ЖА?А ПЕДАГОГИКАЛЫ? ?ДІС-Т?СІЛДЕРДІ ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? С?ЗДІК ?ОРЫН ДАМЫТУ



Алғы сөз
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал болашақты білімді жастар айқындайды» - деп нақтылап көрсеткендей, қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру, жастардың рухани жан дүниесін байыту – мектептің басты бағыты болып отырғаны баршамызға аян. Әрине, сапалы білім өркениет өлшемі, ал оның негізі – мектеп. Жас ұрпаққа сапалы білім беру бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы білімді жастарға байланысты екені айтпаса да белгілі.
Мектеп – бүкіл қоғамның орталығы. Ал, қоғамның өзі негізінен ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардан тұрады. Сол мектептегі білім сапасын арттыру үшін мектеп педагогтарының атқарар рөлі ерекше. Сол ұстаздарымыздың міндеті – жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, оз бетінше білім алу мүмкіндігін жетілдіру, алған білімін өмірде қолдану.
Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасап келе жатқан білім ордасы – Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі. Іргетасы 1964 жылы қаланған білім ордасының жарты ғасырдай тарихы бар.
ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Сейітбек
Нұрлан
Жандарұлы
мектеп
директоры



Сатыбалды
Әмірхан

Директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру –
мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы
Сейтжанова
Жансая
бастауыш сыныптар бойынша
директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары


Рахматуллаев
Ардақ
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары



Аты жөні: Әбдіқалық Гулбайра Нұралықызы
Туған жылы: 28.11.1979 жыл
-28765565405 Білімі: жоғары
Бітірген оқу Оңт Қаз
орны: педагогикалық
университеті
Мамандығы: Бастауыш сынып оқыту
мен әдістемесі
Атқарып
жүрген қызметі: бастауыш сынып
мұғалімі
Санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 18,5 жыл
Шығармашылық
тақырыбы: Жаңа педагогикалық әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың сөздік қорын
дамыту.

Пікір
Әбдіқалық Гулбайра 1998 жылдан бастап Жамбыл атындағы жалпы орта
мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Білім беру мен
тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін енгізе
отырып, өзінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық іскерлігін шыңдау,
ізденісі арқылы білім сапасын арттыруға «Жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту» шығармашылық жұмысын
іске асыруда. Ол - жан жақты , заман талабына сай ақпараттық
технологияларды жетік меңгерген , өз пәні мен қатар өзге де білімді қатар алып жүре алатын жан-жақты тәжірибелі ұстаз.
Оқу ісінің меңгерушісі: Сатыбалды Ә

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ
Жоспары:
L. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
І.Адамзат қоғамындағы тілдің алатын орны.
2.Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту үшін
жүргізілетін жұмыстар.
3. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту.
4. Оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытудағы топтық жұмыстың
алатын орны.
III. Қорытынды.
I. КІРІСПЕ
Адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Қай елдің болмасын өсіп -
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер, экономикалық дамудағы жаңа
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануымен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемдегі дамыған елдердің көпшілігі олардың білім беру жүйелері білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің негізгі мақсаты білімге қол жеткізу ғана емес, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елімізді көркейтіп, оның өткенін, қазіргісін сараптап, болашаққа айқын, тура жолды таңдау үшін балаларымыз жан-жақты білімді болумен бірге өз ана тілімізді жетік меңгеруі керек.
Жас ұрпақты ана тілінде таза, сауатты сөйлеуге үйрету бастауыш сатыдан басталатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері бұл жұмысқа бар күшін салуы керек. Тілге үйретуде ең басты міндет - оқушылардың сөздік қорын дамыту. Тілдің грамматикасын, оның заңдылығын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Ауыз екі сөздің жалпы
міндеті сөз мағынасын түсініп оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Ол үшін сөздік қорын молайту керек. Осы мақсатта мен «Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізіп келемін.
Жас бала әр нәрсеге еліктегіш келеді. Көрген - естігенін тез қабылдайды. Осының өзі оқушылардың бойында көптеген мүмкіндіктер барын көрсетеді. Ол мүмкіндіктердің қуатты арнасы - ана тілі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту өздерін қоршаған заттарды, қайда отыр, не көріп отыр, не көрді, олар не үшін керек ,- деген сұрақтарға жауап беруден басталады. Әр сыныптың бағдарламасына сәйкес оқушылар жаңа сөздер үйренеді. Бара - бара сөздерден сөйлем құрап үйренеді.
Мұғалім оқушыларды бір-біріне сөйлеу мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне, 'дауыс ырғағына, өзін-өзі үстау, сөйлеушіні тыңдай білуге үйретеді. Оқушылардың өздеріне айтылған сөзді тыңдай білуі, оны түсінуі, бір - бірімен сөйлесе білуі, сұраққа жауап беруі, сұрақ қоя білуі - мұның бәрі олардың сөздік қорына, тілдің грамматикалық құрылысын дұрыс меңгеруіне байланысты. Осының нәтижесінде оқушылар бір-бірімен кезектесіп сөйлеуге жаттығатын болады. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік эстетикалық тәрбие, бір-біріне деген достық қарым-қатынас мәселелері дұрыс жолға қойылады. Өзін қоршаған заттар, құбылыстар туралы білуге құмартуды, соларды бақылай білуге дағдыландыру балалардың өз ойын дұрыс айта білуіне, ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді.
Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын көркем етіп қанықтыра білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Тіл - бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды. Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі . Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту мектепте жүргізілетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне ғана байланысты болмай, оның жалпы басқа да сабақтарда, сабақтан тыс кездердегі сөйлеу әрекетіне тікелей байланысты.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Баланың ынтасын арттыру
үшін оқытылатын нәрседе бір
жаңалық болуы керек»
Ж. Аймауытов

