Мектепалды даярлы? топ білім беру саласы п?нінен к?нтізбелік – та?ырыпты? жоспар?а арнал?ан Музыка


2016-2017 оқу жылындағы “Шығармашылық ” білім беру саласы пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспарға арналған
Музыка барлығы 64 сағат, аптасына 2 сағат
№ Сабақ тақырыбы Бағдарламалық мазмұны Қолданылатын материал Сағат саны Мерзімі
1 Білім күні 1 06.09.2016
2 Музыка әлемінде Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау және ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Мектепке,оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру Мектеп суреттері 1 09.09
3 Қазақстан – Республикам!Қазақстан Республикасы Гимні, рәміздері, Қазақстан республикасының Бірінші Президенті туралы түсінік қалыптастыру. Гимн мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін, нышандарын қастаерлеу, Гимнді мақтанышпен қабылдау, орындауға баулу. Тындаған орындаған әндерді салыстыру, ажырата білуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әнді қуанышты, мақтанышпен орындауға төселдіру. Отанға,еліне,туған жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Би жанрларын ажырата білуге талпындыру Қазақстан Республикасының картасы. Қазақстан Республикасының рәміздері: Қазақстан жері, байлығы туралы көрініс: Гимн, Ту, Елтаңба. Қазақстан 1 13.09
4-5 Менің Отаным - Қазақстан 2 16.09-20.09
6-7 Жаса мәңгі ана тілім Музыканың екпінін, ырғағын түсіне білуге жаттықтыру. Әнді орындау кезінде дауысты дыбыстарды ашық,дұрыс орындауға үйрету. Ән мазмұны негізінде ана тіліне деген мақтаныш,құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Вальс би элементтерімен таныстыру,биге деген қызығушылығын арттыру 2 23.09-27.09
8-9 Отан отбасынан басталады әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді орындауға төселдіру. Ән мәтініне сәйкес үйлесімді қимыл-қозғалыс жасауға талпындыру. Ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, ересек туыстарына деген сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің суреттері 2 30.09-04.10
10-11 Бүгін қай күн? Музыкалық шығарманың мазмұнын түсіну; музыкалық көркемдік құралдарды, музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; имандылық-инабаттылыққа тәрбиелеу. Жұмбақ , көркем сөздер арқылы апта күндері, оның аталуы, күнтізбежүйесі туралы түсінік қалыптастыру Түрлі түсті қарындаштар 2 07.10-11.10
12-13 Алтын күз Әнді табиғи дауыспен , мәнді орындауға жетелеу. Күзгі табиғатты бақылау. Күз туралы жұмбақ, тақпақ,халық болжамдарымен таныстыру. Күз көрінісінің суреті, табиғи материалдар(жапырақтар, бүршік, жаңғақ т.б.) 2 14.10-18.10
14-15 Күз - жомарт Балалардың музыка жайлыәсерін байыту; жоғары төмен дыбыстарды ажырата білуін анықтау,үйрету; әндіжеке,хормен айтуға жаттықтыру. Күз сыйлығы туралы әңгімелесу, әңгіме құрастыру. Күз көрінісінің суреті 2 21.10-25.10
16-17 Ойыншықтар ән-күйлерді тыңдау, қабылдау,есте сақтау және музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету;бейнелі қимылдарды беребілуге талпындыру;әр ойыншықтың қайда, неден,қалай,кім жасайтыны;ойыншықтардың зиянды түрі болатыны туралы түсінік беру. Ойыншықпен ұқыпты ойнау, күтіп ойнауға тәрбиелеу ойынщықтар 2 28.10-08.11
18-19 Өмірің өз қолында Музыка характерін қимыл-қозғалыспен бере білуге жаттықтыру. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Ән мазмұнын түйсіне орындау. Қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында тақырыпты жыл мезгіліне сәйкес қайталап,бекітіп отыру Бағдаршам макетітүрлі жол белгілері 2 11.11-15.11
