“ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯ М??АЛІМНІ? К?СІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫ? НЕГІЗІ”


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІТақырыбы: “ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ”
Тыңдаушы: Жумашова Л.Б.
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
ЖББМ №122

Ғылыми жетекші:
т.ғ.д. профессор, Шалекенов М.У.
Алматы, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
Негізгі бөлім.........................................................................................................
1. Инновациялық технологиялар және оның жіктелімі (класификация)………3
2. Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық и технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі…………………………………...6
3.Инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін
арттырудың жолдары…………………………………………………………... ...10
Қорытынды................................................................................................................17
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................18


КІРІСПЕ
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс [1].
Сонымен бірге қазіргі таңда әлеуметтік өмірдің барлық аймақтарында болып жатқан түпкілікті өзгерісте ғылым мен мәдениеттің алға жылжуы, педагогикалық іс- әрекеттегі жаңа қажеттіліктер білім беру жүйесін модренизациялау қажеттілігін тудырады. Бұл аймақтың дамуының бірден- бір жолы инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды қабылдау, бағалау, меңгеру мен қолдануды басқару процесі болып табылады.
Инновация, негізінен қандай да бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан- жақты зерттеу барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінде туындайды. Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан өткеннен бастау алады. Яғни инновациялық үрдістер- белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын заманға сай идеяларды тарату, қолдану, меңгеру мен қалыптастыруға бағытталған мотивацияланған, мақсатты әрі сапалы үрдіс. Ол жаңалық енгізілген жүйенің сапасын жақсартуға бағытталған әрі ол жүйеге қатысушыларға стимул беріп, олардың көзқарасын жаңалыққа қарай өзгертуге бағытталған.
Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңалықтарды теориялық әрі практикалық жұмыста қолдануда көрінеді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация білім беруге жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепті эксперимент алаңы ретінде дамыту мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалануы кезіндегі оқиғаларды, жағдайларды т. б. қамтиды.
Қазіргі кезеңде Қазақстандық жоғары оқу орындарының мақсаты да жаңа яғни инновациялық технологияларды меңгерген, оларды өз тәжербиесінде шығармашылықпен қолдана алатын мамандарды даярлау. Бұл мақсатты шешуде жоғары орындарының білім беру мазмұнында міндетті түрде оқытылуы тиіс. «Инновациялық технологиялар» пәнінің мәні зор. Инновациялық технологиялар кәсіби және отбасы сферасында бірдей табыс, өзіменде, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет .[3]
Мақсаты: Инновация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа формация педагогын дайындаудың жүйесін жасау.
Міндеттері:
1. Инновациялық технологиялар және оның жіктелімі (класификация).
2. Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық и технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі.
3.Инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың жолдары.
1. Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация)
Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда бiлiм мазмұны мен оқыту технологияларының рөлі ерекше. Оқыту технологияларын талдағанда, қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан бiлiм берудiң жаңа моделiне – Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне - сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. [2]
“Оқыту технологиясы” терминi алғаш рет АҚШ-та ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу сөздерiнен шыққан. Белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс ретінде технологияларды қолдану қазіргі уақытта өзектілік көрсетіп отыр. [4]
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына «техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi- деп анықтама берiлген. Педагог-ғалым В.М.Шепель: Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,»- дедi. И.Г. Зайнышев: [5]«белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-тәсiлдер жүйесi» деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны «белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы»- деп санайды.
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз.
Бiлiм беру, оқыту процесiндегi технология – “қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi жүйе, яғни бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi.” Технология, бiр жағынан, бiлiмдiк ақпараттарды өңдеп ұсынудың, өзгертудiң, ашудың әдiстерi мен құралдарының жиынтығы болса, екiншi жағынан, мұғалiмнiң қажеттi техникалық және ақпараттық құралдарды оқу процесiнде қолдана отырып, оқушыларға ықпал етуiнiң тәсiлдерi туралы ғылым.
Түйiндей келгенде, оқыту технологиясы мұғалiм мен оқушының мүддесiне қызмет ететiн, толық үндесiмге негiзделген оқытудың әдiстемелiк жүйесi болып шығады. [6]
Оқыту технологиясына тән белгiлер:
Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт).
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы).
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тексеруге болатындығы).
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Технологияның түрлерiн саралауда да түрлi бағыттар қатар орын алып отыр.
