«Жа?а педагогикалы?, акпаратты?-коммуникативті? ж?не интербелсенді технологияларды математика саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту ма?сатында пайдалану.»


Ақмола облыстық Білім Департаменті
Целиноград аудандық білім беру бөлімі.
Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп ММ

Математика пәнінің мұғалімі А.Г.Ахмединаның тамыз маслихатында жасаған баяндамасы.
«Жаңа педагогикалық, акпараттық-коммуникативтіқ және интербелсенді технологияларды математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында пайдалану.»
2015 тамыз.
152403810 Жаңа педагогикалық, акпараттық-коммуникативтіқ және интербелсенді технологияларды математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында пайдалану.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол – жалпы ұлттык басымдык ретінде жария етіп, бұл мақсатка жету жолында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталыгына айналдыру кажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толыктыру кажет екені айтылған. Осы мақсатты орындауда жеке пәндерді жүйелі окытудың маңызы зор.
Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кабілеттері мен танымдық кызығушылықтарының калыптасуына көмектесетін тапсырмалар
ды пайдалану керек.
Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауга үйрету, оларды бакылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды колдану және корытынды шығару. Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, кызықты есептерді пайдаланған дұрыс.
Оқушылардың индивидуалді касиеттерін есте ұстау, әртүрлі типті тапсырмаларды, колданып олардың әр біреуіндегі танымдық әрекеттерді дифференциялау.
Оқыту процесі кезінде мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылык, продуктивті етіп жасай білуінде.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдык, мәдени дамудын жоғарғы денгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияга негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,белсенді,қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардын өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін -мұғалім.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технологияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Әуелі мына сұраққа жауап берсек, компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:
1. Жеке басының дамуы
• ойлану
• эстетикалық тәрбие
• экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту
• ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
2. Әлеуметтік тапсырысты орындау• пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы («компьютерлік сауаттылық» деп аталатын)
• белгілі бір мамандықтарды дайындау3. Оқу- тәрбиелік процесті күшейту• оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту• танымдық әрекетін қамтамасыздандыру
• ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми — көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, дистанциялық оқыту технологиялары кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Мультимедиялық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық -құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.
Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан , оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материялдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетедіДистанциялық оқыту технологиясы — ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология жетілген елдерде өте кең тараған. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:
а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;
ә) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Бұл технология біздің елімізде әлі кең тарала қойған жоқ, өйткені толыққанды дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс.
Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар
• Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану• Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.
• Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б) Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушылардың терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялык және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту кажет.
Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл, техникада, экономикада, жаңа жолдармен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан математиканы окыту процесін жетілдіру оқушылардын танымдық белсенділігі мен ізденімпаз- дығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық кызметі; барысында оқушылар кажетті көлемдегі білімді игеріп қана коймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.
Осыған байланысты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылық беленділігін сызба-нұсқа арқылы жүзеге асырамын:

Оқу үрдісінде оқушыларды зерттеу – ізденушілікке үйрету олардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Әр сабақта пәнаралық байланысты қолданып шығармашылық жаттығулармен өзіндік жұмыстар берген дұрыс болады. Оқушылар бұл жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс - əрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Негізгі мақсат - оқушының ой-өрісін дамыта отырып, кұзырлы жеке тұлғаның калыптасуына ықпал болуы және шығармашылыққа баулуы. Жұмыс барысында оқушылар арасынан ғылыми жоба, реферат жасайтын оқушыларды таңдап аламын, оларды «Зерде» үйірме мүшесі болып кіруге ұйымдастырамын. Оқу жылдың аяғында информатика сабақтарында ғылыми жоба мен жұмыс жоспарда берілген, осы сабақтарда оқушыларға бірнеше тақырып беремін, өз қалауы бойынша балалар тақырып таңдап , жобаларын дайындайды. Жобаға берілген тақырыптар математика және физика пәндерге арналған. Жобаны жасауға интернеттен және баспалардан шыққан мәліметтер алынады, компьютер арқылы өнделіп,қорғауға тұсаукесер жасалады. 6сынып оқушылар бірнеше топқа бөлініп жобаларын жасап тұсаукесер арқылы қорғады. Үш оқушы осы сыныптан «Зерде» үйіресіне мүше болып кірді.Ендігі негізгі мақсатым осы оқушылардың математикадан ғылыми ізденіс жұмыстармен айналысуға қызығушылығын ояту және әрқарай дамыту.
Жоғары сыныптарда , яғни 10-11 сыныптарда ҰБТға дайындалу барысында АКТ технология қолданамын : «5+» интербелсенді бағдарлама,интернет жүйесіндегі танымдық сайттар, дистанциялық оқыту технологиясы бойынша қашықтықтан тест тапсыру .Осы жүргізілген жұмыстар өткен 2014-2015 оқу жылы өз нәтижесін берді.ҰБТ- ден білім сапасы 50% .
Өз бетінше жұмыс жасау кезінде мұғалімнің жұмыстың міндетін түсіндіруі, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік – нұсқау беруі, оқушылардың мақсатты түрде жұмыс істеп, оның нəтижесі жемісті болуына ықпал етеді. Нəтижелі жұмыстан кейін əр оқушының бойында өз ісіне деген сенім туады, келесі істі ол аса бір ынтамен бастайды.
Сурет. 2 Зерттеу – ізденушілік жұмыстың оқу үрдісіндегі орны

