«О?шы Ата мазаратында?ы тарихи т?л?алар» (?ылыми жоба)


Исаева Ұ,
№ 251 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы.
Оқшы Ата мазаратындағы тарихи тұлғалар
Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс,жайлы мекен болған. Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы,әр бұтасы,әр тасы,алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.Түбіміз ғұн,сақ,скиф,түрік,оғыз,қыпшақтар осы киелі жерде ғасырлар бойы тұрмыс кешіп,бүкіл әлемдік өркениетке елеулі ықпал жасап,өз үлесін қосты. Көне дәуірдің куәсі –Сырдың бойында халықтың алғаусыз алғысына ие болған,алқалы елдің ардақ тұтар адамына айналған,шапағаты мол талай әулиенің өткенін көпшілік жақсы біледі. Ежелгі бір кезеңде қалың қауым қадір тұтқан олар жайлы айтылар әңгімелер күні бүгінге дейін жетіп, қазіргі ұрпақтың санасында да жаңғырып жатыр.
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бері аты әлемге мәшһүр ірітұлғалар ғұмыр кешкен, атасаң санап тауыса алмаймыз.Солардың деніжете зерттелмеген, өмір дерегі тапшы, Шиелі өңіріндегі ел аузында «Жеті әулие қорымы» Сыр өңірі –сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап,Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіл әлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Ол-адам баласы ежелден-ақ мекен етіп егіншілікпен күн кешкен ежелгі қазақ жерінің шежірелі аймағы.

«Оқшы Ата» сонау оғыз заманының ескерткіші, батырдың басына қойылған киелі кесене болып табылады. Ол кісінің азан шақырып қойған аты халық арасында бірнеше болжам айтылады. Ол кісінің шын еімін біреу Көгентүп десе, екіншісі Ибраһим дейді.Тағы бір деректерде азан шақырып қойған аты-Ибраһим, лақап есімі Көгентүп делінсе халықтың қойған аты Оқшы болған деседі.
Оқшы атамыз жас кезінде жетімдіктің ащы дәмін татып,күндердің күнінде бір шал мен кемпірге өкіл бала болады. Кейбіреулер сияқты пендешілікке бой ұрмай,пәни дүниеде талайларға өнеге көрсетіп, Алланың жердегі тұрағы саналатын мешіт үйін салып,ағайын-туысты ислам дініне шақырған. Осындай күндердің бірінде ол асырап алған ата-анасынан Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Яссауиге сәлем беріп қайтуға сұранады.Сол заманда Ақмешіт ханы елдің арасынан салық жинаумен қатар,кезекпен әр жұрттан бір қыздан алып келуді талап еткен екен.Ата-анасы Оқшы атамызға осыны айтып:
Балам-ау,сен кеткенде қарындасыңды хан алып кетсе,біздің күніміз не болады?-дейді.Сонда еш абыржымай,сөз алған ол кісі:
Менің атымды үш мәрте айқайлап айтсаңыз болды,заматында осы жерге келемін,-дейді.
Айтқандай,ханға алым-салық жинап беретін межелі күн келіп жетеді.Нөкерлер Оқша ата тұратын қонысқа келеді.Оны асырап алған әкесі дәл осы кезде ол кісінің атын үш мәрте айқайлап айтады.Елдің үрейін алған нөкерлерімен жеткен хан аттың үстінен ауып,жерге құлап түседі.Әркім «ханның көзін мен құрттым»деп даурығып жатады.
-Халайық,бостан-босқа даурыға бермейік,ханды кімнің атқанын жүрегіне қадалған арпаның қылтығынан аңғаруға болады.Егер оның көзін мен құртқан болсам,оның жүрегінде арпаның қылтығы болуы тиіс,-дейді Оқшы ата.Расында да,дәл солай болып шыққан.Жергілікті жұрт Көгентүп есімді жігіттің тегін адам емес екенін ұғынып,оған құрмет көрсетеді.Сондай-ақ осы қорымда өзге де әулие кісілердің жамбасы жерге тиген.Олардың қатарында Есабыз әулие,Асан ата,Ғайып ата,Қыш ата,Бала би,Досбол би,секілді халықтың ықыласына бөленген адамдар бар.Қазақ ұлты Асан қайғы атап кеткен әйгілі дала данышпаны да осы мекенде өмірден өткен көрінеді.
