К?сіби даму ар?ылы о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру


Кәсіби даму арқылы оқушының пәнге қызығушылығын арттыру
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?
Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді
Білім бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз.
Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет.(С Бич, 2012. МАН.)
Осындай қағидаларды басшылыққа алған №10 орта мектеп мұғалімдері де өзгеріссіз қала алмады. Деңгейлік курстан өткен 16 мұғалімнің үйретуімен жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдалануды мақсат етті. Жас мамандар мен жаңашылдыққа қызығушы ұстаздардың қалауымен «Тәлім алушылар» онкүндігі жоспарланды. І деңгей бойынша курстан өткен мұғалімдер Сакенова Бейбітгүл Әбдіғалиқызы мен Куджанова Алтын Күреңтайқызының басшылық жасауымен курстан өткен мұғалімдерге тәлім алушылар бекітіліп берілді. Әрбір тәлімгер өз тәлім алушысына білім берудегі түрлі стратегияларды ұғындырды. Өз сабақтарына қатыстыра отырып, тереңірек түсінуге жағдай жасады. Осы үйрету нәтижесін «Тәлім алушылар» онкүндігі арқылы қорытындылады.
Онкүндік 15-25 ақпан аралығында өткізілді. «Ең үздік тәлім алушыны» анықтау мақсатында мектеп әкімшілігінен қазылар алқасы құрылды.Әділ қазылар алқасына мектеп басшысы А.Қ.Катранова, А.А.Унакбаева, Г.Б.Исабаевалар тағайындалды.

Әділ қазылар А.Қ.Катранова және Г.Исабаева

Өздеріне берілген сенімді соңына дейін жауапкершілікпен атқарған әділ қазыларға мектеп ұжымы ризашылықтарын білдірді. Мектеп басшылары жоспардың жүйелі орындалуына, әділетті бағалауда үнемі қолдау көрсетіп отырды. Сабаққа жастар тарапынан қызығушылық өте жоғары болды. Олардың арнайы өткен «Ашық сабақтарға» қатысуына да барынша жағдай жасалды.Осының өзі әріптестердің жаңашылдыққа қызығушылығын көрсеткендей болды.
Жас мамандардың өз қалаулары бойынша тәлімгерлер тағайындалды. Өз қалауымен таңдалған тәлімгермен жұмыс істеу жеңілірек болды. Кей жағдайда көзі анық жетпеген әрекеттерді басқалардан сұрап, анықтап алушылар да байқалды. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай еді. «Тәлім алушылар» онкүндігін белгілеп, оған басшылық қатысып отыратынын білген тәлімгерде де, тәлім алушыларда да ізденушіліктің артқаны байқалды. «Осының керегі не?» деп қарсылық көрсетушілер де табылып жатты.
Онкүндікті өткізу тәлім алушылардың өздеріне жүктелді. Жоспар алдын ала жасалып, оған жауапты тарих пәнінің мұғалімі Ерік Шаймерден мен география пәнінің мұғалімі Айнұр Құрманғалиеваларға тапсырылды. Е.Шаймерден мен А. Құрманғалиева тәлімгерлер Б.Сакенова және А.Куджановамен
«Кәсіби даму арқылы оқушының пәнге қызығушылығын арттыру» тақырыбындағы онкүндікті өздерінің коучингтарымен ашты. Екі тәлімгер де сенімді ақтайтайтын жалынды жастар екенін танытты.

Коучинг –мақсатқа жетудегі кәсіби көмек
Мектепте қызу жұмыс жүріп кетті. Ең алғаш «Мен сабақ беруге дайынмын»,- деп ,алғашқы сабақты математика пәнінен Нұрхамит Айдын өткізді. Оған жиырмаға жуық әріптестер қатысты.
Тәлім алушы А.Нұрхамит пен тәлімгер Ф.Егембердиева
« Математика пәніне бұл әдіс келе бермес » деген күмән сейілгендей болды. Ашық сабақтан соң «Жақсы сабақ болды!»- деген әріптестер пікірі естіле бастады. АКТ-ны орынды қолданып, тиімді сабақты жоспарлауда тәлімгер мұғалім Ф.Т.Егембердиеваның еңбегін айтпау орынсыз болар. Алғашқы сабақ болғандықтан Айдынның сәтсіз тұстары да болды. Сабақта 40%шамасында мұғалім түсіндірді. Сөйлеу мәнерін өзгерту, бағалауды тиімді жүргізуді тілектерінде әріптестері көрсетіп берді.Өз сабағының қызықты өткеніне көзі жетіп, әрі қарай жалғастыратынын айтты.
Онкүндікке атсалысқан мұғалімдердің сабақтарында өзгерістер мол болды. Жастардың жаңаша сабақ беруі басқаларға да қозғау салғандай болды. Тәлім алушылар сабақтарын жоспарлағанда тәлім алушылар құрамында болмаған, жас маман, бастауыш сынып мұғалімі Ботаның «Менің де тәлім алушылар қатарына қосылуыма бола ма?» - деген тілегі басқаларға да ой салғандай болды. Апталықтың ортасына таман зейнеткер ұстаз
Д. Ұ. Қожабекова да өз ренішін білдірді. Ол өз сөзінде «Мені неге қоспағансың?» деп өкпесін айтты.
Онкүндік өз дәрежесінде өтті. Бұрынғы ашық сабақтарға қарағанда бұл жолғы ашық сабақтарға қатысушылар санының әлдеқайда көп болуы осының дәлелі.