Ростов мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы В.Т.Фоменко [7] педтехнологияларды өзгеше топтастырады. Ол технологияларды қолдану деңгейiне қарай, философиялық негiзiне қарай, жетекшi факторына қарай топтастырады. Ал тәжiрибенi меңгертудiң ғылыми негiздемеciне сай педтехнологиялар ассоциациялық-рефлекторлық, бихевиористикалық-гештальдық, дамытушылық деп те жiктеледi. Ал осы педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко[8] оны былайша топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпы педагогикалық, жеке пәндiк, модульдiк, әдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). Академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту».
Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Педагогикалық технологияның принциптiк екi ерекшелiгi ретiнде, бiрiншiден, оның көздеген нәтижеге жетудiң кепiлдiгi екендiгiн, екiншiден, оның болашақ оқу процесiнiң жобасы түрiнде сипатталатынын атап айтуға болады.
Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылық еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында оқыту формасын, әдiстерiн, технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағидасы бекiтiлген, бұл бiлiм мекемелерiнiң мұғалiмдерiне, педагогтарына өзiне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдiстi кез-келген үлгiмен, тiптi авторлық үлгiмен құруға мүмкiндiк беретiндiктен оқу үрдiсiн қайта жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негiзгi тiрегi болып табылады. Ол идея мынадай мазмұндық бiрлiктерден құралады:
оқытудың жалпы мақсаты;
жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;
оқушылардың бiлiм деңгейiн алдын-ала (диагностикалық бағалау);
оқу әрекетiнiң жиынтығы;
нәтиженi бағалау.
Мұғалімнің шеберлігін арттыруда, бiлiм сапасының күшейуі берiлетiн бiлiмнiң түпкi нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиiмдi технологияларды пайдалануымен айқындалады.
Қазiргi бiлiм беру жүйесiне лайық технологияларды iрiктеудiң критериийлерi оқытудың жаңа талаптарымен сәйкес анықталды. Зерттеу нәтижесiнде оқыту технологияларын iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай критерийлерi айқындалды:
технологиялардың нәтижеге бағдарланған бiлiм моделi талаптарына үндес болуы;
технологиялардың оқушының мүддесiне басымдылық беруге бейiмдiлiгi;
технологиялардың оқытудың әдiстемелiк жүйесi компоненттерiн өзара бiрлiкте қамту мүмкiндiгiнiң болуы;
технологиялардың оқу сатыларының кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;
технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
технологияның оқушы бiлiмiн объективтi бағалауда тиiмдiлiгi, т.б.
Сөйтiп, педагогикалық технологиялар бiлiм сапасын арттырудың маңызды шарты ретiнде бүгiнгi қоғамдық-әлеуметтiк сұранымға сай жетiлдiрiлiп отырылуы тиiс. Бұл орайда оқытуда қоғам мен оқушы мүддесiн қатар қамтитын, мұғалiм шеберлiгiн шыңдайтын, оның нәтижелi жұмыс жүргiзуiне оң әсерiн тигiзетiн технологиялардың көбеюi мұғалiмнiң таңдау мүмкiндiгiн кеңейтiп отыр. Ол оқу процесiндегi кездейсоқтық пен жүйесiздiктен арылуға, оқу материалын тиiстi деңгейде меңгеруге, оқушы бiлiмiн объективтi бағалауға жол ашады.
Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашивилдің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгілі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүніспектің және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Педагогикалық технологияның негізгі элементтері: педагогикалық қарым –қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету.
Педагогикалық қарым –қатынас 3 функция атқарады:
баланың қарым –қатынаста «ашықтығы» - оған мектепте, сыныпта сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;
педагогикалық қарым –қатынас балаға деген жанашырлық- мұғалімнің баламен тығыз іс- әрекет нәтижесінде туындайды;
педагогикалық қарым –қатынас баланы көтермелеу саясаты (стимул жасау).
Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез- құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, барлық нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белгілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым- қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.
Педагогикалық бағалау функцияларына- баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелек, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т. б. жатады. Бұл істе әр баланың өз алдына қайталанбас ерекше тұлға екенін үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаулардың түрлері- қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалды қолдау, жазалау, ескерту жасау сөгу т.б.
2. Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі
Болашақ оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалыптастырудағы кейбір мәселелер.Педагогикалық іс- әрекет профессионалдық әр түрлі деңгейде жүзеге асып, түрлі нәтиже береді. Әрбір оқытушы кәсіби өсуге және педагогикалық шеберлікке ұмытылады. Педагогикалық шеберлікті игеру студенттік кезден басталады.
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Кәсіби шеберлік дегеніміз не?
Атақты педагог- ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» дегені бекер айтылған сөз емес.
Педагогикалық істегі кәсіби біліктіліктің құрлымы мен болмысы шеберлікпен ғана ұштасып жататын тәуелсіз, дербес категория ретінде сараланады. Сондықтан, кәсіби шеберлік – бұл тұлғаның интеграцияланған тұтас қасиеттерінің сапалық жиынтығы.Ол кез- келген сапа көрсеткіші секілді, тек қана іс- әрекет үрдісінде ғана қалыптасады, демек аталған үрдіс- іс- әрекеттің, тәжірибелік қызметтің нәтижесі болмақ.
Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе ғалым Ш. Таубаева мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметте бағдарлауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмытылуы арқылы ғана айнала алады». Демек, мектеп мұғалімдерге мынандай әдістемелік талаптар қойылады.
Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.
Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі технологияларды әдістемелерді және тәсілдерді зеріттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
Мұғалімнің педагогикалық- кәсіптік оң көз- қарасынан және құндылықтарының қалыптасуы, оның тұрақтылығына көру.
Өз білімін көсетуге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.
Оқушылар табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп қолдана білу.
Авторлық бағдарламалар, курстар,құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге жан- жақты қолдану көрсету.
Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Мұндай міндеттер, әрине барлық мектептерде қойылып, шешіліп жатады. Сондықтан біз, ең алдымен, мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктерін атап өтелік.
Біліктілігін көтеру (курстар, семинарлар, т. б.)
Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі,
Әдістемелік жұмыстары.
Кәсіптік жаңашылдық қызметі.
Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы,жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алу, төзімділігі, адами – рухани, психологиялық сапалары, қарым- қатынас шеберлігі, т. б.
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.
Қоғамдық педагогикалық қызметі.
Бұлар әр мұғалімнің нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады. Демек, мұғалімнен жасанды қабілеттілік емес, нақты кәсіптік еңбектің міндеті атқарылуы талап етіледі. Педагогикалық технологияның басты сипаты да, міне, осы.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу ; екінші жағынан, оқытып- тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу мен астасып жатқан мәселе. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.
Педагогикалық шеберліктің негізгі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс- тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Педагогикалық іс- әрекеттегі гуманистік бағыттылық- мұғалімдердің оқушыларға адамгершілік- ізгілік қарым – қатынас орнату жағынан жетіле түсіуіне қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі- педагогтардың шәкірттермен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілік – адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді. Ұлы жазушы, педагог Л. Н. Толстой былай деген болатын «Егер мұғалім өзінің балаларға сүйіспеншілігін » педагогикалық іс- әрекетпен жалғастыра білсе, ол- жетілген мұғалім». Педагогикалық іс- әрекеттегі бағыттылық әр жақты ұстаным десек, олар мыналар: өзін шебер педагог ретінде танып білу; педагогикалық әсердің ықпалды болуы; балаларға деген сүйіспеншілік, ынтымақтастық бейімділігі, сондай- ақ педагогикалық іс- әрекет мақсатының, ізгіліктілік стратегиясының тактикасының болуы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- орта мектепте педагогикалық деонтологияның «Оқушының тән саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету» ұстанымның ескерілмеуі.
Соның себебінен балалар психологиялық дискомфортта өмір сүреді. Ал психологиялық дискомфорт балаларды:
- психисоматикалық сырқаттарға әкеліп соғатын белді фактор;
- ынжық, ұрысқақ, жасық, жалқау болуына себепші;
- туберкулездің кең тарауына, нашақорлық пен маскүнемдік мәселелерінің күннен-күнге нығайуына жол ашар амалы;
- психикалық шыдамдығын төмендетіп, интеллектуалдық мүмкіндіктерін азайтып, эмоционалдық топастыққа ұшырататын айғақ деп анықтадық.
