Статья Дидактикалы? ойын ар?ылы балаларды? ой-?рісін дамыту


Дидактикалық ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп,соның ішінде маңызы дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындар 3- топқа бөлінеді: 1. Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар 3. Сөздік дидактикалық ойынндар. Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері ойнатылады. Мысалы: Бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу түсі қандай? Кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане сен көк кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанды күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын ойлау қабілетін қабылдауын есте сақтауын зейінін дамытуға салыстыруға жіктеуге өзін-өзі бақылауға үйретеді. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып баланың оған жауап беруге белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзаұ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз.