Таби?ат б?рышында?ы т?жірибе


Түсіндірме жазба
Мектепке дейінгі балалар – туғаннан зерттеушілер десек болады. Бұған дәлел – олардың бір затқа деген құмарлығы, үнемі эксперимент жасауға ұмтылуы,проблемалық жағдайлардың шешімін дербес табуға ниет білдіруі болып табылады. Педагогтың басты міндеті – осындай іс-әрекеттерде балалардың жолын кеспеу, керісінше, белсенді түрде көмектесу.
Танымдық-зерттеу туралы айта отырып, алдымен кез келген заттарды меңгеру, қоршаған әлемдегі құбылыстар арасындағы байланыстарды ретке келтіру және жүйелеу арқылы біз баланың белсенділігін танимыз.
Бұл іс-әрекет ерте балалық шақта пайда болады, басында жай ғана мақсатсыз қарапайым эксперимент сияқты көрінеді, кейін киім-кешектермен эксперимент жасау барысында заттардың түсіне, олардың пішіміне назар аударады.
Мектепке дейінгі «балалар шақ аралы» атты танымдық – зерттеу қызметінде түрлі ойындарды жүргізуге сонымен қатар, кез келген жаңа материалдарды сынап көруге мүмкіндіктері бар.
Мектепке дейінгі ересек жастағы танымдық-зерттеу қызметі баланың танымдық себептерімен, саналы ниетімен жаңа әлемді танумен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиенушілердің танымдық-зерттеу қызметі табиғи нысан түрінде заттарға эксперименттер жасаумен және вербалды зерттеу түрінде ересектерге сұрақтар қоюмен көрінеді (неге, не үшін, қалай?).
Н.Н. Поддьяков эксперименттерді шамамен зерттеу (іздеу) қызметінің негізгі түрі ретінде көрсетеді. Іздеу қызметі әр түрлі және интенсивті болса, онда соғұрлым бала жаңа ақпараттарды қабылдап, одан әрі дамуға мүмкіншілігі бар.
Ол шамамен -зерттеу қызметін екі негізгі түрге бөледі.
Бірінші. Қызмет процесіндегі белсенділік, толығымен балаға сүйенеді. Алғашында бала әр түрлі нысандарды адал ниетпен зерттей бастайды, содан кейін өз қызметін дербес ретінде құрып жатқан сияқты оны толық субъект ретінде қабылдайды: мақсат қояды, тәсілдерге қол жеткізу үшін жолдар іздейді. Бұл жағдайда, бала өз қажеттілігін, қызығушылығын, қанағаттандырады.
Екінші.Белгілі іс-әрекеттерді ересек адамдар ұйымдастырады, олар элементтердің елеулі жағдайларын бөледі, балаларға белгілі бір алгоритм іс-қимылын үйретеді. Осылайша, балалар нәтижелер алады.
Айы Апта тақырыбы Оқу іс-әрекеті тақырыбы Мақсаты
Қыркүйек «Балабақша»
«Детский сад»
«Kindergarten» « Субұрқақтар» Мақсаты:көңіл-күйді құру, дербестілікті және құмарлықты дамыту.
Сипаттамасы: Балалар серуенге шығады. Тәрбиеші балаларға суретте бейнеленген түрлі түсті фонтандарды әкеледі. Фонтан дегеніміз не? Фонтанды қайдан көрдіңдер? Адамдар қалада фонтандарды не үшін құрады? Фонтанды өзіміз құра аламыз ба? Неден құрастыруға болады? Балалар тәрбиеші әкелген түрлі заттарға шегелерге, бүтілкелерге назар аударады. Мына материалдардан фонтан құруға бола ма? Қалай істеуге болады? Тәрбиеші бүтілкені жан-жағынан тесіп,тесіктерді сіріңкемен жауып қояды да, оны сумен толтырады,кейін сіріңкелерді алып тастайды осыдан фонтан пайда болады.
Бізде фонтан қалай шықты? Бүтілке тесіктері сіріңкемен жабылып тұрғанда неге су ақпайды?Балалар су шашыратып фонтанмен ойнайды.
«Менің қалам»
«Мой город»
«Mytown»
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ШАРЛАР
Мақсаты:негізгі түстерді бір-біріне қосуда, басқа жаңа түстер алу: қызғылт сары, жасыл, күлгін, көгілдір.