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Әрбір халық өз ана тілінде асыл армандарын, әсем жан дүниесін, жақсылық атаулыға құрметін, жамандық атаулыға лағнетін жеткізіп отырған. Бастауыш сыныптарда оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты- оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.Төменгі сынып оқушыларының келешекте алатын білімімен тәрбиесінің деңгейі де көбінесе осы кезеңдегі тілі мен ойының даму дәрежесіне байланысты болып отыр. Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқудың, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады. Тіл дамыту жұмыстары үш саладан тұрады:
1) сөздік жұмыс
2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс
3) байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Сонымен қатар тіл үйретуде бастауыш сыныптарда қолданылып жүрген бірнеше әдістерді қарастыруға болады:
көрнекілік әдісі
сөз,сөйлеу әдісі
практикалық әдіс

Көрнекілік әдіс- сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Сабақта сурет, заттар, ойыншықтар көрсету, оларды талқылау арқылы жаңа сөз үйрену. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Бастауыш сыныпта оқушыларға көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған жөн.
Сөз-сөйлеу әдісі - мұғалімнің сөйлеу әдісі негізге алынады. Әрбір жаңа сөзді меңгеру, сөздік жұмысын жүргізіп отыру, диалогтық оқыту, сұрақтар қою, оларға жауаптардың әртүрлі нұсқасын таба білу, әр сөздің баламасын айтып отыру.
Практикалық әдіс - дидактикалық ойындар кезінде және әдеби музыкалық, сахналап көрсету жұмыстары кезінде балалардың әдеби сөйлеу машығы қалыптасады.
Жүйелі жұмыс жүргізу үшін алдын - ала құрылған тіл дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргіздім.
Тіл дамыту бағдарламасы
1. Әр сынып сайын тіл дамытудың негізгі міндеттері белгіленіп, оның бірте-бірте түрленуі керек.
2.Оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру.
З.Сөз таптарын көбірек меңгерту (зат есім, сын есім, етістік, сан есім сөздерді).
4. Сөйлеуге, сөздерді дұрыс айтуға, мәнерлеп оқуға, өз ойын айта білуге, біреуді тыңдай білуге үйрету.
5.Түсінгенін ауызша айта білуге үйрету, сын тұрғысынан әңгіме құрап, оны жазуға үйрету.
б. Мазмұндама, шығарма сияқты жазба жұмыстарын дер кезінде өз деңгейінде жазуға үйрету.
7. Көркем әдебиет үлгілерін оқуға дағдыландыру.
Бұл бағдарлама талаптары оқуда, ойында, еңбекте, күнделікті іске асыру керек. Ана тілінің саф алтындай інжулері қазақ халқының ауыз әдебиеті арқылы бүгінгі күнге жетіп отыр. Мәселен, балаларға ауыз әдебиетінен мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақ, ертегілер тыңдатумен қатар, өлең, тақпақ, шешендік сөздер, баталар жаттату тек балалардың тілін дамыту үшін ғана емес, ой-өрісін кеңейтуге, мектептен тыс жерлерде қолдануға, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, көп көмегін тигізеді.
Балалардың тілін дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар
Оқушылар сонымен бірге көркем әдебиеттен үзінді тыңдай отырып, мәдениетті сөйлеуге, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын түсінуге қалыптасып келеді. |
Мәтінмен жұмыс
Мақал-мәтелмен жұмыс
Жұмбақ шешу

