Мектепалды даярлы? білім беру саласы п?нінен к?нтізбелік-та?ырыпты? жоспар?а арнал?ан С?йлеуді дамыту


2016-2017 оқу жылындағы “Коммуникация” білім беру саласы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарға арналған
Сөйлеуді дамыту барлығы 32 сағат, аптасына 1 сағат
№ Тақырыбы Бағдарламалық мазмұны Мақсат міндеттері Қолданылатын көрнекілік Жаңа сөздер Сағат саны Мерзімі
1 Білім еліне саяхат Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру 1.Білім әлемі туралы түсінік беру. 2.Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту. 3. Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу Мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері Білім 1 06.09.16
2 Жомарт күз Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу, молшылық, береке сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту 1.Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2.Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу Күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал-мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ Ызғар, егін, егіс, алқабы, жомарт күз 1 13.09.
3 Бау бақшада Бау-бақша туралы әңгімелеу, жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру 1.Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру
2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілетттерін дамыту
3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Көкөністер мен жемістердің мульяжі Бау-бақша 1 20.09.
4 Нан қайдан келеді? Өткен ертегілерді естеріне түсіру және аттарын атай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік қорын молайту, диалогті сөйлеуге төселдіру 1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру
2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру
3. Оқу іс-әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу Нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері Наубайхана, диірменші, қауыз, диқан 1 27.09.
5 Менің отбасым Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы туралы әңгімелеу, диалогті түрде сөйлесе білуге, грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру 1.Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру
2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу Отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері Отбасы, сыйластық 1 04.10
6 Біздің үй Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап, жұмбақтар шешуге, әңгімелеуге төселдіру 1.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер арқылы сөйлеу тілін дамыту.
3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу Үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе Жиһаз, жатынжай, мансард 1 11.10
7 «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету 1.Ертегі мазмұнын түсіндіру
2. Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту
3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу Ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет Шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман 1 18.10
8 Үй құстары мен үй жануарлары Үй құстары және үй жануарларын атап, олардың пайдасы туралы баяндау. Үй құстары және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу 1.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру
2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу
3. оларға қамқор болуға, күте білуге және қорғауға тәрбиелеу Құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері 1 25.10
9 Жабайы аңдар Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге, сурет бойынша сөз, сөйлемдер құрастыруға үйрету. 1.Жабайы жануарлардың мекені, коректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру
2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту
3. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу Жабайы жануарлардың суреттері Бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу 1 08.11
10 Балабақшадағы ойыншықтар Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, балалбақшаға көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. 1.Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту
2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру
3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар Жұмсақ, резина, компьютер 1 15.11
11 Елордасы Астана Астананың көрікті жерлерін атау өздерінің Астанадан көргендерін баяндау, өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. 1.Республикамыздың қаалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
2. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу
3. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері Елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер 1 22.11
12 Жыл басына таласқан жануарлар Ертегі мазмұны бойынша диалогті әңгімелесуге айтыс өнерінің ерекшелігін түсіне білуге өз бетімен ертегіні айта білуне жаттықтыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. 1.Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2. Берілге тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттеріндамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету
3. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу Түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар Жусан, жабағы, бақташы, өркеш 1 29.11
13 Қысқы киімдер Киімдердің түрлерін ажыратуға, қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылыжәне қысқы киімдерді атап, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу 1.Балаларға киім,киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету
2. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу Жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ үлгісі Ұлттық киім, кебіс 1 06.12
14 Тәуелсіздік төрімде Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру. Өз еліміздің рәміздерін суреттеу. Отанын сүйе білуге тәрбиелеу 1.16 желтоқсан тәуелсіздік күні екенітуралы түсінік беру
2. Тәуелсіз егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру
3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру Отан, табиғат, Қазақстан республикасының картасы, Тәуелсіздік ескерткіштерінің суреттері Тәуелсіз, егемен 1 13.12