Сипаттамасы. Қоян балаларға шарларды бояп беруін сұрайды. Оған қандай түс ұнайды екенін біліп алайық. Біз не істейміз егерде бізде жасыл көгілдір, қызғылт сары, жасыл немесе күлгін түстер жоқ болса ?
Оларды қалай жасауға болады екен?
• Балалар қоянмен бірге екі түсті бояуыштарды бір-біріне қосады. Егер бұдан керекті түс шықса, балалар кішкене шарларды сол шыққан түспен бояйды. Осылай түстерді бір-біріне қосып балалар тәжірибе жасайды. Қорытынды:қызыл мен сары түсті аралыстырсақ
қызғылт сары түс шығады;көкпен сарыны — жасыл, қызылды көкпен — күлгін, көкті ақпен — көгілдір.
Тәжірибенің қорытындысы жұмыс парағында бекітіледі.
«Отбасы.»
«Семья.»«Family.» «КӨБІКТЕН ЖАСАЛҒАН ЖАСТЫҚ»
Мақсаты;сабынды судың бетінде заттардың қалқуы туралы (заттардың су бетінде қалқуы оның көлеміне емес, тек оның ауырлығына қатысты).
Сипаттамасы.
Миша қонжығы
баларға сабынды көбіктер жасай алатыны жайлы әңгімелейді.
Ол сабын көбігінде барлық заттар бата ма?, әлде жоқ па?екендігін білгісі келіп тұр.
Балалар тамызғыш арқылы сұйық сабынды алып,оны суы бар тегешке құйады.
Көбікті немен шығаруға болады? Көбігіміз қандай болып шықты? Көбік суға түрлі заттарды салып көреді. Не су бетінде қалқып жүр ? Не батып жатыр? Суда барлық заттар біркелкі ме?су бетінде қалқып жатқан заттардың көлемі бердей ме?
Заттардың судың бетіне қалқуы неге қатысты? ( Тәжірибе жұмыстары фланелеграфте бекітіледі).
«Қазақстан –
менің Отаным!»
«Казахстан – моя Родина!»
"Kazakhstan-my motherland!" «ЖАЛТЫРАҒАН ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЗАТТАР»
Мақсаты:
Оқушыларды шынымен таныстыру.
Сипаттамасы:Балаларға түрлі-түсті шыныларды таратып,сол шыны арқылы, қоршаған ортаны бақылап қалай өзгеретінің көру қажет.
Қазан «Күз мезгілінің сыйы»
«Что нам осень принесла»
«Autumncame»
«ҒАЖАЙЫП ҚОЛҒАП»
Мақсаты:
Балаларды «Ғажайып қолғаппен» таныстыру. (магнитпен)
Сипаттамасы.
Тәрбиешіде ғажайып қолғап бар (қолғап ішінде магнит жабыстырылған,бірақ балалар ол туралы білмейді).
Балаларға ғажайып қолғап көмегімен себетке көкіністерді жинауға ұсынады.Олар қалай ойлайды екен, қолғаптың ғажайыбы неде?
«Жемістер мен көкөністер»
«Фрукты и овощи.»«Fruits and vegetables» «БІЗ БАҚШАҒА БАРДЫҚ»
Мақсаты:
Ылғалды құмды түрлі формаларға салуға үйрету.
Құмға тығып қойған көкөністерді қолымен ұстап табуға үйрету.
Сипаттамасы: Тәрбиеші «Шалқан» ертегі кейіпкеріне киінеді. «Шалқан» ертегісінің киіпкері құмға көкөністерді тығып қояды, ал балалар құмды қолымен ұстап оларды іздейді.
«Ас атасы – нан»
«Хлеб всему голова»
«Bread is at the head of»
« ТӘТТІ ҚЫТЫРЛАҚТАР»
Мақсаты:Нанмен танысу.
Сипаттамасы: Тәрбиеші бірнеше нан-тоқаш өнімдерін балаларға көрсетеді.Олар тәтті қытырлақтарды қолдарымен ұстап көріп,қорытынды шығарады, нан жұмсақ және қатты болуы мүмкін.
«Денсаулық»
«Быть здоровыми хотим»
«Health»
«КӨБІКТЕР»
Мақсаты: сабынмен танысу.
