Технология саба?ында жобалау ?дісін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту


Технология сабағында жобалау әдiсiн қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Кiрiспе
Оқушы алған теориялық бiлiмiн iс жүзiнде қолдана отырып, оны өмiрiмен, өзiнiң iс-әрекетiмен байланыстыра бiлгенде ғана, өзiне де пайдасын тигiзе алады...
Шығармашылық – бұл адамның өмiр шындығында өзiн-өзi тануға ұмтылуы, iзденуi. Өмiрде дұрыс жол табу үшiн адам дұрыс ой түйiп, өздiгiнен сапалы, дәлелдi шешiмдер қабылдай бiлуге үйренуi керек. Адам бойындағы қабiлеттерiн дамытып, олардың өшуiне жол бермеуге, оның рухани күшiн нығайтып, өмiрден өз орнын табуға көмектеседi. Өйткенi, адам туынды ғана емес жаратушы да.
Iс тәжiрибе көрсеткенiндей технология сабағында оқушылардың шығармашылық, зерттеушiлiк қабiлетiн дамыту мақсатында жүргiзiлген жұмыстар оқушыларды заман талабына сай еңбекке баулу, бiлiм беру, алған теориялық бiлiмдерiн практикада ұштастыра отырып, iс - жүзiнде орындап шығумен бiрге оқушының ой - өрiсiн дамытып, бiлiмдi тереңiрек меңгеруге жәрдемдеседi. Оқушының алған бiлiмдерi алдағы өмiрлерiне жол ашып, олардың қабiлеттерiмен ұштастырып, өз қолдарымен кез - келген нәрсенi жасай бiлудi үйрену, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша, тiптi қажетсiз деген заттың өзiн пайдалы нәрсеге, әдемi сыйлыққа айналдыра бiледi. Адам баласы еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылады. Сапалы бiлiм берумен қатар еңбекке баулу, үйрену аса қажет. Оқушылардың өнерлi болуы қоғамдық өмiрге үлкен әсерiн тигiзедi. Сондықтан әр сабақта мәселен, бисермен тоқу аппликация өнерi панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс iстеу, квиллинг (қағаз пластикасы), тоқыма тоқу, iс тiгу және т.б. оқушыларды қызықтырады және оның жасалу жолдарын үйренуде жаңа технологияны пайдаланып, әр түрлi әдiс - тәсiлдер арқылы өнер мен бiлiм беру iсiн бiр-бiрiмен ұштастыра жүргiзедi. Оқушылар меңгерген iс- тәжiрибелiк әрекеттер жүйесiн көрсете бiлумен қатар эстетикалық талғамға, еңбек сүйгiштiкке ие болады. Нәтижесiнде мақсат қоюшылыққа және шығармашылыққа тартыла отырып жобаны тани бiлуге, он саусағынан өнерi тамған шәкiрттердiң шеберлiгiн, бiлiм мен еңбегiн, iскерлiк, икемдiлiк қабiлеттерiнiң артқанын, тәрбиелiк дағдысының калыптасып, еңбектену жұмысына төзiмдiлiгiн көремiз.
Аннотация
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесi сапамен өлшенедi. Жаңа заман мұғалiмi «дайын» бiлiм көзi ғана болмай, оқушылардың танымдық iс - әрекетiнiң ұйымдастырушысы және үйлестiрушi бола бiлуi, бiлiмнiң құндылық ретiндегi сипатына терең мән беруi, нәтижеге бағытталған бiлiм беруде жаңа жолдар мен әдiстер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Мұғалiм дамыта оқыта отырып, әр түрлi әдіс тәсiлдердi қолдану арқылы баланы шығармашылық бағытта тәрбиелей отырып, жан - жақты жұмыс жүргiзу керек. Бiздiң бүгiнгi ұсынылып отырған жұмыстарымыз осы мақсатты көздейдi. Өзiмiздiң бiр жылғы iс тәжiрибемiздi сiздермен бөлiскелi отырмыз. Оқушылардың технология сабағында өз қолдарымен жасаған бұйымдарын аз да болса, нұсқа деп жариялап отырмыз.
Технология сабағы тұнып тұрған өнер. Осы өнердi оқушы бойына кiшкентай сыныптардан бастап дарытуымыз керек, яғни оқушы бойындағы шығармашылықты дамыту - үздiксiз құлшыныс, ол ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуi қажет... «Шығармашылық қан түйiршiктерiн жiпке тiзгендей еңбек етудi қажет етедi, осыны балаға ерте бастан ұқтыру керек». Сонда ғана оқушы бойында бiлiм нұры тасып, оқушы дүние танымы одан әрi арта түсерi анық.
Аталмыш жұмыстың мақсаты: Заманауи сабақты оқыта отырып, ғылыми танымның нәтижелерiн ғана емес, сол нәтижелердi алу үрдiсiн меңгерту, оған оқушының интеллектуалдық, уәждiк, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабiлеттерiнiң дамуымен бiрге проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын бере отырып, баланың жалпы дамуына көңiл бөлу.
Мiндеттерi: бiлiм алушыларды өмiрдiң үнемi өзгерiп отыратын жағдайына дайындау;. бiлiм алушының жаңа ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру; ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзiнiң өмiрi мен дамуын қамтамасыз ету мүддесiмен қалыптастыру және пайдалану; интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттi барынша дамыту.
Жобаның жаңашылдығы: XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негiзгi проблемаларының бiрi «Бiлiм бүкiл өмiр бойына» қағидасын жүзеге асыратын бiлiм жүйесiнiң ұйымдық құрылымдарына iздеу болып табылады.
Дьюидiң айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңiл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, сыни тұрғыдан ойлауға итермелейдi, яғни «нақты бiр мәселенi қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзiндiк iздеу арқылы оқушы шын мәнiнде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
Жобаның өзектiлiгi: өзiнiң және қоғамның мүддесiне өзiн – өзi белсендi етуге дайын, бәсекеге қабiлеттi, шығармашылық таныммен тiкелей қарым – қатынас жасай алатын шығармашыл тұлға қалыптастырып, практика жүзiнде iске асыру.
Жобаның тиiмдiлiгi: көзбен көрiп, құлақпен естiп, есте сақтай отырып оқушыны iзденiске, iскерлiк пен танымдық қызығушылыққа, шығармашылық қабiлеттi жетiлдiру арқылы түрлi мәселелердi шеше бiлуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми iзденiске жетелейдi.
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалiмнiң көмегiмен орындайтын өзiндiк жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәнi бойынша жүргiзiлген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнiнде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезiнен бастап еңбек етуiнiң қажеттiлiгiн, маңыздылығын сiңiру, пайдалы iс жасауға, қандай iс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Жобаның негiзгi бөлiктерi:
1. Мiндеттiң қысқаша анықтамасы:
а) берiлген бұйым кiмге арналған;
б) арналған бұйымның қажеттiлiгi.
2. Бұйымды дайындауға кiрiспес бұрын:
- ненi мiндеттi түрде жобалау керек.
3. Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, мiндеттерi оның басты бағытымен анықталады.
4. Бұйымды байқау және бағалау.
Жобаның орындалу бiрiздiлiгi:
1. Iздену кезеңi;
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру;
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау;
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалiмдермен бiрге талқылау;
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекiту. Сызбаны және технологиялық картаны дайындау.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркiн айтатын болғандықтан, оларда түрлi пiкiрлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкiн қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенiмдiлiкке бастау мұғалiмнiң басты мiндетi.
Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы бiлейiн деген адам әуелi балаға үйрететiн нәрселерiн өзi де жақсы бiлуi керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткiзiп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту үшiн ең алдымен мұғалiм өзi шебер болу керек. Жан - жақты дамыған, әрқашан iзденiсте болған мұғалiм ғана қазiргi талапқа сай болатыны анық.

