Эссе ?зін-?зі тану рухани-адамгершілік білім беру ба?дарламасы бойынша Мені шабыттандырды


Абдикеримова Н.Ж.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мені шабыттандырды
Менің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгеріп осы бағытта жұмыс жасауым бұл кездейсоқ емес деп ойлаймын. Себебі, қоршаған айналаға қарап отырып терең ойдың тұңғиығына түскен уақытта ішімнен бір дауыс үн қатады. Бұл жүрек дауысы. Әлемге, айналаға қарашы, қаншама жандар мейірім мен қайырымдылыққа зәру, әлдекімнен көмек күткендей. Сенің тұнжыраған бұл кейпің ол жандарға қалайша қуаныш сыйлайды дейді. Шынында, байқап қарасам, әр күн сайын өмірдің ғажап сәттері, бақытты шақтары, шуақты таңдары мені қарсы алады. Мен неге жүрегімдегі сүйіспеншілікті өміріме арнамаймын. Осындай шексіз әлемді күннің риясыз нұрына бөлеген сүйіспеншіліктің мейірімі қандай кең. Бұл ақиқат. Әр күн сайын таң атқанда құстардың қуанып ән салғаны жаныңды жадыратады. Сені бақыт бағына қуаныш соқпағымен жол көрсетіп шақырады.
Бұл рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мені өзімді тануға көмектесті, өмірді сүюге көмектесті, мені сабырлыққа, шыдамдылыққа шақырды, жаныма жылылық сыйлады, өмірді нұрға бөледі. Армандарға жол ашты. Қол ұшын созды. Дұрыс-әрекет жасауды көрсетті. Өзіңнің бойыңда болып жатқан бұлқынысты басуға көмектесті. Жаныңның тыныштығын сездірді. Өмірде өз орнымды табуға жол сілтеді. Табиғаттың сұлу көрінісін тамашалап сезінуді үйретті. Әлемге ізгілік көзімен қарауды үйретті.
Осы бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы мұғалімдерге шабыт берген, бойындағы шаттығын іздеген, оқушыларды риясыз сүюді үйреткен педагог ғалым Ш.А.Амонашвилимен кездесуді бұйыртты. Осы кездесу барысында Шалва Александрович Амонашвилидің қолынан өзінің қолтаңбасы қойылған қазақтың киелі домбырасын алдым. Осы домбырада ойнаған сайын менің ойыма қазақтың кең даласының дархан төсінде киелі қара домбыраның үнімен қазақтың қаракөз балапандарының бойына рухани-адамгершілік тәрбиесінің дәнін егіп, болашақ өскелең ұрпағымызды мейірімділікпен тәрбиелеу керектігі туралы ұғым келеді. Осы домбыра мені әрдайым шаттандырады, шабыттандырады.
«Қазақтың домбырасы қолымда,
Айқын менің таңдаған жолымда.
Сүйіспеншілікпен еңбек етем әрдайым,
Рухани-адамгершілік білім беру жолында», - деп мені шабыттандырған сәтінде ойыма осы бір шумақ жолдары оралды.
«Шабыт!
Шалқар теңіз,
түпсіз терең бір ұғым,
Түсінбеппін бұл ұғымның мен сырын.
Ақиқатты сүйіспеншілікпен жеткізіп,
Дұрыс жолды таңдауды сен ұқтырдың.
Қиянатқа жол жоқ екен әлемде
Жүректегі тыныштығың болса шын», -деп тағы да бір ойыма оралған жыр шумағымен аяқтағым келеді.
Әрдайым шабыт сыйла сен маған....