Білім беруде интербелсенді ?дістерді пайдалану ар?ылы жетістіктерге жету


БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУ
Құлымбетова А.Ш.
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия, Шымкент, Қазақстан
Қазіргі заманғы - білім беру жүйесінің баты қарама-қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға – адамның өзін –өзі реттеу мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақта алға қойған мақсат біреу. Оқушының бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасын, қабілетін дамыту. Біз ұсынып отырған әдістің мәні:Проблема, жоба, ситуация, модель ұсынады, өткенді жаңғырту арқылы оқушыға ой салуға әрекеттейді.Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады, жаңаны өз бетінше меңгеруге оқушыны бағыттайды.Көмек, нұсқау, т.б. дидактикалық материалдармен қамтамасыз етеді.Жеке оқушылардың ойын жинақтап, түйін түю әрекетін жасайды, проблеманы шешуге жетекші сұрақтар арқылы жетелейді.Оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырады.Өмірмен, әлеммен байланыстыруға әрекет етеді, оқушы мүмкіндігін барынша ашуға тырысады.Жұмыс нәтижесін бағалайды.Интербелсенді оқыту жүйесінде біріншіден, оқушыны сыни тұрғыдан ойлату керек. Ол үшін: Оқушыға қолайлы орта жасау керек. Ойлауға уақыт қажет, ой ортаға салынып, қандай пікір айтатынын естімесе, ол ой тазармайды, шыңдалмайды. Ойға шектеу жасамау. Белсенділігін арттырып мәнді, жұмыс жасау. Оқушы идеясына сенімді құрметпен қарағанда ғана, олар ісіне үлкен жауапкершілік пен байыптылықпен қарайды. Олар өз пікірінің мәнді екендігіне сенімдері мол болуы тиіс. Оқушы есіне сақтау үшін емес, түсіндіру үшін оқыса ғана есіне сақтай алады.Сыни тұрғыданойлау дегеніміз:Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау – өз бетінше ойлау.Екіншіден, сын тұрғысынан ойлау арқасында таным процесі үздіксіз, саналы, жемісті болып келеді.Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдан, шешуін талап ететін проблеманы анықтаудан басталады.Сын тұрғысынан ойлау балаларды мына нәрсеге үйретеді.- Өз іс-әрекетін ұйымдастыруға; - Мейірімділік пен сезімталдыққа; - Еркіндікті сезінуге; - Өзін-өзі жүзеге асыруға, құндылықтарды сақтауға; - Өзін-өзі түсінуге және басқаларды түсінуге; - Ойлана білуге; - Өзіндік көз қарасты қалыптастыруға, өз ой-пікірін қорғауға; - Сауатты түсініп оқуға; - Адам бойындағы адами қасиеттерін күшейтуге; - Серіктестік қарым – қатынастарға үйренуге; - Кәсіби шебер болуға; - Адамдармен ынтымақтастық қатынастарда болуға; - Тыңдауға үйренуге; - Экологиялық сауаттылыққа.Оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл үйрену сатысы – оқушылар бір бірімен әсерлі түрде ой алмастыратын, әр түрлі шығармашылықпен ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Тұлға дамуы әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады.Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасауы керек. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсының жеңістік жағдайятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын, ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.Бүгінгі таңда бүкіл адамзат материалдық құндылықтың соңынан түсіп кеткен. Техногендік, технократтық ой-өріс басым. Оны өзгертетін нәрсе – білім, тәрбие. Полимәдениетті (көп елдің мәдениетін білетін) тұлғаны қалыптастыру –басқа ұлтпен, мемлекетпен қарым – қатынас жасау үшін тілді, мәденитті, этикетті білетін баланы тәрбиелеу керек. Ондай бала космополитен (өз ұлтына менсінбеушілікпен қарау) бала болып кетпейді ме? Сондықтан алдымен ұлттық құндылық жоғары болуы керек. Ұлттық құндылықтар: ана тілі, тарих, діл (менталитет), рухани бастаулар, мәдениет, салт дәстүр.Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр:Жеке адамның рухани жаңаруына жағдай жасау;Жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде және факультативтер мен арнайы курстар, пәндерден білім беру барысында ақыл-ой мен ұлттық сана-сезімі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу;Балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу;Оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау; Жеке адамның өзіне-өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т.б. қасиеттерін дамыту;Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға қабілеттілігі мен қызығушылығын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау;Жалпы практикалық, философиялық, психологиялық және эстетикалық дайындықты күшейту.
Оқу әрекетінің компоненттері Жаңа білім беру ерекшеліктері Дәстүрлі оқытудың ерекшеліктері
Мотивация Жоғары қызығушылық “Білгім келеді” “Мен міндеттімін”
Мақсат қою Проблемаға байланысты мақсатты оқушы қояды Мақсатты мұғалім қояды
Әдісі Зерттеу, іздену Сөздік,
иллюстрациялық
Формасы Топтық, жұптық Фронталдық, жеке
Бақылау Өзін – өзі бақылау, іс-әрекет түрлері бақыланады Білімнің меңгерілуін мұғалім бақылайды
Бағалау Өзін-өзі бағалау. Салыстырма талдау. Бағаны мұғалім қояды.

