Жас?спірімдер арасында рухани-адамгершілік ??ндылы?тарын ?алыптастыру


Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Жасөспірімдер арасында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
2015-2016 оқу жылы
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасөспірімдер арасында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру кез-келген қиындықтан жол таба білуге теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: сұрақ− жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін − өзі тану
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Кіріспе сөз
Пікірлесу сергіту сәті
Қортынды
II.Кіріспе сөз
Бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпаққа дұрыс тәрбие беру тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Балаларың мен дүние-мүлік сендер үшін сынақ», – дейді. Бала өмірге келген сәттен бастап, оны Ислам діні, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу әрбір ата-ананың мойнындағы парыз.
Жасөспірімдер көбінесе еліктеушілікке, заңсыздыққа ойланбастан бара салады. Ал, баланың мұндай әрекетке баруы – ол әлеуметтік-құқықтық тәрбиенің жетіспеуі. Бүгінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының, заң бұзушылық әрекеттерінің бір себебі – бала санасының толық деңгейде болмауы. Яғни рухани азықтың жетіспеушілігі.
Соның салдарынан болар, соңғы кездері елімізде суицид (өз-өзіне қол жұмсау) жиілеп кетті. Ал бұл сұмдықтың алдын алу қалай болмақ? Суицидтен қалай құтыламыз десек, бұл жауапты діннен іздегеніміз жөн болар. Ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсау айрықша ауыр күнә саналатыны белгілі. Алла Тағала берген жанды Өзі ғана алады. Өз-өзіне қол жұмсау Алланың берген өміріне наразы болу, Жаратқанға қарсы шығу болып саналатыны сөзсіз. Бұл турасында қасиетті Құран кәрімде «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген. Бұл дүниедегі қиындықтардан өзімізге қол жұмсау арқылы құтыла алмаймыз. Бәлкім, нағыз қиындықтар бұл дүниеден өткеннен кейін, Алланың алдына барғанда, «Сен неге өз-өзіңе қол жұмсадың?», «Неге маған қарсы шықтың?» дегенде басталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «…Ол өзін-өзі өлтірді. Сонда Алла тағала: «Пендем өз бетімен менің алдымнан шықты. Мен оған жәннатты харам еттім», – деді», – деген. Яғни, өз-өзімізге қол жұмсау өте қорқынышты тозақ азабына өз еркімізбен түсумен бірдей болады. Демек, өз-өзімізді өлтіріп ешқандай қиындықтан құтылмаймыз. Қайта одан да ауырына тап боламыз. Сондықтан, соңғы шешімді өзімізге қол жұмсаудан іздемеуіміз керек.
Ұрпағымызды парасатты да білікті, мідениетті де білімді етіп тәрбиелеп олардың дүние танымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық азамзаттық намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, ұрпақ тәрбиесін ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу қажет деп ойлаймын.Осындай ұлттық құндылықтарды тәрбиеленушілерімнің бойына сіңіру мақсатымда шығармашылық жұмыс жүргізуде мынадай талаптарды негізге алу керек.
● Әрбір бала өз елін, ұлтын сүйетін, туған жерін, Отанын қастерлейтін патриот азамат өсуі тиіс.
● Әр адам ата-анасына, ұстаздарына, үлкендерге, кішілерге көмектесе білуі қажет.Бұл орайда да үнемі ата-аналармен байланыс жасай отырып, тәрбиеленушілердің бойында осындай қасиеттердің сақталуын қадағалау керек.
● «Үлкеннен ұлағат-кішіден ізет» тақырыбындағы пікірталас үлкенді сыйлау, кішіге қызмет көрсету т.б адамгершілік қасиеттер туралы айтылды.
● Әрбір адам қоғамдық байлықты және туған өлке табиғатын қорғауы тиіс
● Әр тәрбиеленуші бойындағы жалқаулықпен, кемшіліктермен, жолдастарының жағымсыз қылықтармен күресуі тиіс.Түрлі тақырыпта әңгіме, лекция өткізе отырып, өтірік айтпауына, ұрлық жасамауына жағымсыз қылықтарына бойын аулақ салуына талап қою керек.Сонымен бірге ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы-халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында.Тәрбиеленушілерге мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп рухани құндылықты бойына сіңіруі тиіс.
III.Пікірлесу сергіту сәті
Мақал-мәтелдер
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.
Орағың өткір болса, қарың талмайды
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.
Қортынды
Халқымыз ұл мен қыздарымызды тәрбие-леуге ерекше көңіл бөлген. Жасөспірімдердің рухани тәрбиесін салт-дәстүрмен үйлестіріп отырған. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ондай үйлесімділік байқалмайды. Қазір біз балаларымызды тек материалдық жағынан қамтамасыз етумен шектеліп қалғандаймыз. Әрине, мұндай түсінік дүниәуи қажеттілігін өтесе де, рухани қажеттілігін өтей алмайды. Күнделікті тіршілігімізде балаларымыздың не істеп жүргенінен, қандай жағдайға душар болғанынан бейхабармыз. Ал біздің басты міндетіміз – балаларымызға жақсы тәрбие беру, оның ақыл ойын дамыту арқылы бала санасына үлгілі тәртіптің негізін ұялату. Соған сүйене отырып Алланы тануды, ата-ананы қастерлеуді, үлкендерді сыйлауды және өз-өзіне қол жұмсау дұрыс емес екендігін түсіндіруіміз керек.
Біз, дін қызметкерлері де бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігімізге орай уағыз кезінде айтып келеміз. Ауданымыздың бас имамы Жақсымбетұлы Батырбек қажының ұйытқы болуымен ауданымызға қарасты мешіттерде бес уақыт намаз алдында 10-15 минут, жұма намазының алдында 30-40 минут түрлі тақырыптарда уағыз-насихат айтылады. Аталған мәселеге орай бір айға уағыз кестесі жасалып, соның негізінде жұмыс жүруде. Бұдан басқа аудан, ауылдардағы мектеп, колледж оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылуда. Қаңтар айы мен наурыз айының аралығында мектеп басшыларының сұранысымен аудан имамдарының 9-11 сынып оқушыларымен кездесу жиындары өтті.Негізінен, біздер көп жағдайда өзгелерді кінәлап жатамыз. «Бүгінгі жастар бұзылып барады» деп айтуға әуеспіз. Егер біз дін Исламдағы шариғат тәртібіне мойынұсынып, қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін ұстансақ, еш уақытта бұндай жағдайға тап болмас едік. Құрметті оқырман! «Не ексең, соны орасың» деген жақсы сөз бар. Ендеше, бүгін өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие берсек, ертең жемісін өзіміз көретінімізді естен шығармайық.