1. Мақал-мәтелмен жұмыс.
а) тақырып мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту
ә) табиғатқа, суретке қарап мақал-мәтел айту
б) мақал-мәтел айтысы
в) мақал-мәтелге сай оқиға ойластыру
2.Мәтінмен жұмыс.
а) дұрыс оқу
ә) мәтін бойынша түсінік айту '
б) мәтінді бөлімге бөлу, ат қою, жоспар құру
в) сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс
г) мәтін бойынша пікірталас туғызу
д) кейіпкерлерді сипаттау
е) мәтін бойынша сахналау
3. Жұмбақ шешу.
4. Өлең жазуға баулу.
а) алдын-ала берілген ұйқасқа өлең шығару
ә) тақырып бойынша өлең шығару
5. жаңылтпаштар жаттау.
6. Өлеңдер, баталар жаттау.
7. Ертегі оқу, мазмұнын айту.
8. Сюжетті суреттер бойынша ауызша әңгіме құрау.
9. ЬІрымдар мен тыйымдарды ұғынып, жаттау.
Тіл дамыту жұмыстары барлық сабақта дерлік жүргізіліп отырады. Ана тілі сабақтарында, әсіресе, жаңа сөздер көптеп меңгеріледі. Дүниетану сабақтарында жаңа ұғымдар, жаңа сөздер кездесіп отырады, математика сабағында математикалық терминдер оқылады. Осының бәрін меңгеріп игеру үшін мұғалімге әр сабақта педагогикалық технологиялар көмекке келеді.
Мен сабаққа дайындалу, өту барысында сабақ тақырыбына сай түрлі әдіс-тәсілдердің элементтерін пайдаланамын. Мысалы: Вассерманның БИС технологиясынан түртіп алу, сөздердің баламасын табу, жылдамдық жаттығуы, дамыта оқыту, интербелсенді оқытудың элементтері, жаңа тақырып мағынасын ашуда сын тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту, ТРИЗ әдістері. Қазіргі кезде еліміздің мектептерінде жүргізіліп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер бәрімізге белгілі. Мектептерімізде қазіргі деңгейлік бағдарламаның жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдері білім саласына енгізіліп жатыр. Білім берудің жаңа құрылымы мен оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі - мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Жаңаша білім беру жеке тұлғаны қалыптастыру, идеялармен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі дұрыс қалыптастыруын жүзеге асыру.
"Қазіргі мұғалім барлық балаға білім беруі ғана емес, әр баланың бойындағы қабілетін анықтап соған лайықты білім беруі тиіс. «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құяды»- деп атақты ағартушы А.Байтұрсынов айтқандай жаңа форматта оқыту мен оқудың әдіс тәсілдерін үйрену ұстаздарға міндеттеліп отыр. Оқушыға білім беру, өз білгеніңді дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне
ыңғайлану. Біз қазіргі кезде сұрағы көп, күрделі кезеңде, ақпараттық тасқында өмір сүріп отырғандьіқтан, заман талабына сай оқу процесіне біршама жаңалықтар енуде. Қазіргі талап балаға бағыт беріп, әрі қарай оқушының өзі ізденіп, оқып қана қоймай, сыни тұрғыдан ойлап, сараптама жасай білуге үйрету. Заман талабына сай әрбір оқушының бойына көшбасшылық қасиетті сіңіре отырып, бір-бірінің пікірімен санасуға, ізденімпаздыққа, өзінің білімін өзі жетілдіруге үйрету.
Осы бағытта өз білімімді жетілдіру үшін 7 модульдің әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдандым. Сабақтарды жаңа топтық үлгімен жүргізе бастадым. Ең алғаш 4 сынып әдебиеттік оқу пәнінен «Жылу» тақырыбын өттім. Сабақты ең алғаш «Алтын ереже» құрастырудан бастадық. Ережені оқушылар өздері шығарды. - Сабақ өту барысында қандай кедергілер кездеседі - деген сұраққа оқушылар өздері жауап беріп, сол арқылы ереже құрастырды. Содан кейін ол ереже сынып бөлмесінде әлі күнге ілініп тұр. Балаларды түстермен топқа бөлдім. Сабақ барысында үй тапсырмасын пысықтау, қызығушылығын ояту, мағыныны тану, ой толғаныс бөлімдері бойынша жұмыстар жасалды. Қызығушылығын ояту бөлімінде оқушыларға түрлі сюжетті суреттер көрсетіп, сол суреттегі балалардың іс-әрекеттері талданды. Ортақ тақырып «Жылу» деген ат қойылды. Оқулықтан «Жылу» тақырыбы әр топқа бөліп беріліп оқылды. Ауызша сұрақтарға жауап беріп, мазмұны айтылды. Одан кейін математика, қазақ тілінен топтық әдіспен сабақтар өттім.
