. Ұнады ма?
Балалар:
-иә
Тәрбиеші:
-Енді келесі аялдамаға бару үшін автобусқа отырайық.III бөлім. Негізгі дамыту жаттығулары. Балалар екі топқа бөлінеді.1 – топ - арқан үстімен жүреді.2 – топ – доғаның астынан еңбектейді.
Осы негізгі жаттығуларды топтар ауыса жаттығуларды орындайды.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар! Сендермен біз ең соңғы аялдамаға жеттік. IV бөлім. Релаксация.
Қимылды ойын «Өз үйіңді тап»
Шарты: Әуен иойналады.Төбедегі шарлардың жібінен ұстап алып қыдырып жүру. Әуен тоқтағанда шарлардың түсіне қарап, сондай түстері бар сақиналардың ішіне тұра қалды. Ойын 3 рет қайталанды.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар! Осымен сендермен саяхатымыз аяқталды. Осылай белсене қатысқандарын үшін сендерге сыйлықтарым бар. Банан –ең сүйікті жемістерің. Енді топқа бармас бұрын қонақтармен қоштасайық. Енді сапқа тұрып, топқа барайық.