Педагогикалық деонтологияда пайда болатын негізгі мәселе- осы жауапкершіліктің шектерін, яғни педагогикалық кірісудің шектерін белгілеу. Мысалы, дәрігерлік әдепте (этикада) медициналық араласуға науқастың ресми (құжатты) келісімін алу нормалары бар. Егер науқастың ойлау қабілеті шектеулі болса, мұндай келісімді туысқандары немесе басқа жақын адамдары береді. Ал мектептегі, әсіресе мектепке дейінгі жастағы баланы жауапты шешім қабылдау тұрғысынан түсіну қабілеті үнемі шектеулі. Дегенмен де осы жерде педагогикалық ықпал мен медициналық әсердің ұқсастығы шектеледі, өйткені педагогикалық ықпал бір жолғы сипатта болмайды, әрдайым, үнемі, баланың мектептегі барлық жақтарына араласумен теңеседі. Мұғалім әрбір дауыс көтеруге, тыйым салуға немесе мақтауға, басқа да ұсақ әрекеттеріне ата- аналардың келісімін сұрау мүмкін емес. Бірақ мұндай әсер етулердің нәтижесі ескерілмейтіндей шамалы ғана болмайды. Міне, осындай педагогикалық дентологяның негізгі қағидасы шығады: егер мұғалімнің шешім қабылдауда бостандығы шексіз болса, онда оның қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік мөлшері одан әрі жоғары болуы керек.
Екінші ерекшелігі, педагогтың көп әрекеттерін сырттан ешкім бақылай алмайды, көбінесе олар өздерінің іс- әрекетіне өздері ғана бағалаушы бола алады. Сондықтан ұстаздың моральдық барометрі- педагогикалық парыздылық ары болу керек.Үшінші мұғалім еңбегінің ерекшелігі – оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. Педагогикалық қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі және оның жақындарын бірнеше жылдан кейін, ересек болған кезде көріп жатады.
4.Төртінші мұғалім қызметінің ерекшелігі, оның қолында нәтиже өлшеуші жоқ. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қас қағым уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білу тиіс. Сонымен қатар, баланың даму жолы соншалықты күрделі, өте көп факторлы болғандықтан жеке педагогикалық әсер мен жеке тұлға дамуының нақты мөлшері арасындағы себеп- салдар байланысын анықтау оңайға соқпайды. Сондықтан тәрбиешінің бойында бала тұлғасының дамуына ол қай кезде жақсылық, ал қай кезде жамандық жасауға бейімді болып тұрғанын анықтау мүмкіншілігінің болуы міндетті. Осының барлығын ескеріп, іске асыру үшін болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру қажет деп санаймыз.Дентология ұғымы күні бүгінге дейін педагогикалық тұрғыдан қарастырылмаған, педагогикалық қызмет аясында қолдануын таппаған моральдық ұғым болғандықтан, оның педагогика ғылымындағы алатын орнын дұрыс талдып түсіндіру және педагог мамандығы бойынша кәсіптік білім берудің теориясы мен методикасында қолдану тетігін ашу- заман талабы.
Педагогикалық деонтология – ұстаздық кәсіптік парыздылығына негізделген мінез- құлқ туралы ғылым. Бұл ұстаздық қызмет аясында практикалық іс- әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалімнің парызын адалдығы мен кәсібіне сәйкес сана сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады.
Педагогикалық деонтологияның мақсаты баланың жеке тұлғасының табиғатына сай дамуына жәрдемдесу мүддесіне сәйкес педагог қызметін нормалау.
Деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер төмендегідей:
балаларға деген сүйіспеншілік;
адал ниеттілік;
әділеттілік;
мамандығына деген сүйіспеншілік;
толеранттік;
ұстанымдылық (принципшілдік);
өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім;
сол білімдерін,дағдыларын оқушыларға жеткізе білу;
қызықты сабақ ұйымдастыра білуі;
еңбек сүйгіштік;
талап етушілік;
оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі;
жалпы эрудициясы;
тілектестік;
төзімділік;
балаларды түсіне білуі;
өзін- өзі жетілдіруге ұмтылысы;
жұғысқыштық;
жақсы мұқамы;
сабырлық;
артистік;
жоғары музыкалық қабілеттері;
сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі;
эмоционалды сензитивтілігі (сезімділік);
жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі);
рефлексиялық қабілеті (өз басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру);
эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік);
ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы;
әзіл- оспақты қолдана және түсіне білу:
төзімділік;
Осы отыз педагогикалық деонтологияға сәйкес ұстаздық мінез- құлқының
негізгі іргелі қасиеттері және іс- әрекет стилі, педагогтық реңкіне қатысты қабілеттерді талдай келе, үш негізгі топ іріктелді: адам сүйгіштік(балаға деген сүйіспеншілік), парыздылық сана- сезімі (әділдік борыш пен жауапкершілік), білімге деген ,өзіндік ізденіске деген ұмтылыс.