Дүниетанудан өткен «Жыл мезгілдері» тақырыбына өткен сабағыма тоқталайын. Балаларды топқа беліп болған соң, үй жұмысын топ ішінде талдады, Дұрыс деген бір нұсқаны 1 оқушы оқиды. 3 топтан 3 оқушы оқыды. Оқулықпен жұмыс кезінде 3 топқа 3 тапсырма беру 7 минут уақыт берілді. Әр топ өз жұмысын сурет бойынша орындап қорғап, түсіндіріп береді. Жыл мезгілдерін ата? Бір жылда неше ай бар? деген сұрақтарға топ оқушылары ауызша жауап береді. Ары қарай сұрақтар қойып, оны талдау үнін «Кім тапқыр?», «Сөзден сөз құрау» тапсырмалары орындалды. Әр тапсырма орындалу кезінде оқушылардың сөздік қоры молайып, жаңа сөздермен танысып, оз ойларын еркін жеткізуге қалыптасты деп ойлаймын.
Сауат ашуу пәнінен өткен «Ұұ дыбысы» тақырыбы бойынша сабақта –өзін- өзі бағалау қолданылып, үй тапсырмасы, « ыстық орындық,»
Буындап оқып дыбыстық талдау, тапсырмалар орындалып, бағаланып отырды.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатын, олардың ой-өрісінің, ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің дамуына дәнекер болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын жұмыс түрі-топтық жұмыс. Топтық жұмысты қолдану барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасатындай, ақылдасатындай етіп, топтық жұмысты ұйымдастыру керек. Осылай ұйымдастырылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсететіні сөзсіз. Осындай сабақта. оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, дәлелдейді , өз ойларын ортаға салады. Пікірлер алмасу кезінде нәтижесінде , оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Өтілген сабақтарымда сыныптың жас ерекшелігін, мүмкіндіктерін ескере отырып , постермен жұмыс, логикалық
ойындар, психологиялық тренингтерді көбірек қолдануға тырыстым. Сонымен бірге сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап қорытынды бөліміне дейін диалогтық оқытуды қолдану балалардың тілін дамытуда көп көмегін тигізеді. Қай сабақта болмасын жоспар жасағанда жаңа сабақты өту барысында оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін шыңдауды естен шығарған емеспін. Оқушыларға нақты тапсырмалар беру, тапсырманы қорғау, постер жасау кезінде дұрыс сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, өз ойын ашық айту, басқаларға сұрақ қою балалардың сөйлеу қабілетін дамытып, ойларын жүйелеуге көмектеседі. Топтық жұмыстың тиімділігі, нәтижелілігі көрінді. Бағалаудың жаңа түрі критериалды бағалауды қолдана бастадым. Критериалды бағалау-оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсеткіштерінен тұрады. Көрсеткіш бойынша бағалау - оқушының белгіленген мақсатқа қандай деңгейде жеткенін анықтау болып табылады. Әр сабақта бағалау парағын таратып, оған сабақтағы тапсырмаларды түсіріп, топ басшысына бағалату оқушылар арасында өзгеріс енгізіп , біраз қобалжулар болғанмен, балалар тез үйреніп кетті, Топтық жұмыс кезінде балалар ұйымшылдыққа, бірлікке, қамқорлыққа үйреніп, бір-біріне жанашырлық, достық сезімдері қалыптасады екен. Деңгейлік бағдарламаның 7 модулінің қай-қайсысын алсақ та білім сапасын көтеру мақсатында көп септігін тигізетініне көзім жетті. АКТ- ны колдану, сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту, оқу мен оқытуды бағалау, т.