?ндірістік о?ыту саба?ында ?зіндік ж?мысты ?йымдастыру та?ырыбына баяндама


Өндірістік оқыту сабағында өзіндік жұмысты ұйымдастыру
М. А. Кунапина, өндірістік оқыту шебері
Өндірістік оқыту шеберлері ПЦК
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»
К.Д. Ушинский
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Сондықтан да студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру, қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді.
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі[2].
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е. Абылқасымова, Н.А. Адельбаева, С.И. Архангельский, М.В. Буланова-Топоркова, М.Г. Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған.
Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.
И.Т. Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы.
Г.Н. Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады[2].
Тақырыптың өзектілігі: Өзіндік жұмыс – студенттің күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Студенттер өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, оқытушының берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Егер оқытушы студентке бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде студент өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан, оқытушы студенттің өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін оқытушының көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйретуі қажет.
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті маманның құзыреттілігін қалыптастыра отырып, дербес машығын дамыту арқылы өндірістік оқыту сабақтарында өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
Міндеттер:
Студенттердің іс-әрекетінің жүйелігін, белсенділерді анықтау, бақылау, жұмыстың қортындыларын шығарып, оны талдау арқылы жұмыстың орындалуын ұйымдастыру.
Студенттердің өз бетінше ойлау, қабылдау, тәжірибеде қолдану қабілеттерін арттыра отырып, ағымдағы және тәжірибеде қолдануын жүзеге асыру.
Кәсіби-іскерлік негіздерін меңгерту жолымен және түрлі әдіс-тәсілдерді, педагогикалық технологияларды қолдана отырып бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: Өндірістік оқыту.
Зерттеу пәні: «Өндірістік оқыту сабағында өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру».
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Студенттің өздігінен білім алу жұмысы тек өзінің білімін толықтыру, өзін-өзі жетілдіру міндетімен шектелмейді, өздігінен ізденіп жүрген студенттер басқаларға білім беруге, олардың білім алмасуына дағдыландырады. Өзіндік жұмыста басты мақсат – студенттерді саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Студенттің өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру – дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Өзіндік жұмыс  - арнайы бөлінген уақыт ішінде оқытушының көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
-         Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
-         Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
-         Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.
Студенттердің ойлау қабілеті мен танымдық қызметін дамытатын жаңа технологияны қолданудың бір жолы «топпен немесе ұжымдық жұмыс» болып табылады. Мысалы: Оқушыларды 4 топқа бөліп, түрлі тапсырмаларды орындатуға болады.  Тапсырмаларды орындатудың бірнеше жолдарын көрсетуге болады. Тақырыбы:«Көкеністерді жай және күрделі кесу түрлері», кесудің түрлерін қолдана отырып, 1-топ – сабанша, 2-топ – текшеше, 3-топ – томарша, 4-топ – тілімшелерге көкөністерді турап салат дайындау керек. Сол салатқа дайындалу сұлбасы мен технологиялық карта құрастыру. Студенттердің өздеріне нұскаманы сеніммен тапсырамын, онда білім алушылар тапсырманы орындау үдерісін тек қана айтып қоймай, сонымен қатар көрсетулері қажет, сол арқылы өздігінен жұмысты арттырады. Мынадай жұмысқа жаңа материал және өтілген материал арасында байланыс орнатушы сұрақтар енгізіледі. Өздігінен жұмыс жасаудың қорытындысы  студентке жетістікке жетуінің қуанышын сезінуге, өз күшін сынауға, қиындықты жеңе білуге  мүмкіндік беретін оқу мәселесінің шығармашылық тұрғысынан шешімін табу болып табылады. 
Оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуы білім алушының өзбетінше білім алуының басты факторы екендігі жөнінде сеніммен айта аламын. Сондықтан да өз жұмысымда  өзіндік жұмыстардың әр түрлі түрлерін қолданамын. «Аспаз» мамандығы бойынша өндірістік оқу сабақтарында  тек қана топты емес, сонымен қатар әр оқушыны бөлек назарға аламын. Өздігінен жұмыс жасаудың тиімділігі үшін тақырып бойынша технологиялық карталар, сұлбалар құрастыру беріледі. Сонымен қатар  жауаптары бар тестілеуді қолданамын, тапсырма-кәртішкелері, мәселелік жағдайлар. Өздігінен жұмыс  ақыл-ой еңбегінің жоғары мәдениетін көрсетеді: оқу техникасы, кітапты зерттеу, жазбаларды жүргізу ғана емес, сонымен қатар, дербес қызметіне мұқтаждығы, мәселеленің мәнін түсінуге ұмтылу, әлі шешілмеген мәселелрдің тұңғиығына ену.
Баяндаманы құрастыру барысында келесі мәселелер қарастырылды: Студенттер үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол студенттің жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Студенттерді өз бетімен орындағын жұмыстар қызықтырады, ал қызығып орындаған жұмыс әр уақытта нәтиже береді. Оларға белгілі бір іс-шарада, көпшілік алдында орындаған жұмыстары нәтижелі шықса оң әсер етеді. Олар бізден не күтеді? Мақтау, жақсы баға күтеді. Студенттерді кітаптағы жаттығулар мен жаттанды мәтіндер қызықтырмайды. Оларға жаңа жұмыс түрін өзі ізденетіндей жағдай туғызсақ, ол шамасы келгенше өз бетімен орындауға тырысады. Ол өз шамасын, күшін, білімін тексереді. Орындай алмаймын деген ойдан арылады. Түрлі жұмыстар орындау барысында жаңа идея, ой туындайды, өздері іздеп тапқан материалдар есінде жақсы сақталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030» Жолдау.
Қазақстан Республикасының Білім заңы
Балықбаев Т. О. Педагогические и технические основы формирование студенческого контигента. Алматы, 2001
Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е., Білімді бақылаудың автоматтандыру тәжірибесі. Алматы, 2001
Башарова Ж.Р. «Педагогикалық технологиялар арқылы оқушының танымдық қызметін арттыру», Алматы, 2003-129б