Сипаттамасы:бала ваннаға біраз су толтырып оған сабын ағызады да суды соғып көбік шығарады, бала тегешке сабын жеткілікті құйылғанын байқайды.Сабын аз болса, тағы да біраз қосады.Эксперимент аяқталғаннан кейін суды шелекке құяды.Үстелдің үстіне тамған тамшыларды салфеткамен сүртіп алады.
Бұл эксперимент балалардың қол бұлшықтарына өте пайдалы.
Қараша
«Поздняя осень»
«Кеш келген күз»
«late autumn»
«ҚАРДЫҢ ЕРУІ»
Мақсаты:Балаларға қар кез келген жылу көзінен еритінің түсіндіру қажет. Сипаттамасы:алақанға қарды салып, оның еруін бақылау қажет,және басқада жылу беретін жүйелерге қарды қойып оның еруін бақылауға болады екендігін түсіндіру.
Қорытынды:
Кез келген жерден жылы ауа соқса,қар ери бастайды.
«Жабайы аңдар»
«Дикие животные»
«Wild animals» «КҮННІҢ СӘУЛЕСІ» Мақсаты: Күн нұрымен танысу.
Сипаттамасы:Балалар сіздерге кішкентай айна керек.Терезеге күннің сәулесі түскенде, айна көмегімен күн сәулесін ұстап алаңыз.Балаға күннің сәулесі кез келген жерде секіреді екендігіне назар аудару қажет.
Егерде балаға ойын ұнаса рөлмен ауысуға болады.Балаға айнаны беріп күн сәулесін ұстап алуға көмектесіңіз.Ойынды эмоционалды түрде жүргізіңіз.Мысалы:Қараш күннің сәулесі қандай ширақ екен, қазір мен оны «Ұстаймын,ұстаймын! Ой, ол менен төбеге қашып кетті, кәне түс бұл жерден және т.б.бала бұған өте мәз болып қуанады.Сіз үшін баланың күлкісі ең жақсы сыйлық болады.
«Құстар»
«Птицы»
«Birds»
« ҚОРАПШАДА БІР НӘРСЕ БАР»
Мақсаты:
Жарық және оның көздерімен танысу(күннің нұры, фонарик, майшам, жарық мөлдір заттар арқылы өтпейді екендігін көрсету)
Сипаттамасы:Сізге фонарикке және май шамға арналған тесігі бар, қақпақты қорап керек.Әкесі баласына кішкентай фонарик сыйлаған, бала фонарикпен ойнауды ұнатады, өйткені ол фонарик көмегімен барлық бұрыштарға, диванын астына жарық түсіре алады.
- Сенің добын қайда?-деп анасы сұрады.
- Мен іздеуге барамын! – деді бала қараңғы бөлмеге барды.
- Мен қорықпаймын! – деді, фонаригімен бөлмеге жарық түсіріп, добын тауып алды.
Ересек адам қорапта (белгісіз) не бар екендігін білуге ұсынады.Оның ішінде не бар екен,қалай білуге болады? (қораптың тесігіне сығалап қарайды).Мына қораптың іші, бөлмеден де қараңғы екен.Ересек адам, балалардан сұрайды,мына қорапқа жарық түсіру үшін не істеу керек?Қораптың қақпағын немесе тесігін толығымен ашу керек дейді балалар.
Ересек адам толығымен қақпақты немесе тесікті ашады, балалар қораптың ішіне жарық түскенің көреді.Кейін олар қораптың тесігінен фонарик арқылы жарық түсіруге болатыны жайлы әңгімелейді.
«Ойыншықтар»
«Игрушки»
«Toys» «ҚУЫРШАҚТЫ ЖУАЙЫҚ»
Мақсаты:сабынмен танысу.
Сипаттамасы:Бала кірленген қуыршақты жуа бастайды: «Ал енді аяғын жуып көрейік, біраз кірленіп қалыпты», және т.б.
Шешімі:қуыршақ таза және әдемі.
Желтоқсан «Қыс»
«Зима»
«Winter»
« ҚАРЛЫ ОЙЫНШЫҚТАР»
Мақсаты:қармен түрлі форма жасауға болатының көрсету Сипаттамасы: Тәрбиеші түрлі формалар арқылы балаларға қардан жасалған фигураларды көрсетеді.Балалар байқап түрлі фигураларды жасайды.