Оқушылардың алған білімдері біліктілік пен дағдыларға айналу үшін, міндетті түрде олар өздері талаптанып, белсенділіктері артуы қажет, жауапкершілікпен жұмыс жасап, істеген ісіне деген сенімі болуы шарт.
Шығармашылық жұмыс – бұл əрбір адамның əрекетті саналы түрде таңдап алып, оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.
Еңбексіз талант – тұл. Шығармашылықтың негізі – ізденімпаздылықта, аңғарымдылықта, ұқыптылықта жатады.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығына өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Шектеулі уақыт оқушылар үшін білімнің белгілі бір бөлімдерінен ғана білім береді. Ал енді пəнге деген қызығушылығы оянған бала білгісі келген мəселелерді толғандырып жүрген оймен тереңірек танысқысы келеді. Əрине ол мұғалімге мағұлмат беруді, жұмыспен айналысуына көмек сұрайды, жолдарын іздейді. Пəнге қызығушылығын арттыру да білімін тереңдете түсуде, адами қасиетін ашуда сыныптан тыс жұмысының мазмұны зор, жəне өз бетінше білім алу процесіне əрекет етеді.
Оқушыларды зерттеу-ізденушілікке үйрете отырып, алдағы уақытта мынадай істер атқаруды өзіме мақсат етіп алдым.
1.Оқушыларды «Зерде» үйірме мүше болып кірулерін ұйымдастыру.
2.Ғылыми жоба,баяндамалар, рефераттар жазуға үйрету.
3.Интернет арқылы əртүрлі мəліметтер жинау, оларды талдай білу.
4.Ізденушілікке арналған бағдарлама жасау.
5.Ақпараттық құралдарды сабақта қолдану.
6.Оқушыларды зерттеу – ізденеушілікке үйрету оларды шығармашылыққа шыңдау,субъект ретінде дамуына жол ашу болып табылады.
Ал қазір Республикамыздағы жаңашыл ұстаздар еңбектерін жəне өзім білім алған кездегі тəнті тұратын ұстаздарымның еңбектерін пайдаланамын. Жаңа технология тəжірбиеде жиі қолданбағанның өзінде дəл осындай болмағаны-мен осы жаңалықтар ұстаздар еңбегінде болды.
Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін сапалы білімді, саналы азамат тəрбиелеу іс - білім беру саласының еншісінде. Демек, салмақты талаптың ауыр жүгі білімдендірудің ошағы мектепке, яғни ұстаздар қауымына түсіп отыр.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Оқушылардың бойындағы дарын – қабілетті ерте бастан аңғара отырып, қабілет қарымын молайту үшін болашақ мұғалім мамандық иелері жемісті еңбек етуі керек.

Әдебиеттер тізімі:
Г.К.Селевко. Компьютерные (новое информационные) технологии обучения.
Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология и ее звения. Изд. "Соло" Красноярского университета. 1994г.
Кобдикова Ж. Технологизация учебного процесса. Школа "Ақ желкен", Алматы. 1999 ж.
Елубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001жыл.
Л.Доллинер. Ақпараттық коммуникациялық технологияларының мәселелері және болашағы. Информатика негіздері.
А. Шарипова. Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану. Информатика негіздері.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, рауан, 1993 ж.
«12 жылдық білім» журналы, 2005 ж., №7. «Білім беру саясаты,
Фаберман Б.Л.Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000,с.130.
ГриценкоВ.Ю.,Довгялло А.М., Савельева А.Я. Компьютерная технология обучения\\Словарь-справочник, «Наука думка», 1992.
Сманқұлова Ж.Е. Оқытудың интерактивті технологиялары, Алматы, 2004 ж.