б әдіс тәсілдерді қолдану кезінде балалар жаңа ақпаратпен танысады. Өз бетімен жұмыс жасайды. Басқаға сын көзбен қарау, тапсырмалыр орындау кезінде басқаларға. көмектеседі. Осының бәрі тек сабақ процессінде ғана емес тәрбие беруде де. үлкен рөл атқарады. «Әдептілік әлемі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өттім. Оқушыларды топқа бөліп болған соң әртүрлі сюжетті суреттер көрсетіп, олардағы ортақ іс-әрекет арқылы ортақ тақырып қойдық. Әдептілік тақырыбын балалар өздері ашты. Сабақта әдептілік туралы мақал-мәтелдер тауып жазу, жағдаяттар шешу, суретке қарап әңгіме құрастыру сияқты бөлімдермен жұмыс жасадық. Ата-аналармен де «Бала болашағы- баршаға ортақ» тақырыбында топтық әдіспен жаңа форматта кездесу өтілді. Бұл кездесуде алдымен оқушылардың үлгерімі, сыныптың жалпы жағдайы слайд арқылы ата-аналарға көрсетіліп түсіндіріп болған соң, әртүрлі жағдайдағы ата-аналар, отбасындағы түрлі жағдайлар туралы слайдтар көрсетіліп, ата-аналардың пікірін білу үшін, постер жасау тапсырылды. Ата-аналар өте белсенді қатысты.
Енді бірнеше өткен сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.
Мұғалімнің аты-жөні Әбдіқалық Гулбайра Нұралықызы Оқушы-15;
Сабақтың атауы Ұұ дыбысы әрпі Сілтеме презентация, интернет Оқыту нәтижесі Алға қойған мақсатқа жету үшін төзімді болу. Жалпы мақсаты Оқушыларды Ұұ дыбысымен таныстыру
Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу. Негізгі идеясы Әңгіме арқылы оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа үйрету Дереккөздер Оқулық, тапсырмалар,автор туралы мәлімет Тапсырмалар 1. Топта оқыту
2. Сұрақ-жауап
3. Әңгімеден көрініс
4. Мақал-мәтел (постер қорғау)
5. Эссе жазу Кейінгі тапсырмалар Өзгерістерді бағалау Жүргізетін жұмысым
уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
10 минут Сыныппен сәлемдесу Мұғаліммен
Сынып оқушыларын 4 топқа сәлемдесу
отырғызу
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу Оқушылар стикер бойынша топқа бөлініп, өз
үстелдеріне
Бағалау көрсеткіштері жайғасады.
Қызығушылықты ояту Оқушылар бағалау критерийлерін ескере
Бүгінгі көңіл-күйлерің калай? барлығы өз көңіл -күйлерін бет әлпеттері арқылы көрсету. отырып, жақсы бағалануға ұмтылады, белсенді қатысады.
Өткен сұрақтарға жауап беруі 1. Әңгімені түсінуі, баяндауы
2. Топпен жұмыс жасауы Оқушылар өткенді еске түсіріп,
7 минут "Ой қозғау" сатысы
1 топқа"Ұя
2 топқа. Ұшақ
3 топқа. "Ұшқыш
сұрақтарға жауап береді
Жана сабақ (ДЖИГСО-эдісі) 1. Окулықпен жұмыс Әр топ өз
орталарында
Мәтіннің азат жолын оқып тапсырманы
Түсіндіру талқылап алып, өз
7минут 2 жұппен жұмыс Ойлан-жұптас - ойларын постерге жазады.Мұғалімнің
Талқыла тапсырмасы
3 минут Мәтіннің азат жолын оқып түсіндіру бойынша оқушылар бір-бірімен талқылап, ой
3 топпен жұмыс бөліседі.Топта талқылап бір
Оқушыларға әңгіме туралы мағлұмат беру шешімге келеді. Бір оқушы шығып қорғайды, топ
4 көшбасшы оқушылары толықтырып
Әңгімені топта оқыту. Әр топтан отырады.
5 минут бір оқушы шығып, келесі топта түсіндіру. "Ой толғаныс" сатысы
1) "Суретке әңгіме құрау
5 минут 2) Сергіту сәті ( би- билеу)
3) "Ұя не үшіін керек" ( постермен жұмыс)
"Ұшқыш деп кімдерді айтамыз 4) Кері байланыс 2 минут -Сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақ
-Қандай тапсырма орындаған бойынша ойларын
ұнады?
Қандай тапсырма орындаған қиындық келтірді? стикерге жазады.
«Нәтижелі жұмыс – мұғалімнің іскерлік қабілетінің көрінісі»
Бірлескен жұмыстағы көшбасшылық


