Бірінші сынып о?ушыларыны? ?абілетін дамыту жолдары.


Бірінші сынып оқушыларының қабілетін дамыту жолдары.
Дүниедегі ұшқыр ойлы, тек қана шындықпен жүретін нәзік те, батыл да батыр – ол бала. Өйткені, оның жаны да нәзік, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, неге бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады, ұмтылады. Сондықтан қазіргі жас ұрпақты ,білімді,мәдениетті,ұшқыр қиялды,өз ұлтын сүйетін,нағыз қабілетті етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Баланың болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дана перзенттері, заман заңғарлары Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмат Яссауиден бастап, Ұлы Абай, Ыбырый, Шоқанның тәлім- тәрбие жөнінде айтқан әлемдік деңгейдегі педагогикалық ой-тұжырымдардың мәні бүгінге дейін артпаса, еш кеміген жоқ.
Грек филосовы Эпиктет – «Кереметтің кереметі жақсы тәрбиеленген адам» - дейді.
Олай болса: Болашақта көп болсын жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшадан – дегендей тәрбиелі көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттігі туындап отыр.
Сол міндеттердің негізгілерің бірінен саналатын баланың қарапайым математикалық түсінік-ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге, ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық ұғымдар туралы алғашқы мағлұматтарды меңгеру ісіне ерекше назар аударып, геометриялық фигураларды оқуға көңіл бөлінеді.Балабақшаға келетің балалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы сабақтар өтеді.Бес жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болатыны баршаға аян.Бұл кезде баланың оқуға икемділігін арттырып, танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамудың маңызы зор.Баланың меңгерген білімін пысықтап, нақтылау және тереңдетумен қоса, алты жасқа қарағанда оның алғашқы ондық туралы түсінігі қалыптасуы тиіс.
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі роль атқаратыңдығы жақсы анғарған.Ойын баланың іс-әрекеттерінің негізгі түрі.Ойын барысында баланың қасиеттері қалыптасады.Ойында балалардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез- құлқы қалыптаса тұседі.
Ойын үстінде бала достыққа,жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады.Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, осыған негізделген ойын балалық шақтың басты белгісі.Мысалы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»- деген мақал-мәтелден-ақ баланың ойынға аса құмар келетіндігі,ойын арқылы баланың сана – сезімі, кәсіп тандауы, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігін анғаруға болады.
Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп,жаңа тақырыпты өткенде,өткен материалды қайталағанда,білімді тиянақтау кезінде сабақтың мазмұнына сай пайталануына болады.Әрине бұлар топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарлама аясындағы жұмыстар.Осы жұмыстармен қатар топтағы қабілетті балаларды анықтау,олардың қабілетін одан әрі дамыту жұмыстарында да баса назар аударып отырамын.Өз тәжірбиемде алдымен «қабілетті балаларды анықтау және олардың қабілетін дамыту үшін жүргізілетін жүмыс» жоспарын құрып аламын.
1.Сыныптағы қабілетті балаларды анықтау.
2.Қабілетті балаларға арналған тапсырмалар дайындау.
3.Сабақ үстінде қабілетті балаларға арнайы жаттығулар беріп отыру.
4.Қабілетті балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілерін үйретуге тәрбиелеу.
5.Қабілетті балалардың арасында сайыс өткізу.
6. Қабілетті балалар құрастырылған есептерден альбом, кітапша құрастыру.
7. Қабілетті балалардың қолымен жасалған құралдардан көрме ұйымдастыру.
8. Қаблетті балалармен жүргізілген жұмыс жайында педагогикалық ұжым, ата-аналар алдында есеп беру.
9. Балалардың одан әрі даму динамикасын бақылап отыру.
