Дене шыны?тыру Шыны?са? шымы боласы?. Т?рбие саба?ы.


Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)Эстафеталық жарыс Шынықсаң шымыр боласынЖүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ -«Тұлпар» командасы№2топ -«Жеңіс» командасы№3топ -«Қыран» командасыКомандалар сәлемдесуі.«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!«Қыран»командасынан жалынды сәлем!Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әнімеДене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.«Жеңіске»жетеміз депЖалынды ұран тастаймыз.Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.Эстафета 5этаптан тұрады: 1 - этап «Кім жылдам?»Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу3 - этап: «Жүйрік ат»Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру4этап: «Шебер»Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.5 - этап: «Жаңа орын»Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,Жоғары боп күш жігер намысымыз.Осылайша қуанышпен думандатып,Аяқталды халайық жарысымыз!