Технология сабағы – әрбiр оқушының рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын бiрден - бiр пән. Технология пәнiнiң мұғалiмi өзiнiң лауазымдық мiндеттерiне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудiң әдiстемесi мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелi жүргiзуi тиiс.
Технология пәнiн халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебi ол - бiлiм алушылардың еңбекке икемдiлiгi мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйiрме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнердi жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады.
Технология пәнi мұғалiмiнiң кәсiптiк бағдарлау жұмыстарын үнемi тиiмдiлiкпен жүргiзiп отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс
жүргiзуде танымдық әрекеттiң репродуктивтi, продуктивтi түрлерiн қолданудың маңызы зор. Репродуктивтi - шығарамшылықты қажет етпейтiн, берiлген нұсқау бойынша орындалатын iс - әрекет. Продуктивтi - шығармашылық iзденiстер нәтижесiнде iске асатын iс - әрекет екенiн бiлемiз. Оқушылармен шығармашылық жобамен жұмыс жүргiзгенде, осы танымдық әрекеттердiң бәрi қолданылады. Продуктивтi танымдық әрекет нәтижесiнен игерген бiлiмдерiнiң конструктивтi және шығармашылық деңгейлерiн байқаймыз. Конструктивтi игеру деңгейi - стандарттан өзге, тыс алған, көрген, бiлген бiлiмдерiн пайдалану. Ал , шығармашылық игеру деңгейi - өз бетiмен мақсатты түрде iзденiп, зерттеп, қортындыланады. Жоба мен жаттығудың өзара айырмашылықтары бар. Жаттығуда оқушылар белгiлi практикалық бiлiктiлiктердi меңгередi. Жобалау барысында белсендi оқыту әдiстерiн пайдаланып оқушыларға жаттығулар орындату барысында бiлiктiлiктер мен дағдыларға қалыптасты. Сұранысты қанағаттандыру үшiн оқушылардың ойына келетiн дайындалатын бұйым туралы алғашқы идеялары талқыланады. Мысалы: қағаздан бұйымдар жасағанда,оқушылар, дизайн, әдемiлiк пен түс үйлесiмдiлiктерiне де мән берiлiп, эстетикалық талғамдары қалыптасады.

