Тарих саба?ында а?паратты?-коммуникативтік технологияларды ?олдану ар?ылы т?л?аны ?алыптастыру


Тарих сабағында ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Ж.Б.Ислямгалиева
ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасының тарих пәні мұғалімі
Тасқала ауданы
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту ең басты орын алады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп , Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны  оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:-          ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;-          білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап , жүзеге асыру;-          оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу -әдістемелік жұмыстарын жүргізу;-          мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;-          білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды , электрондық оқулықтарды жасақтау;-          педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:-    қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;-   жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілетін дамыту;-   білім мен тәрбиенің бірізділігі;-   жалпы компьютерлік сауаттылық;-   оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).
       Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті  сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағында оқытудың ақпараттық технологиясын тиімді қолданып келемін.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді, білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;- Танымдық қабілетін қалыптастырады;- Этнопедагогикалық тәрбие береді;- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;- Оқытушының уақытын үнемдейді;- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді; Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрамайды, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген бөлімді бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға мүмкіндік алады. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
  Баланың жеке өздігінен  ізденуіне мүмкіндік беру;
  Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
  Өздерін – өздеріне бағалату;
  Іс – әрекет барысында білім алу;
    Осыған орай өзім сабақ беретін 5-8 сыныптарда осыған сәйкес ұйымдастырылған іс –әрекетті  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы» т.б технологияларының  элементтерін , интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын.  Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады , мысалы: белгілі бір материалдарды интерактивтілік тақтада орындау арқылы файлдарды белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады , бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау , қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді , сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек  болады. Сабақ кезінде тақырып мәтіні оқушыларға қызықты және дәлелді түсіндірілсе есте жақсы сақтайды. Интерактивтік тақта арқылы білім жоғары деңгейде беріліп, тағы  да  мұғалімдердің уақытын үнемдейді.
Өзім сабақ беретін  5 сыныбында «Алғашқы адамдардың тұрмыс – тіршілігі мен кәсібі, қоныстары»  тақырыбында эврика – компьютерлік сабақ өткіздім.  Сабақта компьютерлік оқыту технологиясы, Ұжымдық оқыту технологиясы,  Сын тұрғысынан оқыту технологиясын қолданып сабақ міндеттерін нақтылау барысында  технологиялық карта дайындадым. 
Сонымен қатар сабақ барысында білім мен білікті жинақтау мақсатында тірек – сызбаларды қолданамын. Мысалы «Француз революциясы» тақырыбында өткен сабағымда оқушыларға тақырыпты тірек-сызбалар арқылы түсіндіріліп, тапсырмалар тірек – сызба, кестелер түрінде берілді.
                   
    Тірек – сызба  қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам
Логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Тез әрі жылдам тапсырманы орындай алады
Оқу материалын терең меңгереді
Көру арқылы есте сақталу қабілеті артады   
Сынақ емтихандары үшін анықтамалық
    Сонымен қатар  сабақ барысында  жаңа сабақты қорытындылау  дискуссиялық өрнек толтыруды оқушыларға тапсырма ретінде бере отырып жаңа білімді игеруін бақылаймын.  Мысалы  сыныпта өткен  «Ұлы географиялық ашулар» сабағында жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға дискуссиялық өрнек, семантикалық карта толтыру тапсырмасы  берілді.
№ 1.Дискуссиялық өрнек
Иә Жоқ
Сауда дамыды Отарлық езгі күшейді
Материктер арасында байланыс Америка, Азия, Африка халықтарының жағдайы ауырлады
Теңіз жолы дамыды Ұлы Жібек жолы тоқтады
№ 2.Семантикалық карта
Сорогос теңізі «Әулие Елена» Тынық мұхиты Бразилияны зерттеді
Х.Колумб + Ф.Магеллан + А.Веспуччи +
Васко да Гама +   
 Интерактивті оқытудың тиімді жақтары:
Оқушылар   ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді.
Оқушылар  ойларының тереңдігіне талпынады.
Мұғалімнің жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.
