«?й ж?мысын ?йымдастыру ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту» та?ырыбы бойынша ?ыс?а мерзімді коучингты? рефлексиялы? есебі


«Үй жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту»
тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп,
«Үй жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту»
тақырыбына шықтық.
Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі оқыту барысында үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі болып саналады.
Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңыздысы:
Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып қарастырамыз. 1.Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды әңгіме,көрнекілік әдістерімен,ойын әдістерімен тексереміз.Нәтиже: сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы. 2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу,мәтінді өзгерту деген тапсырмаларын ұсынамыз.Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады. Нәтиже.Мазмұндама жазуға,өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді. 3.Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі,әңгіме,шығарма,эссе, өлең жазу,жаттауға береміз.Бұл тапсырмаларды әңгімелесу,ойын ойдан шығару,проблемалық сұхбаттасу,жұптық жұмыс арқылы тексеруге болады. Нәтиже, ертегілер,әңгімелер,шығармалар ,өлеңдер жинағы ретінде шығады.
Үйге берілетін тапсырмаларды күнбе – күн тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізіледі. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеру керек.
Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 14 мұғалім.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Коучингке «Үй жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.
Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - Оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын үй жұмысын тексеруде жаңа талапқа сай стратегиялармен таныстыру. Міндеті:
* оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыруға үйрету;
*үй жұмысына қоятын талаптарды қарастырады;
*үй жұмысын тексеруде түрлі стратегиялармен танысады.
Күтілетін нәтижеміз:
Түрлі сыни тұрғыдан оқу технологияларын біледі.
Ойлау қабілеттері туралы біледі;
Қызығушылығын арттыру;
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Коуч - коучингке келген қатысушылармен амандасып, Қатысушылар өз қалауы бойынша 2 топқа 6 адамнан бөлініп отырды
Нәтижесінде: коучинг қатысушылары стикер арқылы топ ұйымдастырды.
Топқа бөлгеннен соң топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатымен Шеңбер күйі «Өзінің көңіл-күйін басқаға беру» әдісін алдық. Қатысушылар шеңбер құрып, оң алақаны көршісінің сол жақ алақанында жатады. Шапалақпен оң жақ қолымен көршісіне көңілін тілекпен береді.
Нәтижесінде: қатысушыларымыз өздерін жақсы тілектер көрсетті.

«Миға шабуыл» әдісінде Сіздер 21 ғасыр мұғалімі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?Ойлау қабілеті деген ұғымды қалай түсінеміз? сұрақ қойылды.
Нәтижесінде: Тапсырманы орындады, өздерін бағалады, басқа адамды бағалады. Коучтың сұрағына жауап берді.
Тәжірибелік кезең Қазіргі заман талабына сай үй жұмысына қандай талаптарды қою керек? деген сұрақ берілді. Сұрақты постерде салу керек еді.
Нәтижесінде: Топтар постерге салып қорғайды, өз ойларын айтады.

Теориялық  кезеңде коуч презентация көрсетті.
Нәтижесінде:Слайд презентация арқылы үй жұмысына қоятын талаптармен түрлі стратегиялармен таныстырды.

Тәжірибелік кезеңнің екінші тапсырмасы «Мынадан-анда» әдісінде Абай Құнанбаевтың өмір баяны «Қыс» өлеңіне үй жұмысына тапсырма құрастыру болды. Презентацияда үй жұмысына қолданатын түрлі стартегиялардың ішінен бірнеше түрін таңдап, қалай қызықты үй жұмысын тексеруге болатынын анықтау болды.
Нәтижесінде: топтар өздерінің үй жұмыстарын деңгейлік тапсырма беріп, әр тапсырманы түрлі стратегиямен тексеруге болатынын көрсете білді. Үй жұмысын ұйымдастыра білді.

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Коучингті қорыту үшін рефлексия «Нысана» қағазы таратылды. Коучке келген қатысушылар 4 сұраққа жауап берді. Коучингте ең бірінші не ұнады?  Не ұнаған жоқ? Өзің жаңадан не білдің? Алған әсеріңіз қандай?

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы