Бастауыш саба?тарында интербелсенді ?дістерді ?олдану (3-сынып)


Бастауыш сынып сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыруЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп мақсат қойып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді,сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді.Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын? деген сұрақ аясында болуы керек.
Қазіргі таңдағы технологиялардың дамыған кезеңінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші — өзімен-өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»). Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «akt»-«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Сонымен «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Басқаша сөзбен айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде мәселені тіпті келесідей төтесінен қоюға болады:«Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге үйретуге болады».
Міне, осы себептерге байланысты жоғары мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) әдістемелер құрауы керек, әрбір оқытушы интербелсенді (бұдан әрі қарай «интербелсенді» термині қолданылады – А.Ә.) құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көруі қажет.
Сабақта берілген білімді нақты түсіну және білімді меңгеру үшін қажетті интербелсенді әдістерді таңдап алу және оларды тәжірибе жүзінде пайдалану қажет.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет. Дәстүрлі өткізілген сабақпен интербелсенді әдістерді қолдану арқылы өткізілген сабақтардың айырмашылықтарын көруге болады
«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді. 

Біз ұстазд әр алдымызға жаңа формация мұғалімі болуды мақсат етіп қойдық, оқушылар да өздеріне осындай «жаңа формация оқушысы» деген мақсат қойса өркеніміз өсіп, биікке жететініміз анық. Сондықтан табысты оқу, кемел білімге қол жеткізу мақсатында сапалы даму жұмыстарын, тәжірибені жақсарту жұмыстарын жүйелі жүргізіп, өзімді үнемі дамыта отырып, кәсіби шеберлікке ұмтыламын