БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? АУЫЗША С?ЙЛЕУ ДА?ДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА КЕЙСТЕРДІ ДАЙЫНДАУ ?ДІСТЕМЕСІ


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН
ДАМЫТУДА КЕЙСТЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Г.М.Жанулова
№8 гимназиясы, Жезқазған қаласы
Бүгінде экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістеріне айналған case-study әдісі теориялық білім алған оқушылар мен студенттерді болашақ мамандықтардың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды. Сase-study –таңдау жасау мен шешім қабылдауда қолданылатын тиімді тәсіл.Ол нақты жағдаяттарды (ситуацияларды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кездесетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді.Сол себепті кейс-стадиді кейде «нақты жағдаяттар әдісі» деп те атайды.
Ағылшын тілінен аударғанда «кейс» - сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді. Сонда «кейс» деген сөз біздің ұғымымызда жағдаятты сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ол қандай да бір субъектің тарихын және оның даму нәтижелерін сипаттайды. Ал Кейс - стади дегеніміз кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны . Кейс- стади мақсаты – оқушыларды мынандай әрекеттерге жұмылдыру:
Кез келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау,
Негізгі проблемаларды айқындау
Проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын табу
Сараптау арқылы олардын ішінен ең тиімдісін таңдау
Өз іс-әрекеттерін жоспарлау.
Кейс – стади практикалық мәселелерді жан – жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық мазмұнын толықтырады.Кейс – Стади әдісі көмегімен өмірде туындайтын проблемаларға жауап іздеу арқылы оқушылар ертеңгі өмірде кездесуі мүмкін жағдайлар мен мәселелердің дұрыс шешімін табуға жаттығады.
Кейс – стадидің басты қағидасы «Ақиқатты іздену – ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу /үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады:
Оның негізін проблема шешу деп танып , талқылау мен пікірталасты , шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады.Кейс – стади әртүрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді.Олардың қатарына мынадай бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады :
Ой қозғау,
Модельдеу,
Пікірталас ,
Талқылау мен жүйелі талдау,
Іскерлік дәне рөлдік ойындар,
Тәжірибе жасау,
Проблемалық әдіс,
Жазу тәсілдері.
Кейстерді сабақта мынадай тәртіппен қолдануға болады
Дайындық
Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады.Кейс оқушыларға сабақ алдында (1-2 күн бұрын) таратып беріледі:олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.
Топтық жұмыс
Сабақта оқушылар 4-5 адамнан құрылған топтарға бөлініп, кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді.
Пікірталас
Оқушылар толық құрамда жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады.Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарастарын дәлелдейді.Дәлелдеуде алдын- ала дайындалған кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек.Басқа топтың оқушылары әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, жағдаятты шешудің басқа да нұсқаларын ұсынады.Оқушылар өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмауы керек.
Қорытындылау
Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, оқушылардың көзқарастары мен пікірлеріне баға береді.
Бағалау
Оқушылар өздерінің жасаған жұмысы бойынша жазбаша есеп береді.Жазу уақыты мен форматын оқытушы сабақ мақсаттарына сай белгілейді.
Кейс-стадиде оқытушы талқылауды ұйымдастырушы және жүргізуші рөлдерін атқарады.Ол оқушыларды өз көзқарастарын қабылдауға күштемей, талқылау барысын сабақ мақсаттарында көрсетілген нәтижелеріне бағыттап отырады, барлық оқушылардың пікірталастан тыс қалмай, жұмысқа белсене қатысуын қадағалайды. [1]
Кейстің форматы қандай болады?
Жағдаяттарды жан-жақты жазбаша сипаттайтын кейстердің шет елдерде кеңінен тараған форматы мынандай:
Мұқаба. Мұнда кейстің атауы,авторы,жазылған жылы келтіріледі.
Кіріспе.
Компания немесе фирманың даму тарихы сипатталып, басты кейіпкерлер суреттеледі.
Негізгі бөлім.
Ақпараттың негізгі бөлігі беріледі.Мұнда шешімі қажет проблема нақтыланып, оның қиындық туғызатын жерлері келтіріледі, оқушыларға сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылады.
Негізгі бөлімнің кең тараған құрылымы мынадай:
Субъектінің жұмысына өзгертулер енгізу (техникалық тұрғыдан, жұмыс күші, жұмыс үдерісі, өнім тұрғысынан) қажеттілігі сипатталады.
Өзгертулер негізделеді (дәлелдеу,ақпарат көздері мен тұжырымдарды келтіру)
Өзгертулерді практикаға енгізу әдістері мен тәсілдері ұсынылады.
Өзгертулер қандай тиімді нәтижелерге қол жеткізетіндігі келтіріледі.
Кейс бойынша негізгі сұрақтар (мәселелер) беріледі.
Қорытынды бөлім.
Ұсынылған проблеманы шешудің талаптары келтіріліп, оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Қосымша.
Проблеманы шешу үшін қажетті ақпарат: компанияның қаржылық ахуалы (есебі) немесе активтері, құжаттардың көшірмелері, фотолар, компания өнімдерінің тізімдері немесе сипаттамасы, компанияның құрылымы, т.б.
Кейстің оқытушыларға арналған толық нұсқасына бұлардан басқа келесі мәліметтер де кіреді (олар алайда оқушыларға арналған нұсқада жарияланбайды):
Проблемаларлы шешудің мүмкін жолдары-кейстің негізінде жатқан оқиға нақты өмірден алынғандықтан, мұнда келтірілген жағдаяттың жалғасы өмірде (практикада, өндірісте)қандай болғандығы сипатталады;
Оқытушыға арнлаған нұсқаулық (teaching note) – мұнда кейс авторының талдауы келтіріліп, оқушылардың талқылау жұмысын қалайша ұйымдастыруға болатындығы туралы оқытушыға арналған кеңестер беріледі.
