Шатты? ше?бері Кел балалар , к?лейік К?лкіменен т?лейік. ?аба? т?йген не керек, К??ілді болып ж?рейік. — Сыныпты топ?а б?лу — ?ткен «Е дыбысы мен ?рпі» ?айталау, с?з ??растыру, ??растыр?ан с?зді буын?а б?лу. — Д?птердегі с?здерді о?ыту . Жа?а саба?:


«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БекітемінМектеп директоры____________
А.ДарубаеваК дыбысы және әрпі
МАД мұғалімі:
Бегжанова Г.Ж.
2016-2017 оқу жылы
Пәні Сауат ашу
Мерзімі 18.01.2016
Тақырыбы К дыбысы және әрпі
Мақсаты Кдыбысы және әрпімен таныстыру. К дыбысына сөз, сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып , таза , сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі Кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, с дыбысының баспа және жазба түрі, әліпби.
Әдістер Сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу
Жоспар
Іс-әрекет кезеңі Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімін ояту Шаттық шеңбері
Кел балалар , күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік.
- Сыныпты топқа бөлу
- Өткен «Е дыбысы мен әрпі» қайталау, сөз құрастыру, құрастырған сөзді буынға бөлу.
- Дәптердегі сөздерді оқыту
. Жаңа сабақ:
Жұмбақ
1)Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ жасық
Бұл не?
2) Өз атын өзі шақырады,
Сөйтіп күнді батырады
Суреттермен жұмыс
Көйлек, кептер, көбелек, күрек, үкі, көгершін , кітап т.б.
Көркем ғой Көктөбе деп,
Ұшып жүр кептер,көбелек.
Жайнатып тұрмаңайды,
Күн нұры көктен себелеп.
Тақтамен жұмыс
- ка, -ке, -ко, - кү, -кі буындары
Тіл ұстарту жаттығуы
Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Сергіту сәті
Ән «Көбелек»
Дәптермен жұмыс
Күшік, кенгуру, бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы к орнын ажыратқызу.
Жазу жұмысы
Үлгі бойынша К дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
Тор көздегі К дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.
«Дауысты ма, дауыссыз ба? » ойыны
Топтық жұмыс:
К К
К К
К К
К К
Қорытынды
К дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу. Сөйлем құрастырып , оларға дыбыстық талдау жасату. Балалар бірге айтады.
Балалар айтады, табады.
Жұмбақты шешеді.
- Көжек
- Көкек
- Суретке қарап сөйлем құрау.
- Буындарды оқу.
Жаттайды.
- Балалар, сөздің басы мен ортасында, аяғында кездесетінін айтады.
К дыбысын жазады.
-Көрсетілген дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.
Буындардан сөз жасайды.
Балалар ойланып, табады.
Күтілетін нәтиже Болу керек Үйрену керек
К дыбысын танып білу, сөз ойлап , буынға бөлу керек. Ынта, қызығушылық. К дыбысынан буын , сөз құрауға үйрену керек.