Заманауи сабақты өткiзгенде мұғалiм ненi жетекшiлiкке алуы қажет?
- Әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенiн жетекшiлiкке алу;
- Бiлiм беру үрдiсi (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн барынша жүзеге асыруға көмектесетiндей етiп жобалау;
- Бiлiм алушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн барынша жүзеге асыруға көмектесетiн оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiк бiлу;
- Әр оқушының өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық мүмкiндiктерiн анықтай алатынына сену;
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн дамыту үшiн сабақта оқытудың фронталды әдiсiн және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкiндiгiнше пайдалану;
- Сабақта әр оқушының қызметiн бағалауға үлгеру;
- Сабақта оқушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн жүзеге асыруға кедергi жасауға ешкiмнiң құқығы жоқ екенiн естен шығармау.

Заманауи сабақ мұғалiмнен ненi талап етедi?
- шығармашылық iзденiстi;
- мамандықты бiлумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық бiлiмiн,
- тиiстi оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелiгiне бейiмдеуiн;
- сыныптағы әр баланың мүмкiндiктерi шегiнде белсендi әрекет ететiнiне жағдай жасауын;
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемi жаңартылуын;
- қажеттi ақпаратты iрiктей алуын;
- сабақ барысында мұғалiмнiң жұмысқа жағымды эмоционалды көңiлiнiң болуын;
- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметiн ұйымдастыру түрiн хабарлауын;
- үнемi iзденiс үстiнде болуды;
- әр тақырыптың мағынасын аша алуды;
- сабақтың мақсатын ашуда түрлi iзденiс тапсырмаларының жүйелiлiгiн;
- оқушылардың осы сабақта меңгеретiн және болашақта нақты құрамды құзыреттiлiктi меңгеруi үшiн қажеттi операцияны таңдай алуын.

Шығармашылық жобаны iске асыру барысында қол жеткен жетiстiктер:
- Оқушылар бұйым жасауда және пайдалануда әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық әсерiн қарастыра отырып нақтылап талдап алуы, ұсынған идеяны өз бетiнше iзденуi, практикада жүзеге асыруы;
- Бұйым дайындаудың тұтас әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдалану, бұйымның сапалық критерийлерiн талдау, практикалық жүзеге асыру процесiнде келесiлердi қамтитын күрделi қызмет түрi: адамдардың сұранысына жауап беретiн бұйымды талдау мен жасаудың мақсатын анықтай бiуi. Сұраныста бар ма зерттеу. Бұйымдарды өндiрiп, сату да – үлкен өнер. Табыс табудың екi жолы бар: бiрiншiсi – жұмыс iстеп, ақша табу, екiншiсi қолда бар байлықты, өнiмдi пайдаланып табыс табу. Сөйтiп,оқушылар өз бұйымдарын тез өткiзудiң әдiсi жарнама екенiн де бiледi. Мысалы: Қағаздан жасалатын бұйымдар немесе сыйлықтар т.б
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтiк шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуi;
- Ата - аналардың өз балаларының iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы;
- Баланы шығармашылық жұмыс iстеуге дағдыландыруға бағытталған әр iс-шараның тәрбиелiк мақсаттарға жетуi;
- Ұйымдастырылған iс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.
Оқушыны iскерлiкке, ұқыптылыққа, әдемiлiктi сезiп қабылдауға үйретiп, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша жасап, еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылатын еңбектiң бiр түрi - оригами өнерi. Оригами өнерiнiң балалардың дамуына тигiзетiн әсерi зор (жүйке жүйесi, қан айналу жүйесi, тыныс алу жүйесi, ас қортыу жүйесi, зәр шығару жүйесi т.б)
Төменде оқушылардың мұғалiм мен ата – аналарымен бiрiгiп жасаған әр түрлi техникадағы шығармашылықтары берiлген.
Оригами. Оригамидiң Отаны - Жапония. Оригами - қағазды белгiленген тәртiптерi бойынша - желiм мен қайшысыз қағаздан бүктеу арқылы әр түрлi модельдер жасау өнерi.
332982439219900
1616316296400
33185101847850034969453402330001714518986500
952512509500
Iзденiс – шығармашылықтың бастауы демекшi жобалау технологиясының негiзiнде оқушылардың жұппен бiрiгiп немесе әр оқушы өзi дайындайтын шығармашылық жұмыстары жатыр:


-25527019812000
Кестелеу. Кесте өнерi- сәндiк қолданбалы өнердiң кең тараған түрi, көп ғасырлық тарихы бар. Қазiргi уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңiнде) заманында кесте өнерi ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететiн шығармашыл iс. Онда өрнек немесе кескiн қолмен ( инемен, бiзбен және де iс машинасымен де ) әртүрлi маталарға алуан түстi жүн, жiбек жiптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленедi. Кестенi киiмдi, тұрмыстық заттарды кестелеу үшiн және сәндiк панно ретiнде қолданады. Шығармашылық көркемдiк ерекшелiгi, пiшiнi мен ою- өрнектiң үйлесуi.