20-21 Әдепті бол балақай Музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын сезіне,ажырата білу. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Басқа ұлттар билерін,қазіргі би ырғақтарын еркін билеуге дағдыландыру. Үлкендерге,кішілерге сыйластық, мейірімділікпен қарауға,әдептілікке баулу «жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыптарынан суреттер 2 18.11-22.11
22-23 Қыс келді Әнді көңілді күймен қабылдау, ән мазмұны бойынша қыс көріністерін бере білуге, басқа жыл мезгілдерімен салыстыра, ажырата білуге үйрету Қыс көріністері, 2 25.11-29.11
24 Астана – Бәйтерек Тәуелсіз Қазақстан,Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту. Астана қаласының тарихы туралы, көрнекі жерлері,әсем ғимараттар, олардың неге арналғаны туралы түсінік беру. Бәйтерек туралы мағлұмат беру. Отанға, Отанның көзтартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш,құрмет сезімдерін тәрбиелеу Астана қаласының Бәйтерек құрылысының көріністері 1 02.12
25-26 Ғажап қала - Алматы Ән-күйді тыңдау сәтінде динамикалық есту, есте сақтау,әсерлену қабілеттерін дамыту.Әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік,құрмет,мақтаныш сезімдерін қалыптастыру Алматы қаласының суреттері 2 06.12-09.12
27 Тәуелсіз Қазақстан Тәуелсіз Қазақстан, Желтоқсан оқиғасы, «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» екені туралы түсінік қалыптастыру. Тәуелсіз елін, жерін, мақтан тұту, патриоттық сезім тәрбиелеу Қазақстан республикасының картасы, рәміздері 1 13.12
28 Астана ару қалам Астана қаласының тарихы туралы, көрнекі жерлері,әсем ғимараттар, олардың неге арналғаны туралы түсінік беру. Астана қаласының суреті 1 20.12
29-30 Жаңа жыл Музыканың,әннің характерін,көңіл күйін бере орындауға жаттықтыру. Қыс, жаңа жыл, ескі жыл(13 қаңтар) шығарып салу дәстүрі туралы түсініктерін кеңейту,бекіту Шырша ойыншықтарын,сыйлықтар жасауға қажетті құралдар 2 23.12-10.01.2017
31-32 Қысқы ойын қызығы Музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсіне, ажырата білуге талпындыру. Әннің ырғағын сақтап, көңілді,еркін орындауға төселдіру. Музыкаға сәйкес қысқы ойын қимыл-қозғалыстарын бере білуге талпындыру Қысқы ойынға қатысты ойын құралдарының суреті 2 13.01-17.01
33-34 Қорқыт ата Халқымыз қадір тұтып, атың аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік беру. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Қорқыт атаның өсиет,нақыл сөздері, бата тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Қорқыт атаның суреті, ақыл-өсиет,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер 2 20.01-24.01
35-36 Бесік жыры Музыканы эмоциялық қабылдау қабілеттерін дамыту; балалардың тембірлік қабылдауын қалыптастыру; ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелеу. Бесік қуыршақ,тұмар 2 27.01-31.01
37-38 Үй жануарлары Музыкада бейнеленген жануарлардың қимыл-қозғалысын бере білуге төселдіру. Әнді жеңіл, көңілді орындау қабілеттерін жетілдіру. Жануарларға деген қызығушылық, қамқорлықтарын тәрбиелеу Ойыншық – күшік,мысық,аңдар,торғай т.б. түрлі түсті қарындаштар 2 10.02-14.02
39 Қазақ халқының музыкалық аспаптары Бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау,тану,салыстыру,ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру Қазақ халқының музыкалық аспаптарының суреті 1 17.02
40 Нағыз қазақ домбыра Түрлі аспапта ойналған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау, есте сақтау,ажырата білуге үйрету. Домбыра түрлерімен, домбыраның құрылысымен таныстыру. Қазақтың ұлттық аспаптары: домбыра,қобыздың суреттері 1 21.02
41-42 Тұсау кесу Музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата,бейнелей білуге үйрету. Әнді табиғи дауыспен ,нәзік орындауға төселдіру. Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға талпындыру. Тұсау кесу рәсімі,сәбидің аяғының астына төселетін ақ мата, ала жіптің мағынасы, рәсімі кім жасайтына туралы түсінік қалыптастыру Тұсау кесуге қажетті заттар: қайшы,ала жіп 2 24.02-28.02
