Саба? жоспары Адам тіршілігіне ?ажетті жа?дайды ?айдан алады?


Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігіне қажетті жағдайды қайдан алады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларды өздерін табиғаттың және қоғамның бір бөлігі екенін сезінуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: жер бетінде адамдар әртүрлі және оларға тіршілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер
Қолданылатын әдіс: түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығуы. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара, ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жақсы көремін».
Біз өзіміз туралы айтайық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы тіршілік атаулының ішіндегі саналысы адам.
Жаңа материалмен жұмыс.
Оқушыларға қойылатын тірек сұрақтаы арқылы әңгіме жүргізіледі.
Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар?
Адам қоршаған әлемге қалай қарайды?
Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре ала ма?
Әңгімеден соң оқушылар мұғалімнің басшылығымен «Адам табиғаттың бір бөлігі» деген түсініктерін қорытындылайды.
Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, өседі, ақыл ойы дамиды, ұрпақ қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам жануардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді).
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мұғалім оқиды, сонан соң оқушылар оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек?
Олар қандай қызмет атқарады?
Адам мен жануарды салыстыру. «Венн диаграммасын» толтыру.
«Венн диаграммасы»
айырмашылығы
адам жануар
айырмашылығы
ұқсастығы

Қорытынды жасау.
Адам ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәріне жауап береді.
«Білімпаздар үшін» рубрикасы.
Біз өзімізге қажеттінің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе, егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс жидек, дәнді дақыл, көкөністер азық. Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Қазақ халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мол.
Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады.
Өздік жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Адам ақылды болғандықтан, ол қоршаған әлемде өзін қалай ұстау қажет?
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.