15 Қош келдің, Жаңа жыл! Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып, жаңа жылда көргендерін әңгімелету. Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру. 1.Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. Сыйластыққа баулу Жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар Аязата, Ақшақар, аққала, безендір 1 20.12
16 Көңілді қыс Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау, қызықтарын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету., дос болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу 1.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру
2. табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер Дөң, қос 1 10.01.17
17 Құстардың тіршілігі Құстардың тіршілігімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін сипаттап, оларға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту. 1.Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру
2. Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. мқұстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу Қыстап қалатын құстардың суреттері Сарышымшық, құр 1 17.01
18 Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету. Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Аңдарға қамқорлық сезімін ояту. 1.Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту
2.Сурет бойынша толық сөйлем құрастыруға сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3.Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер Суыққа дірдектеп, айдын 1 24.01
19 Көшедегі көліктер Көше көліктері туралы баяндау. Көліктің не үшін қажет екендігін әңгімелеу. 1.Көліктер туралы түсінік беру, олардыцң түрлерін ажыратуға үйрету
2. сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру
3. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу Түрлі көліктер бейнеленген суреттер Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш, су сепкіш 1 31.01
20 «Жеті қазынаның бірі» ертегісі Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге, аттарын атауға көмектесу, диалогпен сөйлеуге үйрету. Сөздік қорларын молайту 1.Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсндіру
2.Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту
3. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға жататынын түсіндіру Жеті қазына бейнеленген сурет Жеті қазына, қыран, бүркіт, берен мылтық 1 14.02
21 Мамандықтың бәрі жақсы Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту. Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу 1.Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру
3.Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу Түрлі мамандық иелері туралы суреттер Мамандық 1 21.02
22 Көктем Көктемгі тіршілік, көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу 1.Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту
2.Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын дамыту
3.Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу Құстардың, көктем мезгіллінің суреті Шартылдайды, қып-қызыл, өпкен жел 1 28.02
23 Аналар мерекесі Әр адам үшін басты тұлға – ана туралы түсініктерін тиянақтау. Анас ы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру Көктем мезгіліндегі болатын алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әр түрлі іс-әрекеттерге шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу Аналар мерекесі туралы суреттер 1 07.03
24 Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу. Мерекелік көңілін көтеру 1.Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.
2.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3.Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу Наурыз мерекесіне арналған суреттер Наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан 1 14.03
25 Хайуанаттар бағындағы қызықтар Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу. Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету 1.Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
2.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу Аңдардың суреттері, ойыншықтар Хайуанат, хайуанаттар бағы 1 04.04
26 «Бір уыс мақта» әңгімесі Ы.Алтынсариннің әңгіме ертегілерін еске түсіру, бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау. 1.Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру Ы.Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжетті сурет Педагог, немере қызы 1 11.04
27 «Алтын сақа» ертегісі Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегі не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру. Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау Ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегіні ролдерге бөліп, саханада ойнауды үйрету. Ертегі мазмұнынына сай сюжетті сурет Алтын сақа 1 18.04
28 Ынтымақ мерекесі Қазақстан көпұлтты мемелекет жайында әңгімелеу. 1 Мамыр ынтымақ, достық күні екенін түсіндіру. 1.Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру
2.Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу Мерекеге арналған сюжетті суреттер Ынтымақ, мереке 1 25.04
29 Жеңіс мерекесі 9 Мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету. Отанымызды, сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу 1.Жеңіс күні туралы түсінік беру
2.Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.Отанын сүюге тәрбиелеу Мерекеге сай суреттер Жеңіс,Отан қорғаушы, соғыс ардагері 1 02.05
30 Біз мектепке барамыз Кітап, мектеп деген сөздерге сөз, сөйлемдер құрастыру. 1.Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру
2.Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті сурет,оқу құралдары Мектеп, сызғыш, қоңырау 1 16.05
31 Жаз Жайқалған жаз, піскен жеміс – жидектер туралы әңгімелету. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету 1.Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру
2.Берілге сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету
3.Табиғатты сүюге баулу Жаз мезгілі бейнеленген сурет Шалғын 1 16.05
32 Балалар күні Балалардың мерекелік көңілін көтеру. Өздерінің тақпақ әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету. Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету 1.1Маусым – балалар күні екенін түсіндіріп, балалрдығ мерекелік көңілін көтеру
2.Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.Кішіге қамқор болуға тәрбиелеу Ойыншықтар,шар,жалауша, суреттер 1 23.05