43 Көктем өрнегі Дыбыс жоғарылығын, контрасты емес ырғақты бейнелерді ажыратабілуге үйрету. Әнді көңілді ,қуанышпен орындауға, ән ырғағына сәйкес қимыл көрсете білуге төселдіру.табиғат көрінісін сезіне білуге , табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыру Көктем көріністерінің суреті 1 03.03
44-45 Құстар қайтып келеді Балаларды өздігінен музыка бағытын ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру. Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге,ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу Түрлі құстардың суреті 2 07.03-10.03
46 Аман болшы анашым Жоғары , төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру. Әнді орындаған кезде «ана,анама,әже,әжеме» т.б. сөздердегі дауысты дыбысты дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық характерін бере орындауға баулу. Әжеге , анаға деген мейірімділікке тәрбиелеу Ана, әжелердің, мамандықтардың, әже іс-әрекеттерінің суреттері 1 14.03
47 Әжеме арнаймын әнімді 1 17.03
48-49 Наурыз-біздің жаңа жыл Ән мазмұнын түсіне, еске түсіре,тани,салыстыра, ажырата білуге талпындыру. Әнді жеке , қосылып,еркін, көңілді шаттана орындауға жаттықтыру. Ұлттық мерекелер мәнін жете түсіндіру, қызығушылығын арттыру. Музыка ырғағына сәйкес бейнелер қимылын бере білуге талпындыру Наурыз мерекесінен көріністер 2 04.04-07.04
50-51 Бәрекелді дастархан Музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білу. Әнді көңілді ,қуанышпен,мәнерлі орындауға жаттықтыру. Билердің қарапайым өзіндік түрлерін ойлап табуға жетелеу Түрлі тағамдар суреті 2 11.04-14.04
52-53 Ақсақ киік Күйшінің өмірі,шығармашылығымен таныстыру. Күй тыңдау барысында алған әсерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажырата білуге үйрету. Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру Жануарлар,киік суреті 2 18.04-21.04
54-55 Орыс халқының музыкалық аспаптары
Орысхалқының музыкалық аспаптарының құрылысы жасалуы, дыбысымен танысу. Қазақ ұлттық музыка аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру Орыс халқының аспаптарының суреттері 2 25.04-28.04
56-57 Ұлы достық жасасын
ән мазмұны арқылы мейірімділікке, достыққа,сыйластыққа тәрбиелеу. Әнді ширақ,көңілді, еркін орындауға төселдіру. Ұлттық би элементтерін еркін орындауға жаттықтыру Түрлі түсті қуыршақтар, олардың ұлттық киімдері 2 02.05-05.05
58 Аты аңызға айналған атамыз Ән сөздерін анық, жігерлі, екпінмен орындау. Батыр атамыздың өмір өнегесі,өсиеті арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу Бауыржан Момышұлының портреті,кітаптар көрмесі 1 05.05
59 Жеңіс күнін тойлаймыз
Бауыржан Момышұлының қантты сөздерінің мәнін тереңдете түсіндіру 1 12.05-16.05
60-61 Ақ қанатты, көк қанатты көбелек Түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, көңіл күйді сезіне білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қиялын, ұлттық би элементтер түрін ойлап табуын қолдау Жайлау көріністері, түрлі түсті көбелектер 2 16.05-19.05
62 Жаз жайлауда Музыка характерін қимыл-қозғалыспен бере білуге жаттықтыру. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Жаз, жайлау туралы түсінік қалыптастыру,кеңейту Жайлау көріністері 1 19.05
63 Қош бол, балабақша Әнді түрлі сезімдерін бере, ән сөздерін анық, нақты орындауға талпындыру. Ойыншықтар,әліппе,оқу құралдары 1 23.05
64 Біз мектепке барамыз Музыка характері туралы түсінік танымдарын бекіту. Әнді қуанышты,шаттана, көпке ілесе орындауға баулу. Мектепке , оқуға деген қызығушылығын, оқу құралдарын,заттарға ұқыптылықпен қарау қабілеттерін дамыту Мектеп,сынып суреттері,оқушыға қажетті құрал жабдықтар 1 23.05