БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЕ?ГЕЙЛЕП О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУ


Малғажина Арай Аманкелдіқызы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан МемлекеттікУниверситеті,
Қазақстан,Өскемен
Araika.29@mail.ru
Ғылыми жетекшісі - Дюсембинова Г.К
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Бұл мақалада инновациялық технологияларға жалпы түсінік беріліп, бастауыш сыныпта деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі қарастырылады. Инновациялық технологиялар анықтамасы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттеліп берілген.
Түйін сөздер: инновация, инновациялық технолгия, деңгейлеп оқыту технология, деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, саралап оқыту.
_________________________________________________________
Бүгінгі таңдағы барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет Қазақстан Реслубликасынын бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін сала қызметкерлері барынша ат салысып өз үлестерін қосуы. Бұл тұрғыдан білім беру салаларына да қойылып отырған тапсырма жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі кезде жаңа педагогикалық технологиялар білім беру жүйесіне ендіріліп жатыр.
Инновациялык, оқу және жаңа технологиялар реслублика білім мен тәрбие беру процесінде қоғам сұранысымен орын алуда.Инновация жаңалық жеткізуші, жаңалатып жатқан жүйеге езгеріс беретін құрал. Басқарудағы жаңалықтар қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымда инновация белгілі кезеңцерден өтеді. Атап айтқанда: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық, идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және жайылу инновациялардың іске асу кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен нығыз байланысты.
Бүгінгі таңда барлық пәндері бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологаялардың мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталады: Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконинның дамыта оқыту, модульдік және блоктық-модульдік оқыту, П.М. Эрдиевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту, В.В.Фирсовтың міндетті нәтижелер негізінде саралап окыту технологиясы, Ю.А. Марковтың жеке оқыту, интеграциялық ойын, тестілік, компьютерлік, проблемалық технологиялары және т.б
Инновациялык білім беру технологияларының көптүрлігі педагогтың оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап етеді дегендер (М.М. Поташкин. Г.К. Сеяевко. Н.Д. Хмель және т.б.). Ғалым Н. Хмель мынадай өлшемдерді көрсетеді:
- ойдың тұжырымдамалық негізінің болуы;
- технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық ұстанымының болуы
- нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелілігі;
- педагогикалық үрдіс субъектілерінің орны мен өзара әрекетін анықтау;
- алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;
- технологияның кез келген оқу- тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайыңда қайта жаңғыртылуы.
- Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұндағы инновация;
- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация.
Жаңа педагогикалык, технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Окушылар шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпараттары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан (жан-жақты) бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы.
Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы оқытуды ұйымдастырудың деңгейлеп-саралап оқыту түрлерін бір арнаға біріктіреді.
Жалпы педагогика ғылымы саралап оқытуды екі бағытта қарастырады. Олар саралап оқытудың барысын ұйымдастырудың тәсіліне қарай іштей саралап оқыту және сырттай саралап оқыту деп айқындалған.
Іштей саралап оқыту деп дағдылы мектептегі оқушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып, мұғалімнің оқу - тәрбие барысын ұйымдастыруды айтады.
Сырттай саралап оқыту деп - оқушының қандайда жеке қасиеттерінің негізінде топтарға бөлінуі негізіндегі ұйымдастырылған оқу-тәрбие барысын айтады. Сонымен, бірге қазіргі педагогикада саралап оқытудың төрт түрі бар екендігі дәлелденді:
1) оқушылардың қабілеті бойынша саралап оқыту;
2) қандай білім саласына қабілетсіз оқушыларды саралап оқыту;
3) оқушылардың қызығушылықтарына байланысты саралап оқыту;
4) оқушыларға қандай бір мамандықтарға баули отырып саралап оқыту.
Саралап оқытуды қолдану - оқушылардың танымдық әрекетін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді, өзіндік әрекетін шыңдайды, ізденушілігін арттырады, өз ісіне сенімін арттырады. Сабаққа қызығушылығы артады, белсенділігі күшейеді.
Жалпы Кеңестік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін Лошанова О.Б. (деңгейлік саралап оқыту), Фирсов В.В. (міндетті нәтижеге негізделіп деңгейлеп оқыту), Беспалько В.Т. (тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу әрекетінің төрт деңгейі), Лернер И.Л., Пидаксистный П.И. (білімді меңгеру деңгейі мәселелерін қарастырған).