«Жанды және жансыз табиғат»
"Живая и неживая природа» «СУДЫҢ ДӘМІ»
Мақсаты. Судың дәмін айқындау.
Сипаттамасы:Тәжірибе жасаудан бұрын, судың дәмін сұраңыз.Содан балаларға қайнатылған суды ішіп көрулеріне ұсыну қажет.Кейін стаканы бар суға тұз, ал екіншісіне қант салып көріп, дәмін көріңіз енді судың дәмі қандай болды екен?
Қорытынды. Судың дәмі жоқ, тек суға қосылған зат арқылы судың дәмі өзгереді.
«Тәуелсіздік күні»
«День Независимости»
«Independence day» «ҚАЙЫҚ СУДА ЖҮЗЕДІ»
Мақсаты: байқампаздықты дамыту.Сипаттамасы: грек жаңғағын қақ бөліп,онымен парусы бар қайық жасаңыз.Балалар назар аударғандай оны суы бар ваннаға салып, қайыққа үрлеңіз.Сіз балалармен бірге, қатты жел жасауыңызға болады.
«Жаңа жыл»
«Новый год»
«New year day «БИЛЕЙТІН ФОЛЬГА»
Мақсаты:аңғарушылықты үйрету
Сипаттамасы.алюмин фольгасын қысқа және ұзын кесіңіз (шоколадтың немесе кәмпиттің жылтыр қағазы) шашыңызды тарақпен тарап, кейін кесілген фольгаға апарыңыз олар «би» көрсетеді.
Қаңтар «Қысқы киім,аяқ киім, бас киім»
«Зимняя одежда,обувь,головной убор»
«Winter clothes,footwear,he head-dress.» «НЕГЕ ҚАР ЖҰМСАҚ?»
Мақсаты. Балаларға қар туралы білмдерін жетілдіру.Қардың жауғанына, жерге құлауына назар аударуға ұсыну қажет.
Сипаттамасы. Қалалық мұз айдының жасау үшін балалар шелекпен қарды жинайды.Балалар шелекпен қарды тасығанда оның жеңілдігін байқайды, өйткені жазда олар шелекпен құм тасығанда ауырлау болды, құмды шелекті екеулеп тасығандарын айтады.Бұл неге екен?Балалар қағаз үстіне жауған қарды шыны ұлғайтқышпен жан-жақты бақылайды.Олар не көрді екен?Балалар шыны ұлғайтқыш арқылы ақша қар бүршіктері бір-бірлеріне жабысып тұрғанын байқады,бұл ақша қар бүршіктерінің арасында ауа бар сондықтан ол ақ ұлпалы жеңіл болады.
Қорытынды. Қар құмға қарағанда жеңіл өйткені ол ақша қар бүршігінен тұрады.
«Көлік.Жол ережелері»
«Транспорт.ПДД»
«Transportation.Rules of the road»
«ҚАЙЫҚТАР»
Мақсаты: ойын арқылы ұсақ моториканы дамытуға болады.
Сипаттамасы:
Суға біраз су құйыңыз.Суға кішкентай заттарды салып, оларға үрлеңіз.Бала сіз жасаған іс-әретті қайталайды.
«Ас және сусындар»
«Еда и напитки.»«Food and drinks» «БІР САҒАТТА БІР АС ҚАСЫҚ»
Мақсаты: ойын іс-әрекеті арқылы ұсақ мотириканы дамыту.
Сипаттамасы:суды бір стаканға құйамыз.Балаға басқа стаканға суды қасық арқылы қалай құю керек екендігін көрсету.Бұндай әрекетті өздігімен жасауға рұқсат етіңіз.
«Ата –анамның мамандығы»
«Профессии
моих
родителей»
« Profession of my parents» «ОКУЛИСТ»
Мақсаты :Объектіні қашықтықтан көруді анықтау.
Түсінік беру Баланың көзін жауып сурет салынған парақты көзінің алдына қояды.Өте жақын ұстаған сәтте бала көрмейді.Біртіндеп алыстатады.Балалар тапсырмалар орындайды.Қай бала қандай қашықтықтан жақсы көреді.Олар өте жақын орналасқан суреттің көрінбейтіндігі туралы қорытынды шығарады.