Топтық
жұмыстың оқушыларға ықпалы

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сілтеме: Дүниетану, 1 сынып. «Атамұра» баспасы.
Сабақтың мақсаты:Жыл мезгілдерін сипаттау.
Міндеттер: Оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін тұжырымдау, өз ойларын ортаға салуын арттыру. Оқу материалын игеруде бір-біріне көмектесуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: , қима қағаздар, маркер, плакат, скоч.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, «Ойлан тап», «Кім тапқыр?», «Сөзден сөз құрау», ойындары.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімдері тиянақталып, сауаттары арта түседі
Сабақтың барысы:
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Негізгі
деректер
I. Ұйымдастыру. Ойыншықтар суреттерімен топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Қызығушылықтары пайда болып, сабаққа ынтасы артты. Топ ережесі
II. Үй жұмысын тексеру. Әр топқа өздері тексеруге тапсыру Топ басшы барлық жұмыстарды тексереді. Бағалайды. Дұрыс үлгіні 1 оқушы тұрып дауыстап оқиды. Бағалау парағы
Қызығушылығын ояту.
III. Топтық жұмыс. Оқушылардың назарын оқулыққа аудару. Әртопқа 1 суреттен беру. Мұқият оқып, нұсқау бойынша орындау. Берілген тапсырманы орындау. Постер жасау. Оқулық 10
м
и
н
ІҮ.
Тапсырмаларды
қорғау. Топтардың тапсырмасын қорғауға уақыт беру. Әртоптан 1 оқушы шығып қорғайды. Балалар дэптерлеріне жазып алады. Дәптер 7
м
и
н
Ү. Сергіту. ҮІ.
Сұрактармен
пысықтау Жыл мезгілдерін ата? Оның түрлерін ата Сұрактарға жауап беру Ережелер
Мағынаны
тану.
ҮП. « Кім тапқыр?» Әртопқа сюжетті суреттер таратып беру.Суретті мұқият қарап, осы суреттен неғэдэлым көп зат есім тауып жазу. Топтар ұйымшылды қпен орындайды. Плакат
ҮІІІ.
Шығармашылық минуты. Әртоп алдарындағы суретке қарап әңгіме құрастырып жазсын. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Сурет, плакат
IX. «Сөзден сөз құрау» Топтарға сөздер жазылған парактар тарату. Алтыбақан, жұмыртқа,шаңырақбалдырған. Осы
сөздердің әріптерінен жаңа сөздер құрастыру. Плакат
X.Қорыту. Сұрақтар қойып сабақты қорыту Сұрақтарға
жауап
береді. XI. Бағалау. Бағалау парақшасының нәтиежсі бойынша қорытынды баға қою. Бағаланады. Бағалау парағы
XII. Кері байланыс Стикер тарату Балалар өз ойларын жазады
Топтық жұмыстың орындалуы- әр оқушының белсенділігінде.

