Мектепте Prezi ба?дарламасын білім беру мазм?нын жа?арту ресурсы ретінде ?олдану


«Мектепте Prezi бағдарламасын білім беру мазмұнын
жаңарту ресурсы ретінде қолдану».
Мақсаты: мектепте Prezi бағдарламасын білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде қолдану тәсілдерімен және бағдарламаның артықшылығын көрсете отырып, бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру. Күнделікті қарапайым презентациядан оның үлкен айырмашылығын көрсету.
Жаңа технология – сапалы білім кепілі.
«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір оқушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан,  ғылыми- техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  оқушының   негізгі міндеті болып табылады.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.
Белгілі ғалым М.М. Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде оқушының оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» - деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина «Жаңа технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деп анықтайды.
Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық, танымдық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушының жұмысын активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі ретінде сабақ барысында Prezi бағдарламасын білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында қолдану.
Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор. Сондықтан мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдарды жиі қолданамын. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар: - Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; - Танымдық қабілетін қалыптастырады;- Этнопедагогикалық тәрбие береді;- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; - Оқушының уақытын үнемдейді;- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді; 
Жаңа технологияларды меңгеру оқушының зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының да оқушының да талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
Біз, оқушылар қандай да болмасын  жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады.  Соның бірі «Мектепте сабақ барысында Prezi бағдарламасын пайдалануды» басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол оқушыларға веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру мүмкіндігін береді.
Бүгінгі баяндамамда таныстырғалы отырған бағдарлама қай жағынан алсақ та өте қызықты. Ең тиімдісі бағдарламамен жұмыс істеу үшін, оған арнайы орнатудың қажеті жоқ. Ол үшін алдымен интернетке кіріп сол сайтқа  өзіміздің аты - жөніміз арқылы тіркелеміз. Оның қызықтылығы бағдарлама презентация сияқты слайдтардан құралмайды. Бағдарлама бір  ғана слайдтан тұрады, оны path деп атайды. Бір паздың үстіне өзімізге керекті ақпаратымызды қойып, оны зум арқылы жақындатып, алыстатып көре аламыз. Паздың үстіне әртүрлі суреттермен видеоларды да жүктеп қоюға болады. Прези жүріп тұру үшін оның уақытын қойып, музыкамен ойнатуға болады. Президің әртүрлі эскиздері бар, оның ішінде ЗD эскиздері де берілген. Бағдарламамызды жасап бітіргеннен кейін интернет желісінен жүктеп алып, кез- келген компьютерде көрсете аламыз. Бағдарламаның бір жақсысы оған арнайы бағдарламаны орнатудың қажеті жоқ.
Бүгінгі баяндамамда таныстырғалы отырған бағдарлама қай жағынан алсақ та өте қызықты. Ең тиімдісі бағдарламамен жұмыс істеу үшін, оған арнайы орнатудың қажеті жоқ. Ол үшін алдымен интернетке кіріп сол сайтқа  өзіміздің аты - жөніміз арқылы тіркелеміз.
Паздың үстіне әртүрлі суреттермен видеоларды да жүктеп қоюға болады. Прези жүріп тұру үшін оның уақытын қойып, музыкамен ойнатуға болады. Президің әртүрлі эскиздері бар, оның ішінде ЗD эскиздері де берілген. Бағдарламамызды жасап бітіргеннен кейін интернет желісінен жүктеп алып, кез- келген компьютерде көрсете аламыз. Бағдарламаның бір жақсысы оған арнайы бағдарламаны орнатудың қажеті жоқ.
Prezi.com — бұл веб-сервис, осы веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құруға болады. Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында тіркеуден өту керек. (сурет1)
40829022110332336221103
30027677837132330446340
Сурет 1
Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді. Таңдау беті келесідей кескіннен тұрады. (Сурет2)
center59055
Сурет 2
Оның қызықтылығы бағдарлама презентация сияқты слайдтардан құралмайды. Бағдарлама бір  ғана слайдтан тұрады, оны path деп атайды. Бір паздың үстіне өзімізге керекті ақпаратымызды қойып, оны зум арқылы жақындатып, алыстатып көре аламыз.
Prezi презентациялық үлгіні таңдау бет Презентациялық бет таңдалғаннан соң, беттің қажет деп табылған бөлігіне мультимедиялық материал орнатудан бастаймыз. (Сурет 3)
center57047
Сурет 3
Төмендегі суретте мәтін өңдеу құралының көмегімен мәтінді теріп, мәтінге қажетте барлық параметрлерді орнатамыз. Көрсетілген пиктограммалардың көмегімен мәтінге қажет деп табылған параметрлер қойылады. (Сурет 4)

Сурет4
Мәтінді теру және мәтінге параметрлер орнату беті Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді.
1. Фреймдер орнату беті
2. Аудио, видео, сурет кою беті
3. Тақырыптар қою беті
Осы үш менюдің көмегімен презентациялық материалдың интерфейсін, дизайнын жақсартуға болады.
1. Фреймдер орнату менюінің көмегімен презентациялық беттерді құрылымға бөлуге, мазмұны жағынан, логикалық құрылымы бойынша топтастыруға болады.
2. Фреймдерді орнату менюі көмегімен материалға аудио, видео, сурет, диаграмма, Power Point материалын қоюға болады. (Сурет5)


Сурет 5
3. Тақырыптар қою менюінің көмегімен байланыстырушы құралдарды, тақырыптарды мазмұнына қарай топтастырып қолдануға болады. Сурет6

Сурет 6
Тақырыптар қою беті Презентациялық материал құрылымы мен интерфейсі дайын болған соң, файлды сақтау, толық рәсімдеу қажет етіледі. Файлды экспорттау Дайын болған презентацияларды белгілері арқылы мазмұнымен, байланыстырып, топтастыруға болады. (Сурет 7)


Сурет 7
Презентацияларды құру барысында дигараммалар қолдану үшін дайын дигараммалар үлгілері ұсынылады. Диаграмма үлгісі таңдалғаннан кейін диагармма бөліктерін ақпаратпен толтыру қажет етіледі.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.
Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Жолдау.
Қазақстан Республикасының Білім Заңы 
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім // Қазақстан мектебі № 4. 2008ж
«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдарыҚазақстан мектебі журналы 2013 ж
Интернет материалдарыКонференцияға қатысу туралы өтініш:
Тегі, аты-жөні Сайнова Ақбота
Жетекшісінің аты-жөні Гайсина Зибагуль Максутовна
Ұйымның аты №19 орта жалпы білім беретін мектебі
Курсы/сыныбы 10 сынып
Мақаланың тақырыбы «Мектепте Prezi бағдарламасын білім беру мазмұнын
жаңарту ресурсы ретінде қолдану».
Секцияның тақырыбы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы білім беруде АКТ қолданудың заманауи
Мекен-жайы, телефон, e-mail sainovAkbota@gmail.ru,
Zibagul_81@mail.ru