Пендсовет Баяндама О?ушыны жеке т?л?а ретінде ?алыптастыру?а сынып ?жымыны? ы?палы


Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сынып ұжымының ықпалы Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап-тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.
«Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.
Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап- тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы-сынып ұжымы.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.
Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орын алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп «Мен өзгелерден артықпын» деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.
Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т.б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi-ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу-ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк- жiгер, қажыр-қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара-бара беделiнен айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесiне қарағанда мектеп сыныптарындағы 20-25 адамның iшiнен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгiлi болады екен. Мұның себебiне келсек: бiрiншiден, олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай бiлу қасиетiнiң жоғарлығында, яғни басқаның жүрегiне жол таба бiлiп, қашанда көпшiлiкке жақын, белгiлi болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзiнiң табиғи болмасымен, қадiр-қасиетiмен, ашық мiнезбен табады. Сөйтiп, адамның топ iшiнде белгiлi болуы оның басқалардың жағдайын түсiне бiлуi негiзiнде қалыптасады екен. Екiншiден, ондай адам бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай, олармен риясыз бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығымен де ерекшеленедi. Үшiншiден, кiсiнiң сырт бейнесi мен келбет-кескiнiн, яғни дене күшi факторын да ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жұдырық жұмсай бiлетiн құрбыларын құрметтейдi.
Топ мүшелерiнiң көпшiлiгi өзара тату-тәттi тiршiлiк еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрi жиi байланысқа түсетiн, мүддесi бiр, әңгiмелерi жарасқан ортақ iстi құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады.
Ендi бiр жағдайда топтағы адамдардың iшiнде ешкiммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзiне лайықты серiк таба алмайтындары да кездеседi. Жұрт ондайлары жек көрiп, маңайларына жуытқысы келмейдi.
Оқушы топтарында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де сан алуан: Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайдылығы ұжымнан оқшалауынан себеп болады. Бұлар үстi- басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайдылығы олардың жекеленген тума қасиеттерiмен ( тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық т.б.) байланысып жатады.
Ендi, бiр оқушылар өте кiнәмшiл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбiнде өзгелерге кiнә таға сөйлейтiн болып келедi. Бұларға ұжымдағы әртүрлi оң iстер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. өздерi жұртты сынағыш, мiнегiш келедi.
Топ iшiндегi қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап тiлегiне, ақыл-кеңесiне қарсылық көрсететiн тiлазар, қыңыр балалар да кездеседi. Олардың тағы бiр белгiсi сотқарлық, дөрекелiк. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтiн, жалқау, өтiрiк айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседi. Олар сыныптан өзiнше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекiлiкке, жалған беделдiкке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздерi секiлдi балалармен байланысқа түсiп, көше топтарында қабылданған мiнез-құлықтың қоғамға жат нормаларын мектепке әкелуге тырысады.
Топ басшысыз, яғни жетекшiсiз болмайды. Кез-келген топтың өздерi сайлап алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетiнiң нәтижелi болуы жетекшiге де байланысты. Тәжiрибелi ұстаз, өнегелi тәрбиешi сыныптағыларды ұршықтай үйiрiп, оларды пайдалы iстiң нәтижелi орындалуына бағдарлап отырады.
Осындай жұмыс жүргізіп, сыныпты зерттеп зерделеп жүрген ұстаздарды атап айтар болсақ: бастауыш сыныптарда 4 «Б» сынып жетекшісі: Сағынғалиева Мейрамгүл сыныппен, ата-анамен әртүрлі тренингтер ойындар өткізу арқылы оқушылардың тәртібін үлгерімін бақылап тиянақты жұмыс жүргізуде.
3-сынып жетекшісі: Омарова Бахыт сынып оқушыларының қажетіне деңгейіне қарап , каникул күндерінде тәртібін , үлгерімін түзеу мақсатында оқушылармен қосымша жұмыс жүргізді.
11 «А» сынып жетекшісі: Жолдасова Дариха Сыныптағы оқушылармен аз уақыт ішінде тіл табысып, оқушылардың мінез-құлқын анықтап оқушының сабаққа қатысуын , үлгерімін ,тәртібін бақылап ата-анамен тығыз байланыста болып қолайлы жағдай туғызып отырғанын айтуға болады.