9251953492500
3358515-5149850092710-71564500
Панно. Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй iшiн көркемдеу ұшiнжасалған өнер туындысы. Панно түрлерiн жасанды, табиғи, матадан, қағаздан жасайды.
Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар немесе Осибана (прессованная флористика.) Табиғат - адам өмiрiндегi ең керектi қазына көзi. Адам жаратылысынан берi табиғатта кездесетiн нәрселердiң-ағаш, тас, құм, шөптер, бәрiн өз керегiне жарата бiлген. Табиғат берген қазынаға ұқыпты қарап, үнемдi пайдалана бiлсек, сонда ғана табиғаттың бiзге берерi көп. Табиғи материалдармен жұмыс бiлiмгерлердiң ой-өрiсiн дамытуға, әсемдiкке және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерiн тигiзедi.





Бисер. Бисер тоқу өнерi ертеде кеңiнен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бiр түрi. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделi түрлi-түстi жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, бiлезiк, белдiк, сөмкелердi де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрi жаңа өрлеу үстiнде, дамудың сатысында. Бисер тоқу өнерi өте нәзiктiктi, әдемiлiктi, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлiктi талап етедi.

Балапан (бисер) Менiң мысығым (бисер)

Көгершiн (бисер) Айдында жүзген аққулар(фетр, бисер)
Оқушылар алған бiлiмдерi мен оны iс жүзiнде iске асыру арқылы өз еңбегiнiң жемiсiн көредi, кәсiпкерлiкке бейiмделедi. Қазiргi заман талабына сай басқару, бiлу, ұйымдастыру, iске асыру жұмыстарына бейiмделудiң негiзi қаланады. оқушыны iскерлiкке, ұқыптылыққа, әдемiлiктi сезiнiп, қабылдауға үйрете отырып, креативтi, белсендi, жауапкершiлiгi мол, ой – өрiсi кең, сауатты, танымы мол тұлға аламыз. Бiздiң негiзгi ұстанымыз: «Сөзден - iске көшу».
287464523368000Бiздiң технология кабинетiмiз



Жетiстiктерiмiз…
33115256711950015240062992000Төменде «Квиллинг» номинациясының жүлдегерi 5 ә сынып оқушысы Мейрамова Г шығармашылығынан..
29159201298800-283845-40894000«Бисер» номинациясының жүлдегерi 8 б сынып оқушысы Айтжанова А шығармашылығынан...

287020044196000
«Жаңа жылдық гирляндалар» номинациясының жеңiмпазы 7 б сынып оқушысы Тұрлыбекова А шығармашылығынан...


Таяуда, яғни 2016 – 2017 оқу жылының 30.01 - 10.02 болған «Зеленая планета» атты халықаралық форумға 2 оқушы қатыстырылды. Олар қалдық материалдардан қызыл кiтапқа енген қара аққу мен аист жасап, белсендiлiк танытқаны үшiн алғыс хатпен марапатталды.
Төменде қалай жасалынғаны көрсетiлген.