Бұрын иен даланы емін-еркін жайлаған қазақтың басына талай зұлматты алып келіп, көндіруге тырысқан өктем саясат та ата-баба аманатына адалдық танытқан Алаш жұртының сағын сындыра алмады.Өткен ғасырдың 60-жылдарында кейбір зиялы азаматтардың бас болуымен әулиелерге кірпіштен кесене орнатылған екен.Оған дейін көбі қам кесектен салынғанға ұқсайды.Жергілікті жамағат қасиетті кісілерді ешқашан жадынан шығарған емес.Алғаш рет 1997 жылы олардың аруағына арналып ас берілсе,содан бері игілікті іс лайықты жалғасын тауы келеді.
Бұл жәдігерлердің ең әсем әрі көрнектісі-Асан-Ата мазары.Рас,кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар.Бірақ, оның мазары Сыр бойында дәлірек айтқанда осы Оқшы ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті-1994,№3,4,5б)жерленген,Асан ата кесенесі1992ж мемлекет қорғауына алынған.
«Дала данышпаны »ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп,құнды пікірлер жазған академик-жазушы М.Әуезов болды.«Бұл тарихта болған адам.Бірақ тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса,дәлді кім еді,қай ортадан шығып еді,қандалық еңбек,әрекет етіп,қандай өмір шегіп өтіп еді.Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ».Асан қайғының саяси іс әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә.Марғұлан болды.Ғалым,«Асан қайғы»деп аталуы-халықтың қамын ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы XV-XVI ғ.ғ өмір сүрген.
Асан қайғы –XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын,философ, аңыз кейіпкері,үнемі халық қамын ,елінің болашағын ойлап жүргендіктен,замандастары оны «қайғы»деген сөз қосып,Асан қайғы атап кеткен.

Асан ата кесенесі, «Жеті әулие»қорымында орналасқан. «Жеті әулие» қорымында Оқшы ата, Абыз ата, Қыш ата, Қайып ата кесенелерімен қатар орналасқан. Кесене күйдірілген тақта кірпіштен қаланған. Шаршы үлгіде, аумағы 11,5х7,30, биіктуған 7,60 м. Іргеліктен 3мжоғары кірпіштерді тігінен өріп,белдеу жасаған.Асан қайғының баласы Абатқа арналып салынған
«Абат байтақ»(Ақтөбе облысы,Қобда ауданы)пен Сыр бойындағы Алпамыс батырдың жары Гүлбаршынға арналған дейтін Көккесене ескерткішіне (аңыздың тағы бір нұсқасыбойынша Сырлытам да Гүлбаршынға арналған)өте ұқсас.Негізі бұлар екі түрлі сәулет үлгісімен бір заманда дүниеге келген болуы да мүмкін.

Ғайып(Қайып)ата
Мазараттағы ең көне кесене - Ғайып(Қайып) атанікі. Бұл кісі ІXғасырда, оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген,кесене де сол тұста салынған деген пікір айтылып жүр.Кесенеге қарағанда,ол көптің бірі болмаған.Өкінішке қарай, Қайып ата кесенесі нашар сақталған,тіпті сақталмаған деуге болады. Құрылыс түгелге жуық бұзылған,тек батыс жақ бетіндегі жартылай қалыпты. Кесененің дуалдары ішіне қарай құлаған,бейне шежіремізді басып қалғандай.
1997 жылы мазараттағы әулиелерге арнап ас беруге дайындық кезінде ғасырлар бойы үйілген қалың топырақ төбе тазартылды.Сол кезде бұл жерге бірнеше кісінің жерленгені белгілі болды.Кесененің ерекшелігі – ол күмбезді мазар емес,қызыл кіәрпіштен соғылған дуал болып шықты.Мазардың қабырғалары,қыштарының көлемі,қалануы,өрнектері Жамбыл облысындағы Айша бибі кесенесіне ұқсас.
Мазарат басындағы имам мен шырақшылар ескерткіштің қабырғасын жаңа кірпіштен қалатып,қайта көтерді.Ол кісінің әулие екен деген аңыздан басқа дерек жоқ.Дегенмен,зираттың өте ескілігі бұл қорымның мың жылдық тарихы бар деген жорамалды айғақтай түседі.
Қыш ата
Әулиеге баланған тағы бір кісі- Қыш ата,өкінішке орай ,оның да өмір сүрген кезеңі бізге белгісіз.Асқан ісмерлігіне байланысты Қыш ата аталып,өз есімі ұмытылса керек.Ел аузындағы аңыз атаның күйдірме кірпіштер Сайрам, Иассы, Сауран, Фараб, Исфиджаб, Құмкент, Сүткент, Сығанақ, Өзгент, Жент, Баршыкент, Бестам секілді осы атыраптағы шаһарларға тасылып тұрған дейді.Соған қарағанда, моңғол шапқыншылығына дейін,тіпті оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген деп пайымдауға болады.Бұл кісінің кесенесінде күмбез жоқ,бірақ түп қатарлары жақсы сақталған.Баба бейіті 1997 жылы тамыз айында ас беру қарсаңында жөнге келтірілді.