Және де 7«Г»сынып жетекшісі: Жуманазарова Перуза сыныбындағы оқушылармен етене араласып, сабақтан жиі қалған оқушысын анықтап , ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізгенін айтуға болады. Топтағы адамдары танып-бiлу, басқару мәселесi, психологиялық үйлесiм ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымдағы ортақ iстiң табысты болуына ондағылардың өз қызметiнен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуiне мүмкiндiк беретiн психологиялық жағдай. Топтағылардың бiр-бiрiмен үйлесiмдiлiгi жарасса, яғни бiрiнiң қылығы екiншiсiне ұнайтын болса, олар бiр-бiрiнiң мiнез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса–онда психологиялық үйлесiмнiң болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни бiреудiң әрекетiн екiншiсi ұнатпаған жағдайда, тiптi ақылға сыйымды нәрсенiң өзi де қолдау таппайды, бiреуi екiншiсiн түсiнбейдi. Топ мүшелерi арасындағы көзқараспен сенiм бiрлiгi, мүдделермен мiнез бiтiстерiнiң қарама-қайшылығы да үйлесiмсiздiкке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық не беймаза, тәкәппар, не өркөкiрек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды.
Топтың көтерiңкi көңiл – күйi ұжымдық мiндеттiң нәтижелi орындалуына қолайлы әсер етедi. Бiлек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесiн қастерлейтiн жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңiл атқарылады. Тату – тәттi өмiр сүретiн ұжымда ұрыс – керiс болмайды. Творчестволық iске, бiлiмдi терең меңгеру мен саналы тәртiпке аса қажеттi қолайлы ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Айнаға қарағандай сияқты, ұжым арқылы әркiм өз кемшiлiктерiн көруге, сөйтiп, өзiнiң қолайсыз жақтарын бiлуге мүмкiндiк туады. Әрине, әркiм өзiнiң қолайсыз жағын бiле алуы дербес мақсат деуге болмайды, бұл оған өзiн-өзi тәрбиелеу үшiн ғана қажет. Сонымен қатар ұжымның пiкiрi арқылы оқушы өзiнiң қолайсыз жағын бiлiп, iсiнiң қандай кемiстiгi бар екенiн түсiнген жағдайда да, ол өзiнiң қолайсыз әдеттерiн бiрден жойып, жөнделiп кете алуы тәрбие жұмысының қалай қойылуына және баланың өз еркiн меңгере алуына байланысты iске асырылады.Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым - қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді. Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бірқатар: басқаларға бөгет болмау, бір — бірін мұқият тындау, ортақ іске қатысу талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды. Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы олардың арасында кез — келген ұжымдық жұмысқа тән көптеген белгілері бар қарым - қатынастар туғызады. Бұлар ең алдымен әр бір оқушының өз ісіне ортақ іс сияқты қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін, басқалармен келісімді түрде әрекет ете білушілігі, бір;— бірін қолдайтындығы және сонымен қатар бір — біріне талап қойғыштығы және сонымен қатар өзіне сын көзбен қарай білуі және өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс тұрғысынан бағалай білуі сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс — жүзінде орындау үшін мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым - қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез - құлқын кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.
Егемендi елiмiздiң өсiп келе жатқан ұрпағын ойлы да iскер, жiгерлi де батыл, өзiне-өзi сенiмдi, интеллектуалдық деңгейi биiк, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етiп тәрбиелеуде ұжымның алатын орны ерекше .
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгi ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы, азамат етiп тәрбиелеу - ұжымда жүзеге асады. Қазіргі кездегі оқу үрдісі кезінде сынып ұжымының ауызбіршілігін, бірлесіп жұмыс атқаруын дамыту мақсатында жаңа технологияны пайдалану тиімді екендігі дәлелденген.
Жаңа ақпараттық технологияның негiзгi ерекшелiгi - ұжым оқушыларды шығармашылықпен, iзденуге, өз жұмысының нәтижесiн көрiп, өз-өзiне сын көзбен қарауына және жеткен жетiстiгiнен рахат алу арқылы тәрбиеленедi.
Баяндама
Тақырыбы: Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сынып ұжымының ықпалы
Орындаған:ДТЖО М.Есбергенова