Сабақты жоспарға негiздеп, жаңашыл әдiстерiмен жүргiзу тиiмдi, яғни сабақты бiр тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдiстер пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсiлмен өткiзе алсақ, болашақ ұрпақтың бiлiмдi болатынына сенемiз. Технология пәнi сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершiлiкке тәрбиелеу жұмыстары жүргiзiледi. Бүгiнгi күннiң сұранысына сәйкес бiлiмдi, кез келген әлеуметтiк ортаға қалыптаса алатын, өзiндiк жетiле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.
Сiздерге “Қағаздан жасалатын бұйымдарды модельдеудiң экономикалық тиiмдiлiгi” тақырыбында шығармашылық жоба ұсынып отырмыз.
“Қағаздан жасалатын бұйымдарды модельдеудiң экономикалық тиiмдiлiгi” тақырыбында шығармашылық жоба
Аннотация
«Сан Цу есептей бiлгеннiң есесi кетпейдi, есептей бiлмеген қыр басына жетпейдi» - деген екен. Осы заманғы бiлiм беру жүйесiнiң мақсаты мен әлеуметтiк экономикалық жағдайларда, өз бетiнше белсендi әрекет етуге жан - жақты жетiлген тұлғаны дайындау болғандықтан, өскелең ұрпақты заманына сай бiлiм құралдарымен жан - жақты қамтамасыз етiп отыруымыз қажет. Сондықтан қазiргi нарықтық, ақпараттық технологиялар мен көп тiлдi меңгеру заман болғандықтан, тек өз ұлтыңның мәдениетi мен салт-дәстүрi, өнерiмен шектелiп қалмай, өз елiңнiң мәдениетiн, өнерiн дамыта, дәрiптей жүрiп басқа халықтардың да өнерлерiнен хабардар болып, жақсы жақтарын үйренгенiмiз жөн. Ұсынылып отырған «қағаздан бұйымдар жасау технологиясы», яғни, «оригами»,оның iшiнде оригамидiң жаңа бетбұрысы « модульдiк оригами», «квиллинг» оның тарихы мен жасалу жолдары берiлген.
Тиiмдiлiгi: Оригамимен жұмыс iстеу экономикалық тұрғыдан тиiмдi ғана емес, экологиялық жақтан да, санитарлық - гигиеналық тұрғысынан да денсаулыққа пайдалы. Әрi көп уақытты, шығынды қажет етпейтiндiктен онымен жұмыс iстеу өте тиiмдi. Кез келген жерде (мектепте, үйде, үйiрмелерде, демалу кезiндеде, бизнес саласында да) шұғылдана беруге де болады. Өмiрге қауiп тудыратындай өткiр, қауiптi құралдар пайдаланылмайды. Қағаздыда қолмен ұқыптап бүктеп, ұқыптылықпен кеседi. Оригамимен шұғылдану жас талғамайды. Төменгi сыныптан бастап, жоғарғы сынып оқушылары да, жекелей де, топтаса да, ата - аналарымен бiрге де құрастырып, жинай бередi. Модульдiк оригамимен жұмыс iстеу ой - өрiстi, ынтаны, зейiндi қалыптастырып қана қоймайды шеберлiктерiн шыңдап, шығармашылық iзденiстерiне жол ашып, эстетикалық мәдениеттерiн қалыптастырады. Жалпы халықтың қол өнерi - үлкен әңгiменiң терең зерттеудiң тақырыбы. Соның iшiнде «Қағаздан жасалатын бұйымдарды модельдеудiң экономикалық тиiмдiлiгi» - халық өнерiнiң үлкен саласының бiрi. Бұрын технология пәнiнде бұйымдардың жасалу жолдарын, теория жүзiнде түсiндiрiп, тәжiрибелiк әдiсте үйрететiнбiз. Бiз оқыту барысында қәзiрге дейiн, оқушыларға материалдық байлықты тұтынушы ретiнде ғана бiлiм бердiк. Экономикалық бiлiм беруге назар аудармайтынбыз. Оқушы өзi жасап жатқан бұйымдардың өмiрге қажеттiлiгiне, жасауға кеткен материал шығынына, оны жасайтын еңбек құралдарының құнына мән бермейтiн. Қазiргi өмiр талабына сай, жас ұрпаққа экономикалық бiлiм беру үшiн, «Экономика негiздерi» бөлiмiмен тығыз байланыста болуымыз керек. Бұл өмiр - талабы, заман ағысы. Мысалы: Тауыс құсы (павлин) – үшiн кеткен қағаз шығыны.
Мақсаты: оригами өнерiнiң тарихы мен денсаулыққа маңыздылығын ұғыну; - бiлiм мен iскерлiктерiн жетiлдiру; - оқушыларды еңбек етуге, мамандық таңдауға үйрету; экономикалық бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн қалыптастыру; нарықтық заман талабына сай жобалау мен жоспарлай бiлудi үйрету; жаңа технологияны қысқа мерзiмде, тез, игеру; ұқыптылыққа, үнемшiлдiкке, қабiлеттерiн жетiлдiре түсуге үйрету; бiрнеше мамандықты игеруге, жылдам шешiм қабылдай бiлуге үйрету - танымдық және шығармашылық iс - әрекетiн дамыту;
Мiндеттерi: оқушылардың танымдық және шығармашылық iс-әрекеттерiн дамыту; бiлiмi мен iскерлiктерiн жетiлдiру; жұмыс барысында еңбектi ғылыми ұйымдастыру элементерiн енгiзу; еңбек қәуiпсiздiгi мен тазалық сақтау ережелерi; дайындаған бұйымдары мен тапқан қаражаттарын есепке алу;
Жаңашылдығы: экономикалық тұрғыдан өте тиiмдi; отбасына (үйде отырған аналарына) үйрене, отырып үйрету, қолғабыс болу. өз қолдарында бар нәрсенi көбейте бiлу, табысқа кенелу. Нәтижеге бағытталған бiлiм: 1. Жеке тұлғаның өз мүмкiндiгiн ашу. 2. Қызығушылықты (мотивация) күшейту. 3. Экономикалық ой - өрiсiн қалыптастыру. 4. Шығармашылықпен жұмыс iстейтiн тұлғаны қалыптастыру. 5. Бағдарлы оқыту. 6. Кәсiптiк бағдар. 7. Дифференциалды оқыту. 8. Технологизация. 9. Информатизация
Пәнаралық байланыс: 1.History - тарих 2. Geography - география 3. Biology - биологи
