Шеберлік саба?ы Отбасылы? мерекелер д?ниетану п?ні 1 сынып


«САБАҚТА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ»
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Жұмыс барысы Уақыты Ресурстар
Кіріспе Тыңдаушылар аудиторияға кірісмен, қалайуынша геометриялық фигуралардың түсін таңдап, топтарға бөлінеді. Өз орындарына орнығып алған соң, Жігіттер квартетінің «Туған күн» орындалады. Жүргізуші тыңдаушылардан бұл әнді естігенде нені елестетінін сұрайды. Тыңдаушылар өз әсерлерімен бөліседі. 2 мин 1 слайд
Жүргізуші сабақтың тақырыбымен таныстырады: «Отбасылық мерекелер»
Сабақтың оқу мақсаты: Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру. Жетістік критериі: берілген тақырыпқа қатысты өз көзқарасы мен пікірін айта алады.
Жүргізушінің тыңдаушыларға қоятын сұрақтары:  
-Сіздер таңдаған геометриялық фигуралардың түстерді қандай жыл мезгілімен сәйкестендіре аласыздар? Неліктен?
- Сіздердің туған күндеріңіз белгілі бір жыл мезгілінде өтеді. Туған күніңізде сіздерді қандай тосынсый күтеді? 5 мин 2- 4 слайд
Аудиториядағы үстелдер топтық жұмыс жұмыс жасау үшін 4 топқа арнай бөлінген.
Туған күнді жоспарлау
- Топтық жұмыс:
1 топ - Мерекелік мәзір әзірлейді. Қандай тағам түрі мен сусын әзірлейтіндерін ойлап табады;
2 топ - ойын ойлап табады.
3 топ – сыйлық дайындайды.
4 топ - қонақтарды қарсы алу үшін үйлерін сәндейді.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Өзара бағалау жүргізіледі. 25 мин 5 слайд
Практикалық іс-әрекет
Топтық жұмыс «Менің ең керемет туған күнім» жаттығуы
Топта әр топ мүшесі өзінің ең керемет өткен туған күні туралы бөліседі. Кейін топпен ақылдасып, ең жақсы әңгімені таңдап, таңдаған әңгімені баршамен таныстырады.

Бұл жерде өзара бағалау жүргізіледі.
Жүргізуші тыңдаушыларға дайындаған тосынсыйы туралы айтады. Кейін қағаздан жасалған гүдердің ашылғанын көрсетеді. 10 мин
1 мин 6 слайд
Рефлексия Қорытынды жасай отырып, шеберлік сағат барысында белсенді жұмыс түрлері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілгенін айтады. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі де мүмкін екеніне қөзіміз жеткенін түсіндіреді. 2 мин 7 слайд