Кейстерде қарастырылатын нақты жағдаяттар(ситуациялар)қандай болу керек?
1.Ситуация практикадан(өмірден)алынуы керек.
Практикалық маңызы бар бұл ситуация (мәселен, бизнес тарихынан немесе практикасынан алынған оқиға) студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек,яғни ол барлық студенттерге қызық болып,пікір алмасу мен таластарға әкелуі керек.
Практикада кездесетін ситуацияларды екі түрде кездестіруге болады:
а) өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізінде(кейде мұндайда кейстерді «далалық»деп те атайды)
ә)жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).
2.Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.
Ситуацияны талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша белгілі бір прагматикалық нәтижелерге жетуді мақсат тұту керек. «Студенттер қандай білік , дағды,машықтарды ізгереді?»деген сұраққа жауап беру.
3.Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиелініс немесе жұмбақ болуы керек.
Кейстерде келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс.Басқа сөбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек.Сол арқылы студеттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.
4.Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.
Ақпараттың көптігі,біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдануды талап етуі керек.
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі. [2]
Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:
1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.
2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.
4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді.[3]
1-үлгі-сабақ. Сабақ тақырыбы: Үй жануарларыСабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру.
Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттерін талдауға үйрету.
Көрнекілігі: жануарлардың суреттері, алмалар, шарлар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларға мәтінді оқып беру
«Үндемес ит»
Ерте заманда үй жануарлары түйе, қой, сиыр, жылқы, ит – бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып мақтаныпты.
Менің адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін. Сүтімнен шұбат жасап ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді.
Қой, сиыр, жылқылар да өз қасиеттерін айтып асып-тасады. Бәрі де өстіп шалқып отырғанда, ит тырс етіп үндемей, қалғып-мүлгіп отыра береді. Сонда түйе:
Әй, салпақ құлақ! Неғып аузыңа құм құйылып қалды Ауыз толтырып айтар ештемең жоқ-ау, сірә,- дейді. Сол кезде бұл әңгімені қожайындары тыңдап тұрып:
Бұл ит сендерді күзетпесе, қасқыр бәріңнің түбіңе жетер еді, - депті.
(«Балдырғаннан»)
Бұл мәтінді оқып берген соң, оқушыларды рөлге бөліп, бірін сиыр, бірін түйе, бірін жылқы, бірін қой, бірін ит етіп сөйлетеміз.
Баяндаушы. Өздеріңнің жақсы пайдалы жақтарыңды айтыңдар.
Сиырдың сүт беретінін, одан айран, құрт, ірімшік жасайтынын, түйенің шұбатын, жүнін т. б. пайдалы жақтарын айтадыҚарсы сұрақ қоюшы: Енді кемшіліктеріңді айтыңдар.
Балалар суда жүзе алмайтынын, аспанда ұша алмайтындарын т. б. кемшіліктерін айтады.
Дәлелдеуші: Оларға аспанда ұшудың, суда жүзудің керегі жоқ екендігін түсіндіреді.
Сарапшы: үй жануарларының барлығының да пайдалы екендігін айтады.
1-тапсырма. Жануарлардың төлдерін ата, қандай жануар өзіңе көбірек ұнайды деген сұраулар мен тапсырмалар беру арқылы сабақты қорытындылау.
Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған тапсырма бойыншажұмыс істеледі. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және игерген білімдеріне қарай проблемалық сипатта тапсырма берілді. Сыныпта қанша топ болса да, барлығына бірдей тапсырма беріліп, әрбір топ проблеманы өздерінің білімдері мен ерекшеліктеріне қарай жан-жақты, әр қырынан немесе барлығы бір ғана қырынан зерттейді. Мысалы, оқушыларға мына тектес тапсырмалар берілді.
Сендер ежелгі адамдарсыңдар , қоршаған әлеммен тілдесу үшін қандай ақпарат құралдарылармен қамсызданасыздар.Тілдесу үшін барлық қолжетімді әдістерді ойланып табыңыздар.
Сізге шетелдік азамат Сәтбаев қаласына жету үшін автобустың ең жақын аялдамасына жету жолын түсіндіруге өтініш білдірді.Ол орыс сөздерінен: «Иә,жоқ, рахмет» сөздерін ғана біледі.
Сіз гимназия радиосының дикторысыз.Сізге гимназия жайлы пайдалы және көкейтесті ақпаратты хабарлауыңыз қажет.
Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салды, сабақтың соңында тапсырманы қорытындылап, балалар бағаланды.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, бастауыш мектеп оқушыларында қалыптасқан дағдылар мен біліктер төмендегідей:
Оқушылар сабақта тілдік материалды меңгерді.
Оқушылар бірін-бірі үйретті.
Оқушыларда топтық оқу дағдылары қалыптасты.
Оқушылар басқа адамның айтқан пікірін құрметтеуге дағдыланды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Волгин Н.А. Кейсы как эффективная форма обучения экономистов и менеджеров:феномен,методика составления и использования.М.:РАУ,1994.
2.Влогин Н.А., Одегов Ю.Г., Влогина О.Н. Кейс-стади в подготовке экономистов и менеджеров.М.:Дашков и Ко,2004.
3.Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы-2013.