Әдебиеттік оқу 4 «а» Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова: Жылу. әңгімесі
Сілтеме Әдебиеттік оқу. 4 сынып. «Атамұра» баспасы
Жалпы мақсаты Окушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анаға деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерінен жеткізе білуге үйрету.Өленді жаттай білуге дағдыландыру.
2.Ананың балаға деген құрметін арттыру. Сөз қорларын тіл байлығын шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі Алған білімдерінабақ кезінде қолданады. Бірлескен жұмыс арқылы бір-бірін үйретеді.
Әдіс-тәсіл Сұрақ-жауап,топтық жұмыс,түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс.
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Негізгі деректер
¥йымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық Тәтті кқнфеттермен топқа бөлу Ережені еске түсіру
Топ басшы сайлау
Топ басшы бағалап отырады Ереже
Үйге берілген тапсырма
Ыстық орындық Үй тапсырмасын пысықтаймын. Мәтін бойынша түсінігін сұраймын.
І-топ. Ата-ананы құрметтеу.
П-топ. Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.
Үй тапсырмасын сұрау
Ш-топ. Сен ата-анаңа не істесең саған перзентің де соны жасайды.
IV.-топ. Сен ата-анаңа не істесең саған перзентің соны жасайды деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқыдық.
Тапсырма бойынша оқушылардан не түсінгенін сұрап ойларымен бөлісу.
Мағынаны тану.
V .Жаңа сабақ. (5-мин)
Ой ашар Құт берекең-атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауым-әкең қымбат.
Кәне еске түсірейікші. Бұл кімнің сөзі?-
Қазыбек бидің сөзі.
Біздің өтіп жатқан тарауымыз «Қадірлі әкелерім,мейірлі аналарым» деп аталатынын білеміз.
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашу.
Бүгінгі сабақта біз Ф.Оңғарсынованың аналарымызға арналған «Жылу» атты өлеңімен танысамыз.
Ф.Оңғарсынова 1939 жылдың 25 -ші желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп мұғалімдік қызметті атқарып, бүгінде о л халық жазушысы. VI. Ой қозғау Жылу өлеңін топтар бойынша әр топқа бір шумақтан беріп, мазмұнын ашу.
І-топ. Ана қүшағы
II-топ Ана жанары
ІІІ-топ Ана сүті
IV-топ Ана жылуы. Оқулықпен жұмыс жасау.
Әр топ өз ойларын ортаға салады. Оқулық.
VII. Сергіту сәті. Би қимылдарын жасау.
Бейнеролик Би қимылдарын жасайды. VIII. Топтық жұмыс І-топ. Ана туралы эңгіме
II-топ Ана туралы мақал-мәтел
III-топ Ана туралы өлең
IV-топ Жылулық сөзіне сөзден сөз құрау .(7-мин)
V. «Ана» туралы өлең.(2-мин)
VI. Бейне көрініс.(З-мин) Постер жасау. Барлық бала қатысу керек. Топбасшы бағалап отырады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топтан бір оқушы шығып, қорғайды. IX. Кері байланыс. Балаларға бірнеше сүрақтар қою.(І-мин)
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендіңдер?
Бүгінгі сабақта үйренгендеріңді қай кезде қолданасындар?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, стикерлерге өз жауаптарын жазады. Қорыту. Бағалау. (2-мин)
Топтық жұмыстың орындалуы- әр оқушының белсенділігінде.

Постермен жұмыс -сабақты қорытындылаудың тиімді тәсілі.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыте келгенде, бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытуда және шығармашылық жұмыстарының өнімділігін арттыруға сабағымда қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдер ықпалын тигізеді. Әсіресе, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндік береді.
Жаңа педагогикалық тәсілдерді қолдану барысында өзімнің және оқушының бойынан төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім:
Мұғалім:
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді жолға қойдым.
Қызығушылықты оятуға ерекше мән беретін болдым.
Өзіме сын көзбен қарауды меңгердім.
Сабақта әрбір жұмысты аяқсыз қалдырмауға дағыландым.
Сабақ кезеңдерінде сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауға үйрендім.
Оқушылармен даму деңгейін үнемі зерттеп отыруды әдетке айналдырдым.
Оқушылар:
Ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді.
Рефлексия жасай алады.
Ойлау процесстерін меңгерді.
Шығарма, эссе жаза алады.
Әртүрлі шешімдер айта алады.
Оқушылардың бір-бірімен қарым өатынасы жақсарды.
Өз бетімен ізденуге дағдыланды.
Аз уақытта бірнеше жұмыс жасауға үйренді.
Үлгерімдері жоғарлады.

Шығармашылық жұмысым

Менің жетістіктерім












2015-2016 оқу жылындағы 1 «А» сынып оқушыларының
І тоқсан бойынша білім деңгейінің көрсеткіші

-264664-193544
«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудандық сырттай байқау