Сондай-ақ бұл мәселе В.В. Фирсовтың, В.М. Монаховтың, Ж.А. Қараевтың еңбектерінде зерттеліп келеді. Ал саралап оқыту туралы түсінік шет ел педагогикасында ауқымды орын алған. Мысалы, АҚШ-та саралап оқытуды былай тұжырымдаған оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, окьпудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болатындығы дәлелденген.
Француздың педагогикасында 1930 жылдардың өзінде оқушының жеке қабілетін ескере отырып, өзбетімен жұмыстың әртүрлі үлгісін ұсыну деп түсіндірген.
Барлық айтылған айлардан қорытынды жасай келе, оқытуды ұйымдастырудың екі түрін сабақтастыра іске жүзеге асатын даралап-саралап оқыту технологиясы жеке тұлға өзін даму деңгейінде, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді және әртүрлі білім деңгейіндегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге жол ашады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңаша міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс барысында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялық үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына икемделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекешелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясы.
Көптеген педагогикалық инновациялық үрдістердің ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы Америка Құрама Штаттарында бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерінде ортаңғы және жоғарғы сыныптарда алынады.
Шет ел педагогикасынан бастау алған даралап-саралап оқыту технологиясы тек 1995 жылдан бері ғана толық қолға алына бастады, оның зерттелу тарихына тереңірек үңілген ғалым-академик В.М. Монаховтың "Оқытудың модульдік технологиясы" деген еңбегінде деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін модульдік оқыту процесі бойынша блокқа бөліп оқыту арқылы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп істейтін жұмыс түрлері арқылы көрсетеді.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.
Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы қазақ тілі пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Үлгі бойынша орындалатын тапсырмалар болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиісті және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ бұларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Қазақ тілі пәнінде мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: командаларды, операторларды, функцияларды пайдаланатын алгоритмдік тапсырмалары, т.с.с.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегіше топтастырамыз:
1. Танымдық - іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
3. Өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Тертінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1.Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Сынып бағдарламасына сәйкес лексикалық тақырыптар мен грамматикалык, тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері канағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде- қайда жоғары болады.
Үшінші деңгей - оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдаланумен сипатталады. Оқушы талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетінше орындайды.
Төртінші деңгей — дарынды, ізденімпаз қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушынын өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді. Нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуында алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы. Оқу үдерісінің тәрбиелік маңызын арттырудың маңызды шарты оқушылар ұжымындағы өзара қатыныс жүйесі болып табылады.
Егер қатынастар достық, өзара көмек, пікір айтып, іс істегенде еркіндік пен белсенділік өзара құрметтеу және талап қою принципінде құрылған болса, мұндай ұжымда оқушының оқуы жақсы болады. Мұндай өзара қатынас жүйесінде оқушы адамгершілік мораль нормаларын жақсы игереді.
Сонымен педагогикалық үдерісте ұстаз бен оқушылардың өзара дұрыс қатынастары көрсетіп отырғандай, бүкіл оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, оқушыға әсер етуінің нәтижесіне байланысты болады. Егерде ұстаз оқушылармен дұрыс өзара қатынасын орната алмаса, онда ол оқу үдерісін қалай шебер құрғанымен, олардың оқуға деген ынта, тілек - талабын тудыра алмайды, демек, оқыту мен тәрбиелеу ісінде қажетті нәтижеге жете де алмайды.
Пайдаланылған әдебиетгер тізімі
1 Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии / В.П.Беспалько.- М.: Педагогика, 1989 г.- 303 с.
2 Иманбекова Б. Жаңа технологиялармен оқыту әдістері / Б.Иманбекова // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2003 ж.- №7.- 6-9 бет.
3 Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения / В.В.Давыдов.- М., 1986 г.-378 с.
4 Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника/ Д.Б.Эльконин.- М., 1974 г.- 304 с.
5 Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиясы / Қ.Қабдықайырұлы, В.А.Монахов.- Алматы, 1999 ж.- 156 бет.
6 Калниязова А. Жаңа педагогикалық технологиялардың қазақ тілін оқытуда алатын орыны / А.Калниязова // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2001 ж.- №2.-10-12 бет.