Бай?о?ыр-?арыш айла?ы (Даярлы? топ)


Пәннің аты:
Қоршаған ортамен Уақыты:6.05.16 Кабинет Мұғалім:
Сармолдаева М
Сабақтың атауы Байқоңыр –ғарыш айлағы
Мақсаты Байқоңыр жайлы түсіндіру.
2.Ғарыш әткеншегі ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшар туралы мағлұмат беру.
3.балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.
Сөздік жұмыс: Сөздік жұмыс:айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері.
Мынау сұлу әлемде
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру.
«Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге
жаттығу жасайды.
Қызығушылығын ояту
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі
Мағынаны тану
1.Педагогтің түсіндіруі:
-Байқоңыр – ғарыш алаңы (айлағы).Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылады. 1991 ж.2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтың ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2.Сөздік жұмысын жүргізу.
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Ғарыш – аспан әлемі, космос.
Ғалымшар – Күнді айналатын. Күнмен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.
Күн әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.
Сергіту сәті Мынау –менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау –басым ақылды,
Бәрін –осы басқарған.
Мынау –менің оң қолым,
Мынау –менің сол қолым.
Барлық істі атқарған. Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды.
Ой толғаныс Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтайды.
Пікірталас өткізуге арналған сұрақ:
-Ғарышкер бол үшін қандай болу керек?
4.Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу

Үйге тапсырма Бағалау Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау. Кері байланыс