Балалардың жақсы санай білу қабілетін «Кім көп тосып алады?», «Қақпа тас» секілді ойындар арқылы шындай түсемін.Балалар 10-ға дейін санауды үйренген соң,екінші бестіктің сандарын қос-қостан өзара салыстырады: 5 және 6, 6 және 7, 7 және 8 ,8 және 9, 9 және10. Реттік сандар қатарын салыстыруға жаттығу баланы сандардың реттікт қатары (1,2,3 және т.с.)құрылуының негізгі принципін түсінуге бағыттайды.Мұндағы әрбір келесі сан өзінің алдындағы саннан бірлікке артық және керісінше әрбір алдындағы сан өзінен кейінгі саннан бір бірлікке кіші болады. Осыған орай «Бірлігі артық(кем) санды ата »ойынын ойнатуға болады.Ойынның шарты: көрсеткен суреттерде салынған заттарды бала санап шығып, нәтижесінен бірлігі артық әлде кем санды атауы тиіс .Мысалы: картинкада төрт ағаштың суреті салынған.Бала санап болған соң «бес» деп жауап береді. «Сен неге бес саннын атадың?» дегенде, «себебі төрт ағаштың суреті салынған, ал одан бірлігі артық сан- бес» - деп жауап береді.
Реттік сандар туралы менгерген білімді «Допты тос» ойыны арқылы пысықтауға болады. Ойынның мақсаты: допты лақтыру арқылы бала белгілі санды атау керек. Бала допты қағып алып келесі санды яғни аталған саннан бірлігі артық немесе кем, санды атайды.Сондай – ақ дитактикалық ойындар: «Рет саны қандай?», «Нешінші орында?» ойындарын тәжірибеде пайдаланып отырамын.
Математика сабағын өткізген кезде көптеген қйындықтарға кезігеміз.Оны жеңу үшін көп ізденіп, неғұрлым балаға түсінікті болу жағын қарастырылғанда ғана жетістіктерге жетуге мүмкіндік туады.Мәселен үиретілген есеп ұғымдарын балалардың қабылдап, сабақтың жүйелі түрде өтуі және сабақ өткізудегі мақсаттың орындалуы жетістік болып табылады.
Соның бірі ретінде «асық ату» ойынының терең әлуметтік, тәлімдік маңызы бар деп ойлаймын.
«Асық ату» ойыны ең алғаш ойнағарда, педагог асықтың қалай алынатыны туралы, төрт түлік малдың қасиеті жөнінде жан – жақты түсінік беріп өтуі тиіс.Асықтардың түрлі түске боялуы бүлдіршіндердің эстетикалық талғамың арттырып, ойынға деген қызығушылықтарын туғызады. «Асық ату» ойыны балалардың дене тұрқының өсуіне, көзінің өткірлігін дамымуға, көз қимылың жетілдіріп, бүлшық еттерінің ширап, қызметінің күшеюіне тигізер әсері мол.
Бала ойынды ойнау үстінде өз денесінің кеңістіктегі алатың орның анықтап, көз қимылы мен дене қимылын үйлестіру, ойша байланыс орнату арқылы логикалық яғни шығармашылық қабылеттерін жетілдіреді. «Асық ату» оынының балалардың бойындағы бүкіл психикалық процестердің – ойлау, қиялдау, сөйлеу,қабылдау т.б. қабілеттерін дамытудағы маңызы зор.
Әр халық ұрпағының қайрымды да адал, әділ де ержүрек, ар – ұяты мол үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, кішіпеиіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғүрпына,салт дәстүріне арқа сүйейді.
Кеиінгі кезде есеп сабағында қазақтың ұлттық «Бес тас», «Асық ату», «Санамақ», т.б. ойындарын тиімді пайдалануды ұстанып жүрмін.Ойын арқылы өтілетін есеп сабағанда балалар, өзіміздің ұлттық ойындарды білумен қатар, ойын арқылы санауға, түр-түсті, алыс-жақынды, көп – азды ажырата білуге үйренеді.
Ойын- жаттығулар, жұмбақ, өлеңдер, жаңылтпаштар, санамақтар арқылы балалар ауызша санауға үйренеді.
Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бүрынғы балалардың көрген – білген, көнілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен өткізген ақыл –ойдың жиынтығын,балалар бойына жеткізу арқылы олардың ой-өрісін дамыту мақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі сабағымда пайдаланып келемін.
№3 Қарабалық орта мектебініңің
бастауыш сынып мұғалімі
Жумабаева Ж.К..