Ақпан «Жиһаз»
«Мебель»
«Furniture» «Қайық»
Мақсаты :Ағаш қайықтың суда батпайтынын балаларға көрсету.
Түсінік беру : Тәрбиеші әр түрлі материалдардан қайық жасап, оларды суға жібереді. Ағаш қайық суға батпайды.
«Адам, менің дене бітімім. Гигиеналық заттар»
«Человек, мое телосложение, гигиенические принадлежности»
«People. Mybody. Hygienicthings» «Иіскейміз, көреміз , тыңдаймыз»
Мақсаты: Дене мүшелерінің атқаратын қызметі (құлақтар тыңдауға мұрын иісті сезіну саусақтар — форманы анықтау, тіл — дәмді сезіну).
Түсінік беру.
Үстелде газеттер жазылғані , қоңырау,балға,екі тас, сылдырмақ, ысқырғыш, сөйлейтін қуыршақ.Балаларға олармен ойнауға рұқсат беріледі.Білім ойын барысында сұрақ қоя отырып, әңгімелеседі. Мына зат қандай үн шығарды?Оны не арқылы естідіңдер?
• Ойын «Ненің дыбысы?»
Ойын «Иісінен таба біл» — Заттарды иіскеу арқылы табады.
Ойын «дәмінен таба біл» — қант, лимон дәмі
Ойын «Ұстап көріп анықта» —Шымылдықтың артынан балалар қолдарын шығарады затты алып шығады.Балалар иісті сезуге,дәмін көруге, дыбыстарды айырған дене мүшелерін атайды.\Фланелеграфта аталған дене мүшелері суреттері қойылады.\
«Санау және түстер.»«Счет и цвета.»«Countandcolors» « Әр түрлі шариктер»
Мақсаты:
Араластыру арқылы негізгі түстерді алу.
Күлгін
көгілдір
жасыл
тоқсары

Түсінік беру.
Қоян шариктер салынған парақ әкеледі де оны бояуға көмектесуді сұрайды.Олардан қандай түстің ұнайтынын сұрайды Күлгін көгілдір
жасыл тоқсары
түстер жоқ болса, оны қалай жасауға болады?Екі түсті бірге қосып жасайды.
Қорытынды
Қызыл мен сарыны қосып, тоқсарыны алуға болады.Көк пен сарыны қосып жасылды алуға болады.Қызыл мен көкті қосып күлгін түс алады.
.
«Көктем келді»
«Пришла весна»
«Early coming of Spring»
«Тамшылар» Мақсаты :Тамшыдан мұз пайда болатыныны туралы түсінік беру.
Түсінік беру.
Тамызшының көмегімен балалар кеседен мұз контейнеріне су тасиды.барлық ұяшық толғаннан кейін осы әдіспен суды қайтадан кесеге құяды.Эксперимент кезінде ұяшыққа қанша капел тамшы сиятынын білу керек
Наурыз «8 наурыз мерекесі»
« Праздник- 8 марта»
«Mothers Day» « Барлығы неге дыбыс шығарады?»
Мақсаты:
Балаларға дыбыстың шығу себебін түсіндіру.
Түсінік беру.
Ойын «Не дыбыстайды?» Тәрбиеші балалардан көздерін жабуды өтінеді.Ал өзі оларға таныс заттардан дыбыс шығарады.Балалар ненің дыбысы екенін айтады.Біз дыбысты қалай естиміз?Дыбыс дегеніміз не?
Маса қандай дыбыс шығарады? (З-з-з.)
Араның дыбысы қандай? (У-у-у.)
Сонан соң әр балаға аспаптардың шегін ойнауға рұқсат береді.Дыбысты алақанмен тоқтатады. Не болды неге дыбыс тоқтады.Сызғышты үстелдің үстіне қойып,бір жағын қолымен басып, екінші жағын үстелге соғады.Шыны стақанның ішіне таяқша салып,оны қозғап дыбыс шығарамыз.
«Наурыз мерекесі»
«Праздник наурыз»
«The holiday Nauryz»
«Елеуіштен судың жоғалуы»
Мақсаты: Затты белгісі туралы түсінік беру.