Интерактивті оқытудың түрлері:
Бүгінгі кезде мұғалім топтық оқытудың жұмыстарының көптеген түрлерін іске қосты. Көпке белгілі – «Үлкен дөңгелек», «Зырылдауық», «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебаттар» және т.б. Бұлардың маңыздылығы және пайдалылығы тек келесі жағдайлар жасалғанда болады: сабақ барысында бір проблема толығымен алынса, осы проблема туралы оқушыларда алғашқы түсініктері болса (сабақта айтылған немесе өмірден алынған) сонымен қатар талқыға салынған тақырып жабық және бір бағытта болуы тиіс.
7-8 сынып оқушыларымен топтық жұмыстың ең жеңіл түрлерінен бастаған жөн («Зырылдауық», «Үлкен дөңгелек», «Аквариум»). Бұл жерде осы формалардың ең маңыздылығы бала өзінің ойын айта білуі, оның көзқарасы және бағалауы сонымен қатар топтастарының (қарсы топтың да) аргументтерін естіп, өзінің көзқарасынан бас тартып немесе күрделі өзгертіп жіберуі. Қоғамтануда бұл өте маңызды, себебі оқушы логикалық ойлаумен қатар басқаның ойын, пікірін сыйлауды үйренеді.
Топтық жұмыстың ең қарапайым түрі: «Үлкен дөңгелек».
Жұмыс 3 этаптан тұрады.
1) Топ үлкен дөңгелек түрінде өтеді. Оқытушы проблемалық сұрақтар
қояды.
2) Белгіленген уақыт ішінде (10 минут шамасында) әр оқушы жеке өзі
қағазға проблеманы шешу жолдарын қарастырады.
3) Әр оқушы кезекпенен өзінің ұсынысын оқып шығады. Топ үндемей
тыңдап шығады (сынамай, талқыламай). Әр пунктке дауыс береді.
Біріккен шешімге кірістірілуін немесе кірістірілмеуін шешеді.
«Аквариум» диалог түрі, «қоғамның алдында» оқушылар проблеманы талқылауы тиіс. Бір топ араларынан бір оқушыны осы проблема бойынша диологты жүргізуге сайлайды. Кейде бірнеше оқушы қатысу мүмкін. Қалған оқушылар көрермен болып отырады. Бұл ұйымдастырылған әдіс оқушыларға не береді? Ол құрбыларына сыртқы көзбен қарау, яғни оның қалай сөйлейтінін, бөтен ойға пікірге көз қарасы, өзің ой пікірін дәлелдеуі басталайындеп тұрған конфликтіні қалай басады.
Интерактивті оқытудың ең басты шарты интерактивтік тренинг оқытуда жеке қабысуы мұғалімнің белсенді әдістерін пайдалану.
Интерактивтік әдістерге:
* Рөлдік ойындар;
* Пікір сайыс;
* “Ойлан да, ойыңды айтып қал”,”Айтарыңды айтып сал”(«Мозговая атака»,«Мозговой штурм»);
* “Кейс-стади” (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы);
* Тренинг (психологиялық,іскерлік қарым-қатынас,тұлғаны дамыту,коммуникативтік білікті дамыту тренигі);
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы , әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда , көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағымда интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескіндермен салыстыруға болмайды.
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
Слайдтарда, флипчартта кестелер жіберілсе , тез арада түзетуге болады.
Сабақта ACTIV ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға боладыACTIV wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Сабақтың өнімділігі артады.
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етедіКүтілетін нәтижелер:-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;-          жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;-          біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;-          білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;-          республиканың  білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп , білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінше , бірде-бір озық ел бола алмайды» . Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық , білімді азамат болып жетілуіне байланысты.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2.  Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3.  Білімдегі жаңалықтар // 2007.   №4 26-28 б.
4. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал  . Алматы 2006-2010ж.
5. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы. - С. 86.
6.Түсіпова А.Ж. Компьютер жаңа оқытудыңтехнологиясы. Алматы, 2012ж.
7. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 - 2006ж.