Таби?ат б?рышында?ы тіршілік. Бірінші кіші Б тобы



Қазақстан Республикасы білім және Ғылым Министірлігі
№1 «Еңлік» балабақша КМҚК

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы
тіршілік»

Орындаған: Сагдолдина А. К.

Зайсан қаласы
2017 оқу жылы
Технологиялық карта
Топ: Бірінші кіші «Б»
Тәрбиеші: Сагдолдина А. К.
Күні: 16.02.2017 жыл
Жасы: 2-3 жас
Білім беру саласы Таным.
Бөлімі Жаратылыстану.
Тақырыбы Табиғат бұрышындағы тіршілік.
Мақсаты Мақсаты: табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылату арқылы олардың құпия сырлары мен тіршілігі туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын,оларды баптап,күту ережелерімен таныстыру.Өсінді отырғызу жолын көрсетіп,табиғатты аялауға,сүюге үйрету.
Әдіс-тәсілдері Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар Табиғат бұрышындағы өсімдіктер,қорап,гүл қиындылары, су құйғыш,гүл отырғызатын ыдыс,шүберек,су,күрекше,топырақ.
Сөздік жұмыс Өсімдік,күлте.
Билингвальды компонент: Су-вода,гүл-цветок.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
1-кезең
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері.Қол ұстасып кәне біз,Достасайық бәріміз.Айтарым бар сендерге,Тез тұрыңдар шеңберге!Табиғатым тамаша,Көз тоймайды қараса.Табиғатты аялап.Жүрейікші жараса Балалар шеңберде тұрып,өлеңді қимылмен көрсетеді.
2-кезең
Ұйымдастырушылық ізденістік Әңгіме жүргізу.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі екенің сендер қалай білдіндер?
Балалар мен сендерге оқу қызметін бастайын десем,біреу мына сендердің столдарыңның үстіне қораптар қойып кетіпті. Мынаны қараңдар,ол қораптың кішкене тесігі бар екен,осыған қолымызды кіргізіп,ішінде не барын ұстап көрейік.
Балалар бұл қораптардың ішінде не бар?
Кәне кім айтады?
Балалар мен қорапты сендерге ашып көрсетейін,міне қараңдар.
Дұрыс,жарайсыңдар,ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз.Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі, дәрі-дәрмек.Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік беріп қана қоймай,бөлменің,үйдің ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.Олардың көптеген түрлері болады.
Олай болса,мына қораптан шыққан гүлді табиғат бұрышына апарып қояйық.
Енді балалар назарымызды мында аударайық.
Мынау міне қазтамақ деген гүл,ол бөлме өсімдігі.Қазтамақ тез өсетін,аса құнарлы топырақты қажет етпейтін,күтімі жеңіл гүлдерге жатады.Ол ауадағы зиянды микроптарды,бактерияларды жояды.
Бұл гүлдің пайдасы өте көп.жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары.Мысалы: құлақ ауырғанда пайдалануға болады.
Міне балалар,қазтамақтың адамға осындай пайдасы бар екен.
Енді,гүлдің сырт келбетімен танысайық.Мынау гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы ал мынау гүлдің күлтелері. Күлтелердің түсі қызыл,сабағы жасыл,тамыры ақ болып келеді.
Балалар мынау гүлдің несі?
Күлтелері қандай?
Жапырағы ше?Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып дем алам. Сөздік жұмыс: өсімдік,күлте.
Билингвальды компонент:
Су-вода,гүл-цветок.
Енді балалар,гүлді қалай күтіп,қалай баптау керек екенін үйренейік.
Бөлме гүлдерін отырғызу үшін,арнайы қолға киетін қолғаптар,алжапқыштар,су құйғыш,күрек,арнайы таяқшалар керек.
Алдымен гүлімізді тамырланып алуымыз қажет.Тамырланған гүлімізге ыдыс дайындап алуымыз керек.
Ыдысымызға жай топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз.Сол топырақтың ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін саламыз да, су құямыз. Өскен гүлді күтіп баптауымыз керек.Ол үшін оған жылы жер керек және арнайы су бүркетін ыдыспен су құйып отыру керек.Балалар  гүлдердің құмын  қопсытып,жапырақтарының шаңын сүртіп отырамыз.Ол үшін біз үнемі гүлдің жапырақтарын сындырмай,ылғалды шүберекпен сүртеміз. Жапырақтары ұсақ гүлдердісу шашатын ыдыспен бүркіп-шашып жуамыз.Сол  кезде гүлдеріміз жайқалып,өсіп тобымызға таза ауа береді.
Балалар мынау не?
Онымен не істейміз?
Мына суретте бөлме өсімдіктерін күтіп баптап жатқаны бейнеленген. Ол үшін оған жылы жер керек және су құю қажет.(Диляра гүлге су құюға көмектеседі). Суды жапыраққа емес, топырағына құямыз, жапырақтарын сүртіп (Дильшат гүлдің жапырақтарын сүртуге көмектеседі), топырағын қопсытып тұру қажет. (Аяла топырақты қопсытады). Сонда ғана гүл әдемі болып өседі.
Балалар гүлге қандай қамқорлық жасадыңдар?
Жарайсыңдар балалар,бәрін,көріп,ұғып алған екенсіңдер,өте жақсы.
Ойын: «Гүл құрастырамыз!»
Шарты: Гүл қиындыларын дұрыс құрастыру.
Енді балалар,мен сендерге гүлдердің қиындыларын беремін,сендер екі топқа бөлініп,осы гүлдердің қиындыларын құрастырып бере қойыңдар.
Тәрбиеші балаларды аралап қарап жүреді.
Балалар біз не құрастырдық?
Біздің гүлдеріміз қандай болды? Қыс мезгілі.
Далада аппақ қар жатыр.
Тәрбиешіге мұқият қарап,таңданып қалады.
Балалар қызығып қолдарын кіргізіп көреді.
Балалар ойланып жауап береді.
Балалар тәрбиешінің сөзіне зейін қойып,мұқият қарап отырады.
Балалар тәрбиешіге қарайды.
Сабағы.
Балалардың жауабы
Балалар тәрбиешімен іс-қимыл жасайды.
Балалар қайталайды.
Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдап отырады.
Аты аталған балалар шығып тәрбиешіге көмектеседі.
Гүлге су құйдық ,
Топырағын қопсыттық.
Балалар қызығушылық білдіріп,гүлдерді құрастырады.
Гүлдерді құрастырдық.
Әдемі болды.
3-кезең
Рефлекциялық түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Гүлдерді біз не үшін егеді екенбіз?
Гүлдерді күтіп, баптау үшін не істейміз?
Иә,дұрыс айтасыңдар балалар. Оған су құямыз, шаңын сүртеміз, топырағын қопсытамыз екен.
Балаларды оқу қызметіне белсене қатысқаны үшін мақтап, мадақтау арқылы өздеріне ұнаған смайлингті тақтаға жабыстыру. Балалар жауап беруге тырысады.
Ауаны тазартады,
бөлме ішіне сән беріп тұрады.
Оған су құямыз, шаңын сүртеміз, топырағын қопсытамыз .
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Бөлме гүлдерін, тіршілік ортасын біледі.
Нені игереді Гүлдердің пайдасы туралы мағлұматтарды игереді.
Нені меңгереді Гүлдерге күтім жасау дағдыларын меңгереді.