?орша?ан ортамен танысу. Та?ырыбы:?арыш ?леміне саяхат


Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлім: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат .
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру;ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру; сөздік қорларын молайту.
Таным белсенділігін,ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Пән аралас: дене шынықтыру, математика,тіл дамыту, жапсыру
Сөздік жұмыс: ғарыш,ғарышкер,ғаламшар
Билингвальдік компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
1 2 3
Уәждемелік-түрткілік Шаттық шеңбер.
Амансың ба, Аспан-Ата!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанамын. Балалар шеңберге тұрып, бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденсітік Ой туғызу:
-Балалар ғарыш туралы не білесіңдер?
-Ең алғаш ғарышқа нелер ұшты?
-Ғарышқа кімдер ұшады?
-Ғарышқа немен ұшады?
-Зымырандар қайдан ұшады?
-Ал Қазақстаның ғарышкерлерін кім біледі?
Әңгімелесу(слайдтар бойынша).
Ең алғаш ғарышқа иттер ұшқан-Белка,Стрелка.
Адамзат тарихында тұнғыш рет 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.Содан бері 55 жыл бойы 12 сәуір-Ғарышкерлер күні атап өтеміз.
Ғарышқа көптеген ғарышкерлер ұшты.
Байқоңыр – ғарыш алаңы (айлағы).Қызылорда
облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.Ғарышқа зымыранмен ұшады.
Интеративтік тақтамен жұмыс.
- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек?
- Кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма?
- Жарайсыңдар балалар!
- Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр.
-Скафандрды не үшін киеміз?
Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді зымыранға отырайық, енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба?
Қане кері санайық
5, 4, 3, 2, 1 ұшты
Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Балалар біз ғарышқа да жеттік.
Күн,ай, жұлдыздар аспан денелері деп аталады.Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады.Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.
Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді.Егер күнді жерге жақындатсақ, ол жердегі барлық тіршілікті өртеп жіберер еді.
Жер ғарыштан қарағанда допқа ұқсайды.
-Балалар адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсыңдар?
Ғарышта тоғыз ғаламшар бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,Сатурн, Уран,Нептун,Плутон.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Ғарыш – аспан әлемі.
Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.
Билингвальдік компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета. жұмыс.
-Кане ашық аспанға шығайық.
Логикалық ойын «Кім жылдам?»
(қисық айнадағы санамақ)
- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:
-Ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
Ға, - ға, - ға
Біз ұштық Айға.
-Балалар,ашық аспандағы тапсырмаларды орындадық, енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік!
Кері санаймыз 5, 4, 3, 2, 1
-Балалар,біздің отбасымыз әлі ұйықтап жатыр кәне оятайық...
Саусаққа арналған жаттығу. «Оятамыз....»
Шығармашылық жұмыс «Ғарыш» тақырыбына жапсыру.
«Күн» мен «Ай» ойыны. Балалар өз ойларын айтады.
-Иттер.
-Ғарышкерлер.
-Зымыранмен.
-Байқоңырдан.
-Т.Әубәкіров,
Т.Мұсабаев,
А.Айымбетов.
Слайдтарға қарап, әңгімеге қатысады.
Маркермен әріптерді жазады.
Сұраққа жауап береді.
Жаттығу жасайды.
Ым арқылы көрсетеді (ғарышкерлер киетін киімді,олардың жүрісін)
Орындықтарға отырады,кері санайды.
Тыныс алу жаттығуын жасайды.
Слайдтарды қарайды,
тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Сөздерді қайталайды.
Ашық аспанға шығуын көрсетеді.
Игровизормен жұмыс.
Тілге арналған жаттығуды жасайды.
Орындықтарға отырып,
кері санайды.
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.
Ұжыммен жапсырады.
Ойынға қатысады.
Рефлексиялық -жинақтаушы Балалар, бүгін біз қайда бардық?
Оқу әрекетімізде не ұнады?
Не үйрендік?
Рефлексия «Күн»
Күнді шуағымен толықтырады.
Балаларды мақтау,мадақтау. Сұрақтарға жауап береді.
Оқу әрекет ұнаған болса, сары түс пайдаланады,
ұнамаса,түсінбесе-көк түс.
Қорытынды бөлім:
Қабылдайды: ғарыш әлемі және оның құпияларын
Түсінеді: денсаулығы мықты адам ғарышкер бола алады.
Қолдана алады: берілген тапсырмаларды орындауды, ұжыммен жұмыс жасауды.