Зерттеу базасы: Оқушылар бұйым жасауда және пайдалануда әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық әсерiн қарастыра отырып нақтылап талдап алды. Ұсынған идеяны өз бетiнше iзденiстерiн, практикада жүзеге асырды. Бұйым дайындаудың тұтас әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдаланды.Процесi жаңа инновациялық өнiмде ұсынылған идеяны талдау және дайындау, игеру, практикалық жүзеге асыру процесiнде келесiлердi қамтитын күрделi қызмет түрi: адамдардың сұранысына жауап беретiн бұйымды талдау мен жасаудың мақсатын анықтай бiлдi. Сұраныста бар ма, ие бола алама, зерттедi. Бұйымның сапалық критерийлерiн талдады. Бұйымдарды жасау нақты жағдайда сынақтан өткiзiлдi, талаптарға сәйкестiктерi, дайын бұйым бағаланып, өзiне тиiстi қорытындыланды. Пайда - дегенiмiз сатудан түскен табыс пен өнiрiске шыққан шығынның арасындағы айырмашылық: Рr =TR-TC, мұндағы Рr ( profit- пайда ) ,TR ( total revenue- сатудан түскен табыс ) , TC (total costs-жалпы шығын). Мұнда еңбек уақыты есептелген жоқ.. Себебi, әр баланың бүктеу, жинау жылдамдығы әр түрлi. Қағаздан жасалатын бұйымдар немесе сувинерлер жасау, дәстүрлi экономикаға жатса да, экономиканың қазiргi жүйесi - нарықтық экономиканың негiзгi жалғасы болады. Бұйымдарды өндiрiп, сату да – үлкен өнер. Табыс табудың екi жолы бар: бiрiншiсi – жұмыс iстеп, ақша табу, екiншiсi қолда бар байлықты, өнiмдi пайдаланып табыс табу. Сөйтiп,оқушылар өз бұйымдарын тез өткiзудiң әдiсi жарнама екенiн де бiледi. Жарнамалаудың да әдiс – тәсiлдерi үйретiледi. Мысалы: Қағаздан жасалатын бұйымдар немесе сувенирлер не үшiн қажет? - балаларға қағаз заттары, экологиялық тұрғыдан таза, сәндi, - үй жиһаздардың түсiне қарай, түстердi таңдап,қоятын жердiң ретiне қарай бұйымдар жасауға болады, - осы сияқты оқушылардың психологиялық көңiл - күйлерiн байқаймыз - сыйлық, т.б.
Нәтижесi: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасады. Танымдық әрекеттiң репродуктивтi, продуктивтi түрлерiн iске асырды. Продуктивтi танымдық әрекет нәтижесiнен игерген бiлiмдерiнiң конструктивтi және шығармашылық деңгейлерi жоғарылады, яғни стандарттан өзге, тыс алған, көрген, бiлген бiлiмдерiн пайдаланды. Шығармашылық игеру арқылы өз бетiмен мақсатты түрде iзденiп, зерттеп, қортындылады. Жаттығу арқылы практикалық бiлiктiлiктердi меңгердi. Сұранысты қанағаттандыру үшiн оқушылардың ойына келетiн дайындалатын бұйым туралы алғашқы идеялары талқыланды. Мысалы: қағаздан бұйымдар жасағанда, оқушылар, дизайн ,әдемiлiк пен түс үйлесiмдiлiктерiне де мән бердi.
Қағаздан жасалатын бұйымдарды модельдеудiң экономикалық тиiмдiлiгi
Мақсаты: Оригамидiң не екендiгiн, олардың түрлерiмен таныстыру. Жасалу жолдары, бүктеу тәсiлдерiмен таныстыру. Экономкалық тұрғыдан тиiмдiлiгiн көрсету. Топтасып жұмыс iстеу мен икемдiлiктi шыңдау арқылы бала бойындағы жасырын жатқан қабiлеттердi ояту.
Бiлiмдiлiгi: Тек оригами жайлы бiлiп қана қаймайды, қағаз, қағаздың түрлерi, сапасы мен жасалу жолдары жайлы толық мағлұматтар алады. Қағаз бүктеудiң негiзгi формаларын меңгередi, экономикалық сауат алады.
Тәрбиелiлiгi: Жанұямен бiрiгiп отырып жасауға өте ыңғайлы. Береке бiрлiкке, ынтымақтастыққа шақырады. Iскерлiкке жетелейдi.
Дамытушылығы: Шығармашылық тұрғыда iзденулерiне жол ашу. Керектi құрал - жабдықтар: дайын бұйымдар, схема - үлгiлер, түрлi түстi қағаздар, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, география, математика,сызу, геометрия.
Барысы: -Ұйымдастыру кезеңi.
Сiз бiлесiз бе оригами өнерi қай елден тамыр алған? Оригами қанша ғасырдан келе жатқан өнер. Кiм айта алады? – Ендеше, бiз бүгiн оригами символына не жататынын, тырна құсы ненiң белгiсi екенiн, Садако Сасаки арманы не болғанын бiлемiз, қағаз бүктеудiң негiзгi неше тәсiлi және әр тәсiлдiң аттары барын, модульдiк оригами, квиллинг жайлы т.б бiлетiн боламыз.
Оригами дегенiмiз не? Оригами - қағазды бүктеу арқылы,әртүрлi фигуралар жасау өнерi. Оргамидiң алғашқы әлiппесi, оны дұрыс бүктеуден басталады. Оригамидi бүктеудiң базалық техникасы бар.
1. Оригами тарихы - ежелгi қағазды бүктеу өнерi. Бұл өнердiң тамыры –Қытай елiнен басталады. Қағаздың пайда болған отанынан. Алғашында оригами дiни рәмiздерде қолданылған. Көп уақыттарға дейiн, бұл өнердi тек ақсүйектер қоғамында, салт - дәстүр ретiнде қолданылған. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн ғана әлемге, Шығыс, Америка, Европа елдерiне тарап, халықтың қызығушылығына кенелдi. Классикалық оригами шаршы қағазды бекiтуден басталады.Оригамидi орындаудың өзiндiк заңдылықтары бар. Онда желiм, қайшы қолданылмайды. Шартты белгiлердi ХХ ғасырда жапон шеберi Акира Есидзава (1911-2005) белгiлеген. Қазiргi жаңа заман технологиясында оригамиде, модулдiк оригамиде де қайшы, желiмдi қолданады.
Оригами жанрының халықаралық символы болып - жапон тырналары есептеледi.