Кітап ата
Ел Кітап ата деп атайтын әулие сынды кісінің шын аты- жөні беймәлім.XI-ғасырдан бергі кезеңде ислам діні Сыр бойына тараған кезде өмір сүрген деп шамалаймыз.Өйткені кітап- араб сөзі,есімі-арабша.Атамыз құран кітабын ақтарған дін уағызшысы болуы да мүмкін.Әлде өз дәуірінің жағдаяттарын қағаздың бетіне түсірген шежіреші шығар.Қалай десек те,лге тиек етер дерек жоқ.Бірақ басына кесене тұрғызылғанына қарағанда,өз дәуірінің қадірменді адамы болған.Мазары өте ескі.
Қабыл ата
Қабыл ата от ауызды,орақ тілді шешен,аузының дуасы бар батагөй,айтқаны мүлт кетпейтін кісі болса керек.Берген баталары әрдайым қабыл болып тұрғандықтан,осы жанама атқа ие болды ма,әлде бұл өзінің шын есіиі ме,белгісіз.Қабыл атаны да.XI-ғасырдан бергі кезеңде,ислам діні Сыр еліне сіңген кезде өмір сүрген деп жорамалдаймыз.Өйткені қабыл-араб сөзі есім арабша жазылған.Кесенесінің сырқы пішініне қарап,оны өте ескі зират деп пайымдауға болады.
Есабыз әулие
Есабыздың киелі,халыққа танымал болғандығының бір белгісі-басына тұрғызылған еңселі кесене.Мазаратта Асан ата,Оқшы ата кесенелерінен кейінгі елеулі ескерткіш-Есабыздың басында.Есабыз әулиенің заманы қай тұс екені жөнінде нақты дерек жоқтың қасы.Есабыз туралы бір-біріне қарама-қайшы екі пікір бар.Соның біріншісі-әулиені Оқшының заманында, XI-ғасырда тіршілік еткен,жасы одан кіші болған деседі.Бірақ ол туралы ел аузындағы әңгімелерден басқа әулиелерге
қарағанда осы күнге егжей-тегжейлі жетуі және оның түп-тұқиянына дейін белгілі болуы оның тым бергі уақытта өмір сүргенін аңғартады.Шежіре тартар болсақ,Есабыз әулие қара қыпшақтың торы,одан әлпейіс,одан түйшіке,одан қойбар,одан көзей,одан абыз аталығына жатады.Есабыз әулиенің XVII ғасырдың басында өмір сүргені туралы мәліметі шындыққа жақын.Ел аузындағы әңгімелер атамыздың қалың елдің қамын жеген,қара халықтың қамқоршысы болған,көріпкел,құдірет иесі болғанын баяндайды.

Бала би бейіті
Бала би шешен (шын аты Бименбет) Есенәліұлы 1811 – 1875 жылдар шамасында дүниеге келіп өмір сүрген.
Бала би әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі, бұлтың қыпшаққа аға болған Арғынбайдың атын ерттеп, қасына еріп жүреді. Сөйтіп жүріп, Арғынбай бидің тәлімін алады. Жасынан ел мен жер дауына ерте араласып, Бала би атанады.
Ақиық ақын мен ел билігіне араласқан би – шешендердің түпкі ойы бір арнада тоғысады. Ол – соңына ерген елінің тыныштығы. Ендеше, Бала би шешеннің әлі күнге дейін мән – мағынасын жоймай келе жатқан нұсқалы сөздерінің туындауына да осындай оқиғалар себеп болған сияқты. Бұл арада Бала би мен Досбол датқаның Қоқан хандығы мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылығы олардың өнегелі өмірінен өшпестей болып қалған өлмес туындылардан айқын аңғарылады.
Сыр елін билеген Қоқан ханы қыпшақтарға датқа қою үшін көзей Тұрғанбай мен бұлтың Арғынбай биді шақыртыпты деседі. Елден алым – салық жинайтын датқалықтан бас тартқан Тұрғанбай мен Арғынбай жастарының ұлғайып қалғанын айтып орындарына Бала би Мен Досболды ұсынады. Сөйтіп, көзей қыпшаққа Досбол Қорлыбай баласы, бұлтың қыпшаққа Бала би Есенәлі баласы датқа болады.
Данышпанның сөздері,
Қараулы қар жолмен тең.
