О?ыту ?рдісінде Дамыта о?ыту технологиясын ?олдану


Білім   беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында ұстаздар қауымына оқытудың жаңа  технологияларын енгізу мақсаты қойылып отыр. Жаңа технологиялардың ішінде дамыта оқыту технологиясын ерекше атап өтуге болады. Бастауыш сынып оқу бағдарламасына арналып құрастырылған оқулықтар дамыта оқыту технологиясынының негізінде құрастырылғандықтан, дамыта оқыту технологиясы іс - тәжірибеге ене бастады. Менің оқушыларым төртінші сыныпта оқитындықтан дамыта оқыту ұстанымының негізінде балалармен ізденушілік -  зерттеушілік әрекетін жиі ұйымдастырамын. Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттыру барысында дамыта оқыту технологиясының жұмысының бір түрі - мәтіннің мазмұнына сурет салып мәтіннің негізгі ойын жеткізу. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады және дамытады. Оқушылардың ойларын дамытуда ертегілердің атқаратын рөлі өте зор.Ертегі айту және ертегіні ойдан шығару балалардың сөздік қорын молайтады және тілдерін дамытып, қиялдауларына толық мүмкіндік жасайды.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясының атқаратын рөлі зор.