Білімді игеруде ??ндылы?тар мен ??зырлы?тар ?алыптастыру


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән мұғалімі С. Р. Балабекова
Сыныбы:5 «ә» Пәні: Математика Күні: 27.01.17ж. Сабақ: №114
Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді бөлу
Сабақтың мақсаты Білімді игеруде білік, дағды, құндылықтар мен құзырлылықтар қалыптастыру
Сілтеме Оқулық «Математика» 5 сынып, Т.А.Алдамұратова – Атамұра 2015ж
2 бөлім
Сабақта қолданылатын модульдер СТО, Оқытуды бағалау(формативті), Жас ерекшеліктеріне сай оқыту АКТ-ны пайдалану Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақта қолданылған әдістер Жеке жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс
Түйінді идеялар
Өзіндік түсінік, пікір қалыптастыру және оларды дәлелдей білу
Күтілетін нәтиже
Өздігінен жұмыс істей алады; Өзін топ арасында мәдениетті ұстай алады; Өз дәлелдемесін келтіре алады; - Өзгенің пікірін тыңдай алады;Көшбасшы болуға ынталанады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру
(2 мин) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды журналдағы реті бойынша топқа бөлу Оқушылар журналдағы реті бойынша топқа бөлініп отырады
2. Білу
мин 1.Үй тапсырмасын тексеру
2. Миллион кім алады?
Әркім слайдта берілген жауаптар бойынша үй тапсырмасының жауабын өзі тексереді және тақырып бойынша қойылған сұрақтарға «миллион кім алады?» ойынын ойнау арқылы жауап береді, дұрыс жауап берген оқушылар смайлингтермен марапатталады және топ басшысына қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін айтады, яғни өзін – өзі бағалау жүзеге асырылады..
3. Түсіну
(15 мин) Карусель әдісі
1 топ ( 112+ 16 ) ː ( 38 - 14 )
2 топ ( 1 - 49 ) ː ( 13 - 14 )
3 топ ( 79 - 23 )ː ( 13 + 215)
4 топ (13 - 516 ) ː (16 - 18 )
5 топ ( 57 - 23 ) ː (49 - 512)
Оқушылар берілген тапсырманың шешімін іздеуде шағын топтарда жұмыс жасайды.Оларға басқа топтардың жауаптарын бағалай отырып, өз жауаптарын негіздеуге мүмкіндік туады.Әр топ берілген уақыт аралығында өздеріне тиісті тапсырманы орындап болған соң, келесі топқа жылжытып оқу парағын береді.Оқушылар алдыңғы топтың жауабымен танысады, талқылайды, егер келісетін болса келісетіндігін білдіріп «+» белгісін қояды, ал егер келіспесе өз шешімдерін жазады.Әр топ барлық жұмыс плакаттарымен танысып, ондағы сұрақтарға жауап беріп болғанша «Карусель» жұмысы жалғасады.Содан кейін барлық тапсырмалардың жауаптары көрсетіліп қорытындыланады. «Карусель» әдісі тиімді бағалау құралы болып табылады.
4. Қолдану
(7 мин) Жеке жұмыс
(512 + 58 ) ː (14 + 38 )
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, шешімінің дұрыстығын көршісі бағалайды
5. Талдау
(7 мин) жұппен жұмыс
(318 + 134)•х = 216Топтағы оқушылар екіден жұптасып тапсырманы орындайды, көрші жұптар дәптерлерімен алмасып слайдтағы жауаптармен тексереді, яғни бірін – бірі бағалау жүзеге асады
7. Жинақтау
( 3 мин) Қатені тап
112 ː 34 = 52 ː34 =32 ː 43 =3
Әркім берілген тапсырмадағы 3 қатені табады, егер таба алса өз нәтижесіне 3 ұпай қосады.
8. Бағалау
(2 мин) Топ басшыларына әр топтың сабаққа қосқан үлесі туралы айту тапсырылады. Топ басшысы бағалау парағындағы оқушылардың жинаған балдарын есептеп критерийлер бойынша бағалайды.
9. Рефлексия
(1 мин) Бағдаршам әдісі
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
10. Үйге
Тапсырма (1мин) №