(интербелсенді әдіс)
Оқушы

Мұғалім

Оқушы
Оқушы


Дәстүрлі оқыту Интербелсенді оқыту
Мұғалім тарапына берілген білім, білік,
дағды Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным;
Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу.
Ауызша сұрау;
Тестілеу
Курстық жұмыстар;
Бақылау жұмыстар;
Сынақ, емтихан;
Білім деңгейін анықтап, баға қою;
Ынталандыру;
Жазалау; Бірлесе жұмыс жасай білу;
Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу; Таңдау жасап, шешім қабылдай білу;
Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу;
Өзіндік түсіну, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу;
Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу.
Жазба жұмыстары;
Тестілеу;
Бақылау;
Интервью;
Сауалнама;
Портфолио;
Есеп беру;
Өзін-өзі бағалау;
Білім игерудегі жетістерді анықтау;
Белсендіру, ынталандыру;
Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;
Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Күні кеше әлемдік экономика және саясат тұрақты әрі болжауға тұрарлықтай дамыған. Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі – динамика, яғни өзгерістер, тұрақсыздық, белгісіздік және болжаусыздық. Коммуникациялық жылдам құралдардың дамуы (Интернет, ұялы байланыс және т.б.). интернет арқылы сауда жасау және оқу, жоғарғы технологиялар. Адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналуы, адамдардың бос уақытының ұлғаюы және демалу мәдениетінің дамуы, гендерлік саясат (әйелдер рөлінің өсуі). Қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі.Білім жүйесіндегі өзгерістер – репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшу, білімділік парадигмадан шәкірттердің белсенді әрекеттерін талап ететін әрекеттік парадигмаға көшу, «Өмір бойы үйрену» қағидасын ұстану, оқу процесінің мазмұнын зерттеу жұмыстары құрайды, интеллектуалдық тұлғадан рефлективтік тұлғаға көшу.Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы бір жақты түсінігін ( әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді етістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған. Екі жақты, диологиялық түсінікке ауыстырады. Интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті оқушы (оқушыцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты етістіктер қолданылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан дерлік білімнің негізгі екі түрін ажыратады: 1) репродуктивтік;2) конструктивтік.Екі білімді салыстыратын болсақ
Репродуктивті білім Конструктивтік білім
Жоғарғы жақтан
Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы
Еркіндікке жол бермейтін тәртіп (үйретуші тарапынан белгіленген) Еркін түрде әрекеттесу, үйренушілердің өздері қабылдаған ережелерді (тәртіпті) ұстану
Кітаптар (оқулықтар) бойынша үйрену Тәжірибе арқылы үйрену
Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер мен дағдыларды игеру
Бұлыңғыр болашаққа дайындау
Бүгіннің күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану
Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы
Қорыта келе, интербелсенді әдіс оқушыны терең ойлауға, жеке рефлекциялық қабілеттерді дамытуға, өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беруге, ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға, ақпаратты жан-жақты талдауға, өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер мен дағдыларды игеруге, бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалануға үйретеді.