Оригамиге қызыққан адамдардың кез- келгенi оны есте сақтау арқылы ғана бүктейдi. Огигамидiң шығу тарихына үңiлсек, өте қызықты мәлiметтер алуға болады. Жапон жазбаларының көне екi кiтабы оригамиге арналған. Онда тырнаның жасалу жолдары, бүктелу жолдары айтылған. Қытай мен Жапондарда ұзын мойынды құстар ұзақ өмiр сүру мен табысқа жетудiң белгiсi болып есептелген. Жапондар қағаздан тырналарды бүктеу өнерiмен айналысқандарына 200 жылдан асты. 1797 жылы Киотода « Сембацуру ориката » кiтабы жарық көрдi. Онда 1000 тырнаны бүктеу, жасау жолдары жазылған. Тырнаны бiр шаршы қағаздан бүктеп жасап шығу жолдары айтылған. Екiншi дүние жүзiлiк соғыс оригами жанрына екiншi жан бергендей болды. Әлемнiң символына айналды. 1943 жылы туылған кiшкентай жапон қызы Садако Сасаки жайлы бiлемiз бе? Хиросимадағы атом бомбасынан кейiн жетiм қалып, өзi атом сәулесiнен ауырып госпитальда жатып , ұзақ емделген.Садака ескi ырымға қатты сенген, онда «Егер тырнадан 1000 тал жасасаң, аңсаған арманыңа жетесiң делiнген». Басында ырымға сенген , өмiр сүрудi жан тәнiмен қалаған Садако 644 талын жасап 1955 жылы 25 қазанда қайтыс болады. Содан берi қағаз тырналар әлемнiң бар елiнде тыныштықтың символы ретiнде сақталуда. Америка, Европа елдерiнiң балалары жасаған тырналар Хиросимадағы атом бомбасынан зардап шеккендердiң мұражайында күнi бүгiнге дейiн сақталуда. Оригамимен айналыспастан бұрын, алдымен қағаздың сапасы мен сорттары жайлы жақсы бiлу керек. Қағазды дұрыс өте дәлдiкпен, таза бүктеп орындау қажет. Жапон оригамиiнде бүктеудiң ежелден келе жатқан, тұрақты бiрнеше формасы бар.Олардың саны - 11. Бұларды базалық деп атайды. Олардың өз аттары бар. Кез-келген бүктеу жолдары осылардан туындайды. Кез келген оригамист оларды жатқа бiледi. Жапондықтар олардың әрқайсысына ат қойған. Әйгiлi Тырна оригами шаршы бүктеу жолымен бүктеледi. Бүктеудiң 6 операциясынан соң тырна жасалып шығады.
Модулдiк оригами. Модулдiк оригамидiң пайда болып, модаға кiруiне 20 жылдан асты. Олар алғаш қарапайым, бiрнеше, бiрдей модульдарды бiрiктiру арқылы шықты. Оған жататын 16 бұрышты жұлдыз.
Оригамидiң түрлерi: Киригами, Мокрое складывание, Бумажный самолёт Квиллинг, Осибана Сэмбадзуру ориката.
Киригами - Оригамидiң түрi . Мұнда қағаз кесуде қайшы қолданылады. Дымқылдап бүктеу (мокрое складывание) - Акира Есидзава ойлап тапқан. Мұнда бүктеу техникасында су қолданылады. Қағазды дымқылдап бүктеп, бiрiктiргенде, сызықтар бiр - бiрiне сiңе, әдемi болып шығады. Сондай - ақ бүктеу сызықтары тура және анық болу керек бұл жаңа әдiске жиырма жылдай болды.
Квиллинг - қағазды домалақтата айналдыру (бумагокручение , квиллинг
– қағазды тiлшiктеп кесiп, айналдырып, көлемдi бұйымдар дайындалады. Қағаз тiлшiктерiнен сыйлық қораптар, открыткалар, альбом, фота суреттердi көркемдеу үшiн гүлдер, өрнектер жасайды. Бұл өнер түрi - Корея елiнен келген. Қазiр Германия, Англия, Америка елдерiнде кеңiнен тарауда. Квиллинг – «қағаз филиграня» депте атайды. Көп шығынды керек етпейдi. Бұл әдiспен паннолар, сондай-ақ бижутерияда жасауға болады. Сондай-ақ бұл өнер орта ғасырда европада (кейбiр деректерде Таяу Шығыста, Египетте) болған делiнген. Онда шiркеудегi монахтар иканаларды, кiтаптың сыртын, қауырсынға ширатып алып, безендiрiлген делiнген. ХYI - ғасырда квиллинг үлкен өнер түрi болып саналды. ХIХ - ғғасырда ақсүйек ханымдарының сүйiктi ермегi болған. ХХ ғасырда ұмыт бола бастап,ғасыр аяғында қайта жанданды. Англия ханшайымы Елизавета бұл өнермен өте қызығушылықпен шұғылданды. Онын көптеген туындылары Лондондағы Витария - Альберта мұражайында сақталуда. Корея әдiсi Европа әдiсi –тәсiлдерiнде айырмашылықтары бар. Европалықтардың туындылары қарапайым болып келедi, бiiрнеше детальдан тұрады. Корея әдiсi өте күрделi болып келедi.
Осибана немесе прессованная флористика техникесы. Мұнда картиналарды табиғи материалдар қолданады: жапырақтар, гүлдер, пухтар. Техникасы . Өсiмдiктерден алынған табиғи материалдар (гүлдер, жапырақтар тұқымдар,пух,шөптер,ағаштардың қабықтары). гербари әдiсiмен,престеп кептiредi. Кейде арнай әдiспен қоспалар қосып кептiредi,кей жағдайда түсiн өзгертедi. Арнайы қағаз немесе матаға желiмдеу арқылы жабыстырылады. Кей жағдайларда қағазды арнайы акварель бояуымен бояйды. (отмывке акварельными красками.)Осибана өнерi Жапон елiнде 6 ғасырдан тамыр алып келедi.жапондықтар осибана-картиналарға кепкен,гербари өсiмдiктердi пайдаланады. Өсiмдiктердi кептiргенде табиғи түсi сақталуы тиiс.
Сэмбадзуру ориката. Сэмбадзуру ориката «Тайна сворачивания тысячи журавлей») - (Мың тырнаны бүктеу құпиялары) оригами жайлы ертеден сақталып жеткен кiтап. Ол1797 жылы Киотада жарық көрген. Мұнда тырнаны бүктеудiң көптеген әдiс - тәсiлдерi жазылған. Жасау үшiн, қағазымыз бiрнеше шаршыларға бөлiнедi де, қағаздың бұрыштары бiр - бiрiмен жалғасады. Шаршылардан тырналар жасағанда, аяғында бiрнеше тырналар өз - ара жалғасып, жабысып тұрады.

