Отбасы с?йлеуді дамыту о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. Орта??ы топ


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тақырыбы: Отбасы
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: 1. Өз отбасы туралы әңгіме құрап айтуға үйрету.
2. Мақал- мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар, өз отбасылары туралы
әңгіме құрата отырып, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу
тілін дамыта отырып, оқу іс-әрекетіне қызығушылық сезімдерін
ояту.
3. Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері
Билингвалды компонент: отбасы- семья- фамили, ата- дедушка-гренфазе,
әже- бабушка- гренмазе, ана- мама- мазе, әке- отец- фазе, аға- брат- брозе,
әпке-сестра- систе.
Сөздік жұмыс: отбасы
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Жылулық шеңбері
Бір шаңырақ астында
Тату- тәтті тұрамыз,
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
-Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады?
Жұмбақ жасыру:
Онсыз қызық жоқ маған,
Онсыз бақыт жоқ маған,
Ол әр баланың панасы,
Ол не екен балалар? қимылдар жасайды
адамдар тұрады
отбасы
Ұйымдастыру-
шылық-
ізденістік -Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Олай болса, бәріміз тақтаға назар аударайық. Отбасы туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Суретпен жұмыс.
Балаларды тақтаға шығарады, отбасы туралы әңгімелерін тыңдайды.
Ғажайып сәт.
Қонаққа әже келіп,балалардан өз әжелері туралы қысқаша сұрап, балалардың жауаптарын тыңдайды.
-Әже, балалар отбасы туралы тақпақтар, мәтелдер,жаңылтпаш-
тар да біледі.
Сергіту сәті.
1.Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
Шарты: балалар музыка әуенімен өз үйлерін табу керек.
2. «Кім жылдам?»
Шарты: балалар шашылып жатқан
пішіндерден үй құрастыру қажет.
Тілдік жаттығу:
Шым-шым-шым анашым,
Шім-шім-шім әкешім,
Шым-шым-шым аташым,
Ым-ым-ым әжетайым,
Билингвалды компонент:
Отбасы-семья- фамили,
Әке-отец- фазе, ана-мама- мазе, ата-дедушка- гренфазе,әже- бабушка-гренмазе, аға-брат- брозе, әпке-сестра-систе.
-Дұрыс, балалар!
-Бүгінгі оқу іс- әрекеті ұнады ма?
Тақтаға назар аударады
Балалар тақтаға шығып, отбасы туралы әңгімелейді, қысқаша сөйлем құрауға үйренеді.
Әже келгенге балалар қуанады, өз әжелері туралы айтады.
Балалар тақпақтарын,мәтел-
дерін, жаңылтпаштарын ай-
тады.
Музыка әуенімен қимылдар жасайды.
Ойынға қызығушылықпен қатысады
Үйді тез құрастыруға
талпынады.
Балалар қайталайды
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!»
Балалар қайталайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік -Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс
әрекетінің қай кезеңдері қызықты болды?
-Өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме?
-Аналарыңа көмектесесіңдер ме?
-Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен мадақтау.
-Оқу іс- әрекетін тамаша «анашым» әнімен аяқтап, қорытындылау.
Балалар өздеріне ұнаған кезеңдерді айтады.
-иә
-иә
Балалар қуанады
әнге қосылып айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз отбасы туралы әңгіме құрап айтуды,
Игереді: отбасы мүшелерін құрметтеуді,
Меңгереді: Отбасының тату- тәтті болуы керегін.