Педагогикалық деонтологиялық тұрғыдан дамуының мазмұны өзара байланысты үш өрісте болу керек:
когнитивтік (қайшылықтарды танып білу:
эмоционалды (жерілгендіксінуден, агрессиялықтан, билікке құштарлықтан,, өзімшілдіктен,иррационаодық қорғаныштан, «толыққанды маман емеспін» деген сезімнен,т. б.босау);
каммуникативтік техника аясында (демократиялық қарым- қатынасты жаттықтыру жүйесі арқылы қалыптасып қалған авторитарлық мінез- құлықтан айырылу);
Сондықтан үкіметтің сапалы білім, саналы тәрбие беру, құзырлы маман дайындау тапсырмасын орындау үшін ең алдымен ұстаз тұлғасын сәйкес қалыптастыру керек. Онсыз ешқандай жаңа технологиялар, компьютерлік кластар, оқу, әдістемелік құралдар, сіңірілген қаржы- қаражат мөлшері бұл іске сеп бола алмайды.
3. Инновациялық технология арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілдері
Қазiргi күн талабына сай бiлiм жүйесiнiң алдына қойған бастапқы мақсаты тұлға ретiнде жан-жақты дамыған, алған бiлiмiн күнделiктi өмiрде пайдалана бiлетiн, өзгелермен тiлдесiмде бола алатын, iзгiлiк пен елжандық қасиеттер бойына сiңiрiлген, бәсекелестiкке дайын азамат етiп тәрбиелеу болып есептеледi. Осы күнге дейiн пайдаланып келген оқыту әдiс –тәсiлдерi бүгiнгi күн талабына толық жауап бере алмайды. Сол үшiн бiлiм жүйесiне өзгертулер енгiзiлiп, бұл мәселенiң шешiлу жолдары жан-жақты қарастырылып келуде. Ең негiзгiсi бiлiм сапасын арттыру мақсатында оқыту процессiн оңтайландырудың қажет екендiгiн уақыт көрсетiп тұр.
Педагогика ғылымы аймағында дидактиканың атқаратын қызметі мен орны.
Дидактика оқыту теориясын анықтап, адамның танымдық, ойлау қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Дидактика – педагогиканың маңызды саласы. Дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін сала. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. Жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын , принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке пәндердің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы, ғылым болғандықтан ғылыми – теоритялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми – теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінінің заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқу мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Оқытудың инновациялық моделінің жалпы негізінде оның қазіргі заманғы отандық жоғарғы мектепте кең тараған нұсқауларына қысқаша шолу жасайық.
1. Проблемалық оқыту;
2. Іскерлік ойындар технологиясы;
3. Ақпараттық технологиялар;
4. Модульдік технология.
5. Контекстік оқыту
Проблемалық оқтудың ерекшелігі-мұнда мұғалім білімді дайын түрле баяандап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояады. Шешімді және шешу құралдырын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе- жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі.Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дтистервег, Ушинский т.б.) есімдермен байланысты .
Іскерлік ойындар технологиясы.
Ісекерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:
Көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ляззат алу, қызығушылық ояту);
Коммуникативтік : қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
Өзіндік жүзеге асыру;
Ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;
Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);
Коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;
Әлеуметтендіруші: адамдардың қолдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынды ойлана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.
Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.
Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
бірінші топ- заттық ойындар- ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зеріттеп таниды.
екінші топ шығармашылық, сюжеттік рольдік ойындар.
Мұнда сюжет- интелектуалдық іс- әрекеттің формасы.
Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
Үшінші топ- дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар,әдете, оушыдан
жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең – бастысы пәнді білуді талап етеді.
Төртінші топ–еңбек,техникалық,конструктролық, құрылыс ойындар.Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспралауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дүрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
Бесінші- баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жатығу деңгейін аңғарып, одан әрі детілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б.
Үшіншіден бұл- ақпараттық технологиялар.
