Бастауыш сыныптарда?ы о?ытуда?ы жа?а ?діс т?сілдері


Бастауыш сыныптарды оқытудағы жаңа әдіс-тәсілде р
Оставьте комментарийБатыс Қазақстан облысы, Казталов ауданыБостандық орта жалпы білім беретін мектебіТасбулатова Аягүл Қадержанқызы
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
· баланы оқи білуге үйрету
· баланы ойлауға үйрету
· баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде.
Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/• Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/Мен үшінші деңгейлік оқыту курсынан 2013 жылы өтіп, өзімнің іс-тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модульдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:— Сабаққа қызығушылығы артады;— Нақты өз деңгейінде бағаланады;— Жеке қабілеті айқындалады;— Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;— Даму мониторингі айқын көрінеді;Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:— Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?— Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?— Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:— Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;— Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;— Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;— Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;— Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;— Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;— Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Менің өз іс- тәжірибемде 3-сыныптың әдебиеттік оқу сабағынан өткізген Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ » тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін.Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым- қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолдандым. Тренинг барысында көңілді әуені ойналып тұрды. «Құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс -қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға таратылады, осылайша, негізділген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болды» деген Мерсердің ойын негізге ала отырып, оқушылардың ұйымшылдық қарым -қатынастарын жақсарту мақсатында топтарға бөлдім.Оқушыларды топқа әр түсті стикерлер арқылы бөлдім. Стикер түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады.Мен бұл сабақтарымды мынандай кезеңдерден құрдым:
Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында математикалық сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.
1. «Өкіл»әдісі стратегиясы2. «Адам бойындағы жақсы әрекет » топтық жұмыс стратегиясы3. «Галерия » әдісі стратегиясы4. «Сын тұрғысынан сұрақтар» әдісі .5. «Бес жолды өлең» стратегиясы1-ші «Өкіл»әдісі стратегиясы.Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен өз тобына және басқа топтарға жеткізеді.2-ші «Адам бойындағы жақсы әрекет » стратегиясы.1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндінің суретін салады .2. Салған суреттерін әңгімелеп , сипаттап айту.3-ші «Галерия » әдісі стратегиясы.Оқушылар қағаз бетіне түсірген суреттерін әрбір топқа түсіндіреді ..4-ші «Сын тұрғысынан сұрақтар »әдісі• Берілген сұрақтарға 3-топта жарыса жауап береді .5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы1.Зат есім (1 сөз)2. Сын есім (2 сөз)3. Етістік ( 3 сөз )4. Қорытынды ой (4 сөз )5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Қорыта келгенде, Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын , олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға боладыМұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді:«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
— оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бастауыш сынып журналдарыМұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)
Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойыншаАты-жөні: Тасбулатова Аягүл Қадержанқызы
Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Мекеме атауы, бөлімшесі: Бостандық орта жалпы білім беретін мектебіМекен-жайы, телефон: БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылыМақала атауы: «Бастауыш сыныптарды оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»
Секция: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері.