Физикадан олимпиада есептері (8 сынып)


Физика
8 сынып
Теориялық сайыс
Жолаушы 2 сағат велосипедпен, содан кейін 6 сағат жаяу жүрді. Оның бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан неше есе артық? Велосипедпен жүргендегі жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан екі есе үлкен.
Массалары 270 г алюминий және 445 г мыстан тұратын қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. А2700 кг/м3.
U тәрізді қатынас ыдыстың біреуінің диаметрі екіншісінінен екі есе үлкен. Ыдыстарға сынап құйылды. Сынаптың үстіне ыдыстың жіңішке түтігіне бағанының биіктігі h250см су құйылса, ыдыстардағы сынап деңгейі қалай өзгерер еді? су103 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.
Тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне салмақтары бірдей сынап және су құйылған. Сынап қабатының биіктігі 6 см болса, су қабатының биіктігі қандай болады. сын13,6103 кг/м3, су103 кг/м3.
Тығыздығы белгісіз сұйықтың және қатты дененің тығыздығын анықтау үшін, динамометрге ілінген біртекті денені сұйыққа батырғанда динамометрдің көрсетуі Р11,66Н болды. Ал вакуумда (ауасы сиретілген газ) Р21,8Н, суда Р31,6Н болса, сұйықтың тығыздығын 1 және қатты дененің тығыздығын 2 анықта.
Эксперименталдық сайыс
Білеуше мен қағаз арасындағы үйкеліс күшін анықтау.
Құрал жабдықтар: білеуше, қағаз, линейка.
тапсырма1. Экспериментті сипаттау.
тапсырма 2. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін көрсету.