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпаратаық технологиялар» терминімен алмастырслуда. Бүкіл ақпаратаық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі- қарқынды күшейте (инстенсивті ) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдау.
Қашықтықтан білім беруде білім беру процессінің негізін өзіне ынғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқтушысымен телефон, электрондық почта арқылы байланысу мүмкіндігі бар оқушының білім мақсатқа бағытталған және бақылап отыратын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтықтан білім беру- жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше,жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту жүйесі міндетті түрде төмендегідей функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
Оқушыларға ақпараттық технологиялардың көмегімен үйренілетін материалдардың негізгі бөлігін жеткізу;
Оқыту процесі барысында оқытушы мен оқыушының өзара интерактивтік қарым- қатынасы;
Оқыушыларға зеріттелген оқу материалын игеруде өзіндік жұмыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
Оқу процесі барысында оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағылап отыру.
Жаңа ақпараттық технологиялар. Қашықтықта оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио-бейнетехника, телекомуникациялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.
Қашықтықтан оқытудың құралдары мен формалары мыналар болып отырады.
Негізінде қашықтықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады.
Баспалық шығарылымдар;
Электрондық басылымдар;
Кәдімгі және мультимедиялық варианттағы компьютерлік оқытушы жүйелері;
Оқу – ақпараттық аудиоматериалдар;
Оқу – ақпараттық бейнематериалдар;
Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;
Тренажерлер;
Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;
Электорнды кітапханалар;
Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;
Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;
Компьютерлік жүйелер.
Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтықтан оқыту мынандай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сыртан оқыту формасына тән);
Аудио- бейнетаспаларды жәен CD-ROM жүйелерін тарату;
Интереактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;
Телеконференциялар, IRC, MOO, VUD (INTERNET жүйесі базасында) арқылы;
Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (INTERNET жүйесі базасында) тарату;
WWW арқылы тарату.
Соңғы кездерде Internеt технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құблыс ұш жағдайға байланысты:
Кез- келген оқу моделін неғұрлым арзан және ынғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internеt- технологиялардың техникалық тұрғыда дамуы;
Internеt жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы;
Жүйеге қосылу құнының төмендігі.
Модулдік оқыту және рейтинг- бақылау жүйесінің ерекшеліктері.
Модуль дегеніміз- міндетті түрде оқушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блокына сәйкес келеді. Бір-ақ, тақырыптан айырмашылығы – модельде: тапсырма,жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысу,оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшщеніп, бағаланып отырады.
Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе , сөйлесу және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрлымымен, оның мақсаты – міндеттерімен тапсырылады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалына қысқаша (10-12 минут ішінде) сызба, кесте т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнынына ( тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлануын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық процсс негізінен , сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәкестендіріліп құрылады.
Оқыту ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын( топтық, топтық- жеке және жұппен жұмыс,диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады.
Үшінші деңгей- білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар ( «жеңілдетілген» стандарт), екінші деңгей стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), бірінші дегей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне- интелектуалдық және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар(« стандарттан жоғары»).
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір – біріне көмегі, бір – біріне оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құптыланып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігімен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білім бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімде беріледі.
Оқытудың инновациялық модельдерін салыстырудың сипаттамасы.
Оқытудың инновациялық модельдері Кілттік ерекшеліктері Дәстүрлік оқыту модельдерінің дамытушы сипаттамасы
Контекстік оқыту Оқушылар іс-әрекеттерінің әрбір түрлерінің интеграциялау: оқу, ғылыми, практикалық іс-әрекеттерін. Шындаққа жақын жағдайлар қалыптастыру. Оқушылардың практикалық жұмысының мөлшерін көбейту
Имитациялық оқыту Оқытудың иммитациялық және ойын түріндегі формасын қалдыру. Оқытудың белсенді әдістерінің мөлшерін көбеиту.
Проблемалық оқыту Оқу материалдарын проблематизациялау арқылы білімдерді өз бетінше іздеуге итетмелеу Оқу тапсырмалар мен оқу еңбектерінің сипаттамасын өзгерті
Модульдік оқыту Оқу материалдары толығымен меңгерілуі үшін міндетті түрде жаттығулар мен әрбір фрагмент бойынша бақылау блоктарына бөлінеді Оқушыға түсінікті болу үшін оқу материалдарын арнайы ұйымдастыру.
