Бастауыш сыныптарда білім беруді жа?арту ба?дарламасы


Аты – жөні :Жангерей Жангүл Маратқызы
Бастауыш сыныптарда білім беруді жаңарту бағдарламасы


«Мұғалім – мектептің жүрегі » демекші оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса ,жемісі де шырынды болмақ.Сондықтан қазіргі мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдында талап өте үлкен болып отыр.Қазіргі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып ,жаңаша білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін,әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін,шығармашылық ізденісін,оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етуде.Мұғалім осы жаңашылдықтарды ,жаңа технологияларды оқып үйренеді,меңгереді,тәжірбиеде қолданады,оны дамытып ары қарай нәтежиеге жете алады. Менің ойымша қазіргі таңда жаңаша білім беру өте тиімді, бұған дәлел жас жеткіншектің жаңа білімді жаңа көз қараста қабылдай алуына жағдай жасайды. Бұл жаңа білім беру бала ақыл ойының жетілуі бір қалыпта дамуын дағдыландырады. Бұл арада мұғалімнің басты міндеті балаға берілген материалды нақты әрі қонымды игерту болғандықтан,мұғалім басты ролді атқарады.Қорыта келгенде біздің елбасымыз айтқандай «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында » сондықтан осы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істеу үшін біз үшін аса маңызды болмақ.Біз жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама арқылы бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жаңарақ етіп жасай аламыз.Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама екеніне сенімім мол!!!