Бүктеудiң шарты аталуы
1. Үшбұрыш – треугольник 2. Әуе жыланы (батпырауық) - воздушный змея 3. Есiк – есiк. 4. Блинчик 5. Үй - дом 6. Су бомбасы – водяная бомбочка 7. Балық (ромба) – Рыба 8. Шаршы – квадрат 9. Құс – птица 10. Қайық –катамаран 11. Бақа - лягушка

Жапон тырналары

Модульдiк оригамидi жинау жолдары: Модульдiк оригамиде, бiр бұйымды бiрдей бөлшектерден құрап жинайды. Әр бөлшектi немесе модульдердi бiр бiрiне кигiзiп отырады, дұрыс кигiзiлген бөлшектер шашылмайды. Көбiне шар тәрiздес форма шығады, оны – кусудама деп атайды. БҮКТЕЛУ, ЖИНАУ, ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ - ТЕХНИКАСЫ А4 форматты 16 - а бiрдей қылып бөлемiз. (8,16,32,64-де бөлуге болады) Мысалы «Аққу» қалай жасалуы көрсетiлген.

Оригами күнделiктi тұрмыста
40195533464500

4292606794500



756285-44386500
Квиллинг. Квиллинг - қағазды домалақтата айналдыру. Қағазды тiлшiктеп кесiп, айландырып, көлемдi бұйымдар дайындалады. Бұл өнер түрi - Корея елiнен келген. Қазiр бiздiң елiмiзде де қанат жаюда.



Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негiзiн салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жiңiшке төбесi бар: бастапқы сабақ берудiң дидактикасы том-том болуы мүмкiн, өз пәнiңдi жақсы бiл және оны анық түсiндiр» деген. Өз елiнiң еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етедi.Үнемi өзгерiп тұрған әлем адамнан да қабiлет пен қажеттiлiктердi толассыз дамытуды талап етедi. Қазiргi кездегi технология пәнi өз алдына мынадай мiндеттердi көздейдi:
- жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздiгiнен айқындалуын қамтамасыз ететiн тұлғалық қасиеттерiн дамыту;
- оның өздiгiнен жетiлуiне жағдай жасау;
- зерттеудiң ғылыми әдiстер туралы негiзгi түсiнiктерiн игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениеттi құрметтеуге тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбiр ұстаз шәкiртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негiзде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:
1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесiн табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;
2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзiн-өзi қорғауға ұмтылдыру;
3. Тұлғаны түсiну, салауатты өмiр мен өзiндiк қатынастың негiзiн қалау;
4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкiндiк жасау;
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретiнде дербес өзiндiк әлемiне бойлату арқылы өзiн-өзi дамытуға, өз мүмкiндiктерiн таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесiнiң мәндiлiгiн сезiндiруге бағыттайтын әрбiр ұстаз өз қызметiн үлкен сенiммен атқарғаны жөн. Себебi мұғалiм ең жауапты мiндеттi орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалiмi қандай болса, шәкiртi де сондай сенiм жүгiн көтередi.
Мемлекеттiң болашағы, үмiтi мен сенiмi – жас ұрпақ тәрбиесiне үлкен жауапкершiлiкпен қарау, заман талабына лайықты мұғалiмнiң қызмет етуi қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсенi биiктетiп, елiмiздiң болашағы үшiн ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иiрiмi ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы - бiлiм екенiн көрсету жолында еш аянбаңыздар!