Білімдерді толығымен меңгеру Оқушылардың қабілеттіліктерінің әртүрлілігіне орай, оқу нәтижелерін жеткізудің нұсқауларын құрастыру. Оқыту нәтижесіне тіркеуге көңіл аудару
Қашықтықтан оқыту Білімдендіру ресурстарына деген жетістіктердің кеңдігнен оқытушының жанама рольде болуы, оқушылардың өзбетіншен әрі автономды рольде болуы Жаңа ақпаратты коммуникативтік құралдар мен технологияларды қолдану.
2146300127783Мақсат пен жетекші принциптер
00Мақсат пен жетекші принциптер

309245013498500


42767258890Сабақтық мазмұны
00Сабақтық мазмұны
08890Модульдік жобалау мен бағалаудың рейтингілік бақылау жүйесі.
00Модульдік жобалау мен бағалаудың рейтингілік бақылау жүйесі.


95306716778800415353516256000
200831624130Модульдік оқыту технологиясы
00Модульдік оқыту технологиясы

102116113747100415598114005100
3810167005Оқу модулі мен дидактикалық материалды құрастыру
00Оқу модулі мен дидактикалық материалды құрастыру
451485064770Оқытудың әдістері, түрлері және құралдарының бірлігі.
00Оқытудың әдістері, түрлері және құралдарының бірлігі.

Сондықтан да тұтастай алғанда инновациялық білім беру- бұл жай қандайда бір модел емес, ол оқу үрдісіндей әйгілі элементтердің жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану принципі болып табылады.
Білім берудегі инновациялық амалдар қандайда бір модельдерді қолдану арқылы анықталмайды, ол оқу үрдісіне қажет әртүрлі модельдерді қолданумен оларды жобалау және модельдеу арқылы анықталады. Дәл осындай амалдар оқу үрдісін технологиялық, яғни болжаушы, жоспарланған нәтижеге жақын етеді. Мұнда сондай-ақ оны шығармашылық құрылымдаумен салыстыруға болады. Мұндай құрылымдау аймағында аралас модельдерді қолданған жөн екендігін ескерту қажет. Мұндай амалдарды оқытудың ақпаратта-серіктестік технологиясында жақсы қолдануда Онда әрбір оқу пәні модульге құрылымданған және әрбір модуль шеңберінде оқушыларға оқу өнімдерінің кең әртүрлі жинақтары көсетіледі (теле, видео, слад, жеке дара компютерлік тренингтер, әдістемелік ұсыныстары мен өз бетінше жұмысқа арналған тпасырмалардан тұратын жұмыс оқулықтары және т. б.
ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық технология негізінде оқушы білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланысты көрсете алады, проект түзе алу мүмкіндігі туындайды және тағы басқа. Осылайша оқушы алдына қойған мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.
Кез келген педагогикалық технологияның философиялық және әдістемелік негіз болады. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста тепе-теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары түралы» заңында көрсетілгендей , мемлекет жас ұрпақтың білім алуына , әр азаматтың жалпы азаматтық өзіндік сана сезімі қалыптасқан белсенді қоғам мүшесі болуына, оған қажетті, сапаларды игеруіне, қазіргі заманғы технологиялардың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ кейбір оқыту технологиялары әдістемелік және білімдік сипатқа ғана бағытталған педагогикалық технологияларға талдау жасай отырып, бұлардың мына үш бөлігі бар екенін байқауға болады: концептуалды, мазмұнды, процессуалды.
Инновциялық технологияның тиімділігі – оқыту технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік талабына сай , нәтижесін белгілі бір білім стандартына сай жоғары білім болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ел Басы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17.01.14ж// http://www.akorda.kz2. Бордевский Г.А., Извозчинов В.А. Новые технологии обучения: вопросы терминологии. –М.: Педагогика №5. 1993.с.12-17
3. Жоба. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Педагогика мәселелері.//Вопрос педагогики. №1-2.
4. Абсатова М.А. Технология интегративного обучения. Алматы. Ғылым.2004.140с.
5. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.
- М.: Института ПОМО. России,1995
6. Дяченко В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работе: Книга для учителя. -М.:Просвещение. 1991
7. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология: эволюция понятия. Педагогика. 1993.№2
8. Беспалько В.Т., Слагаемые педагогической технологии.- М., «Педагогика» 1989.