Түсінік:
Баланың алдына легенмен су қойылады.Стақанмен елеуішке су құяды.Оған судың неге жоғалып кететіндігін түсіндіру керек.Ойын барысында заттардың қасиеттерін білу керек.
Келді көктем құстары»
«Перелетные птицы»
«Migratory birds»
«Ауаны қалай білуге болады?»
Мақсаты: Ауаның бар екенін қалай білуге болады?Бөлмедегі ауаны анықтау.
Түсінік беру.
Полиэтилен қапшығын ұсақ заттармен, екіншісін ауамен толтырамыз. Екеуін салыстырамыз.Ауа толтырылған қапшық жеңіл, тегіс, толық.
Сәуір «Жер және ғарыш»
«Планета и земля»
«The Earth and cosmos» « Күн мен түн»
Мақсаты :
Күн мен түннің ауысуын көрсету.
Түсінік беру.
Жанып тұрған лампочка күннің көзі,ал бала жер болады.Ол жердің қалай айналатынын көрсетеді.Бала күннің тәулігіне, жылына қалай айналатынын көрсетеді.
«Жәндіктер»
«Насекомые»
«Insects»
«Жаңбыр»
Мақсаты : Ойын балалардың тілін дамытады.
Түсінік беру.
Тазикке немесе ваннаға пластмасса ойыншықтарын салып,сусепкішпен суарады. Сонан соң құрғақ шүберекпен оларды сүртеді.
Жаңбыр,жаңбыр соқпашы,
Ойнайықшы тоқташы.

«Тұрмыстық заттар»
«Бытовые приборы»
«Home Appliances» «Күн лабораториясы»
Мақсаты: Күннің көзінде қандай түс тез қызады? \ашық немесе қара, көк т.б\
Түсінік беру.
Терезенің алдына күннің көзіне бірнеше түсті қағаздарды тастаймыз.Оның ішінде ақ, қара түстер міндетті түрде болуы тиіс.Парақтар күннің көзіне қызуы тиіс.Балалар қолдарымен ұстап көреді.Қандай түстер ыстық? Қандай түстер салқын.
Қорытынды: қара, көк сияқты түстер күннің көзіне тез қызады.Қою түстер күннің көзін тез сіңіреді.Ашық түстер күннің көзіне шағылысып,қою қара түстей қабылдамайды.Көктемде кір қар таза қардан тез еріп кетеді.
«Әлемдегі барлық бала тату»
«Дружат дети на планете»
«Play nicely children on the planet " «Қолымыздың іздері»
Мақсаты :Ылғалданған құм да кез келген заттың жасауға болатындығы туралы білімдерін бекіту.
Түсінік беру.
Құмға алақандарының бейнесін түсіру,балалардың ой- қиялдарын арттыру,өзінің және жолдастарының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу..
Мамыр Қазақстанның"
 "өсімдік әлемі»
"Растительный мир Казахстана"
«Fauna of Kazakhstan» «ГҮЛДЕРДІҢ ТАМЫРЛАРЫ»
Мақсаты:өсімдіктердің құрылуы туралы қарапайым түсінік беру.
Сипаттамасы: тәрбиеші өсімдіктің өскін көгін алып, суы бар стаканға салып,оны бақылауға ұсынады,біраз күндерден кейін оның тамырлары көріне бастайды.
«Неден жасалған- .".?»
«Из чего же сделаны ...?»
"What made... «БАТАДЫ – ҚАЛҚЫП ЖҮРЕДІ»
Мақсаты:балаларға метал суға батады, ал ағаш судың бетінде қалқып жүреді екендігін түсіндіру.
Сипаттамасы:егерде суға шеге мен ағаш таяғын тастаса не болады екен?
Қорытынды: металл суға батады, ал ағаш судың бетінде қалқып жүр.

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 «Мерей» көптілдікті дамыту орталығы бөбектер бақшасы» КМҚККГКП «Центр полиязычного развития ясли- сад №20 «Мерей» отдела образования акимата города Экибастуза»Communal state puplic Enterprise the centre of polylingual development of a nursery garolen №20 «Merey» of the education department formation city of Ekibastuz
Табиғат бұрышында эксперименталды- тәжірибе жүргізу жұмыстары
Топ: Екінші кіші «А» тобы
Тәрбиешілер: Назымбекова Р. З
Сыздыкова Р. С
2016-2017 о.ж