Надандардың сөздері,
Асуы жоқ ормен тең, - деп дана билігімен, шежірелі шешендігімен халық санасына берік орнығып, ұстамды да ұтымды сөздің ұлығы атанған Бименбет Бала би шешеннің арғы атасы – бұлтың қыпшақ. Өсіп – өнген ұрпақтары Сыр бойында, нақтылап айтар болсақ, бұрынғы «Ащықұдық» (қазіргі «Бала би») ауылы мен Бәйгеқұм стансасы төңірегінде тұрады.
Сыр өңірі қашаннан-ақ –жыраулар мен шайырлардан,данышпан би-шешендерден қалған асыл-мұраларды көздің қарашығындай сақтап,оны атадан балаға жалғастырып отырған.Сондай шешен бидің бірі-Бала би.
Шешен ойға жүйрік,тілге шебер, тапқыр, маңызды мәселелер шешуге адамгершілігімен көптің көкейінен шығып отырған.Шешендік сөздерінің әсерлі де ұлағатты, ұтымдылығы мен тапқырлығы тыңдаушыларын таңқалдырған.Осындай үлгілі істерімен би Сыр елінің құрмет-мақтанышына бөленген.
Бала би Түркістан мен Сыр бойындағы қазақ руларын билеп-төстеген Қоқан хандығына, одан кейін ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Досбол бимен бір ниетте, бір тілекте болады.
Өз есімі Бименбет еді.Ол бала кезінде әділ билік айтып,ел құрметіне бөленген соң халық аузында «Бала би» атанып кеткен.
Бала би мен Досбол шешен аттары қатар шығып,тіршілігінде бірге жүрген кісілер.Өмірден озғаннан кейін де кесенелері бір қорымда яғни,«Оқшы ата»қорымында бой түзеді. Бала би Досболға:«Сенің тілің артық,менің бағым артық»,-дейді екен.
Кесене алты қырлы етіп күйген кірпіштен өрілген,биіктігі 6 метр.

Досбол датқа Қорлыбайұлы
Досбол датқа Қорлыбайұлы Жөлек өңірінде 1800 жыл дүниеге келген, арғы атасы көзей қыпшақ.
Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып қиып айтатын беделді би, буынсыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқпас, шипа сөзді шешен.
Жасы 30 – дан аса бергенде Қоқан ханының пәрменімен өз руына датқа болып тағайындалған Досбол шешен олардың қоқан – лоққысынан қорқып – үрікпей, өз аймағын, ағайындарын қорғай білген. Оның кім болғандығын:
Жас кезімде датқа болдым,
Жалпақ жатқан қазақ пен сартқа болдым .
Қызметім жаққан соң,
Қалың ел үшін атқа қондым, - деген сөздерінен айқын аңғаруға болады. Досбол датқаның елі үшін ерінбей еңбек еткеніне:
Рас, мен қара ағаштай қатушы едім. Сендей талай билердің есінен қалмастай етіп, шымбайына батушы едім. Қарайғанды ескермей, қақиғанды хан көрмей, елдің шетінде жаудың бетінде жатушы едім, - деген шыншыл сөздері куә.
Есімі елге әйгілі, күллі қазаққа танымал. «Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ», - деп қара қылды қақ жара білген әділ би Досбол датқа 1890 жылдары 90 жастан асып барып дүние салды. Бейіті «Оқшы ата» әулиелер мазаратында.
Досбол датқаның есімі тек Сыр өңіріне ғана емес, күллі қазаққа танымал. Бірақ 1993 жылы шыққан «Қазақтың би - шешендері» деген (авт. Н. Төреқұлов, М. Қазбеков) кітапта: «Досбол Қорлыбайұлының ғұмырнамасы әлі анықтала қоймаған. Қай жылы туылғаны, қай елден шыққан шешен екені де белгісіз» деп жазады. Бұл авторлар тарапынан жіберілген үлкен қателік. Себебі, біз жоғарыда атап өткендей, Досбол датқа тарихи үлкен орны бар айтулы адам, сөзге жүйрік шешен, ел бастаған көсем. Оның немере, шөберелері қазір Шиелі ауданында тұрады.
Қорытынды
«Оқшы ата» әулиелер мазараты-бір қарағанда шағын мекен болғанымен,бүкіл қазақ жеріндегі,Орта Азия аумағындағы аса қасиеттіорындардың бірінен саналады. Оқшы ата бабамыз халық қамы,халық болашағы үшін арпалысып өткен тарихи тұлға.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Сыр өңірі тарихы» Алматы:Атамұра, 1998ж,191-бет
2.З.Жайлыбаев. «Өскен өңір» газеті Шиелі,2001ж,№24
3.Қазақстан әйелдері.«Оқшы ата мазараты» 2005ж №3
4.Маржаны Сырдың Шиелі «Бәріңе куә ғасырым,мәдени мұра-асылым»,
«Жебе»баспа үйі 2009ж