Физика п?нінен олимпиада есептері (7 сынып)


Физика
583230-4975917 сынып
Теориялық сайыс
Ойыншық шелектің пішіні шын шелектің пішініндей, бірақ ойыншық шелектің биіктігі 4 есе кіші. Шын шелекті толтыру үшін ойыншық шелекпен қанша рет су құю керек?
Суретке микроскоп арқылы алынған иненің суреті бейнеленген. 0 және 1 бөліктерінің арақашықтығы бір миллиметрге сәйкес келеді. Иненің сыртқы диаметрі d және ине қабырғасының қалыңдығы h неге тең?

Суретте вертикаль қабырғалы өлшеуіш ыдыстың цилиндрлік денені салғанға дейінгі (а) және денені салғаннан кейінгі (в) фотосуреті көрсетілген. Егер ыдыстағы судың көлемі V0= 40 мл болса, онда жүктің көлемі V неге тең?

Адам алақанымен домалақ қарындашты үстел үстімен домалатты. Егер алақанның ұзындығы 10 см болса, онда үстелге қатысты қарындаш қандай жол жүрді? Үстелмен салыстырғанда алақан қаншаға орын ауыстырды?
А мекенінен түзу жолмен велосипедші жолға шықты. Ол 16 км жол жүргенде, оның артынан мотоциклші де жолға шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 9 есе артық және ол велосипедшіні Б мекенінде қуып жетті. Екі мекеннің арақашықтығы неге тең?
Эксперименталдық сайыс
Құралдар: ұзындығы 15-20 см болатын жіп, миллиметрлік бөліктері бар сызғыш.
тапсырма1. Экспериментті сипаттау.
тапсырма 2. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін көрсету.