Сабақ талдауда да бірте-бірте мұғалімдердің ысыла бастағанын қөрдік.
Сабаққа қатысып жүрген басшылықтың да байқағаны осы болды.
Сабақтағы әдіс-тәсілдерді іріктеп, «Мына әдіс тиімді екен, пайдаланып көрмесем...» деген ойлар айтыла бастады.
Алдын ала жасалған жоспар мұғалімдер бөлмесіне ілінді. Сол жоспарға қарай отырып, ашық сабақтарға мүмкіндігінше қатысуға тырысты. Барлық сабақтарға интербелсенді тақталар пайдаланылды.
АКТ-ны тиімді пайдалану
Сабақтарында топқа болудің алуан түрлі әдістерін пайдаланды. Рөлдік ойындар арқылы мәтінді сахналап көрсеткен Айгерім Тоқабек пен Назым Сатеновалардың сабақтарын айтпауға болмайды. Мәтінді тек әңгімелеп қана қоймай, образға кіре отырып баяндаудың ерекше екенін көрсетті.Көпшілік сабақтарда постермен жұмыстар жүргізілді.

Рөлдік ойындар Постермен жұмыс
Онкүндікке қатысушылардың көбі жастар болғанмен тәжірибелі ұстаздар да тәлім алушы ретінде өз жұмыстарын көрсетті. «Ұстаз –өмір бойы үйренуші, ол үйренуін тоқтатқан күннен бастап, ұстаз болудан да қалады»,- деген даналық сөздің ақиқатын көрсеткендей. Осындай ұстаздардың болуы да басқаларға үлгі бола білді.Олардың қатарына Б.Қарасаева, Л.Исмаилова, Н.Н.Букаускайтелерді ерекше айта кету орынды.Тәжірибелі мұғалімдер үшін топқа бөліп оқыту аса қиын бола қойған жоқ. Бұрын да осы тәсілдердің кейбір элементтерін пайдаланып жүргендіктен де болар.Әйтсе де слайд жасауда қиналғандықтарын жасырған жоқ.. Осындай құлшыныспен білім берсе, нәтиженің де үлкен болары сөзсіз деген қорытындыға келдік.

Тәжірибелі ұстаздар Л. Исмаилова мен Б.Қарасаева сабақ беруде
Өз сабағын ғаламтор материалдарымен таныстырумен бастап, сабақта «Ыстық орындық» стратегиясын тиімді пайдаланды.Дарынды оқушымен жұмыстар жүргізу нәтижесінде туған ауыл жайында, ондағы тұрғындардың тарихына тереңірек талдау жасауына жол сілтеді.

Туған ауыл тарихы«Ыстық орындық» стратегиясы
Онкүндіктегі жүргізілген шараларға әрбір тәлім алушы өз үлесін қосты.
«Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынына» тағы да көздері жеткендей.
Әрине, онкүндікте кедергілер де кездесті. Алғашқы кедергі ретінде бастапқыда тәлімгерлердің «Осы не үшін керек?», «Біз неге тәлімгер боламыз, ол біздің міндетке жатпайды ғой», -деп қарсылық танытуын айтар едім. Біздің үлкен құлшыныспен жасаған жоспарымыз орындалмас па еді, егер мектеп басшысы Айман Қамшыгерқызынан қолдау болмаса. Осындай қарсыласудан кейін директордан көмек сұрауға тура келді. Өз жоспарымызбен таныстыра келе, ұжымның семинарға толық келуіне жағдай жасауын өтіндік. Және «Үздік тәлім алушыны» анықтауда әділ қазы болуын сұрадық . Басшымыз бірден келісті. Мұның өзі тәлім алушылардың сабаққа зор ізденіспен келуіне себеп болды. Мүмкіндігінше басшылықтың да толық қатысуын қадағалады. Бұл біз үшін, жоспарымыздың жоғарғы дәрежеде орындалуының басты себебі еді.
Тәлім алушылар мен тәлімгерлерді алғашқыда тізім бойынша жасағанмен , тәлім алушылардан тәлімгерлерді ауыстыру жайлы тілектер көптеп түсе бастады. Сондықтан тәлімгерлерді таңдау бойынша тағайындауға тура келді. Тәлімгер болудан бас тартқан С.В.Раджапова, К.Керімханова, З. Әбдіқожаевалар өз тәлім алушыларының үздік болуы үшін іздене бастады. Сабақтарға қатысып, өз жоспарларын жасады.
Сабаққа мұғалімдердің аса көп қатысуы да кедергі келтірді. Жас мамандарда сасқалақтау, сынып бөлмесінің тарылуы байқалды. Бірақ , мұғалімнің сабаққа қатысуына ешкім кедергі жасамады.
Басты кедергі «Тәлімгерлер»апталығының өз дәрежесінде өтпеуінде. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер апталығы өткенмен , олардың сабақтарына жас мамандар толық тартылмады, өйткені топпен жұмыс жүргізуге қызығушылық аса көп емес еді.
Жоспарланған сабақтар толық өтілді. Бірақ өз өзіне аса сенбеу кездесті. Ғ.Жданова қойылған сабақ кестесін өз бетінше өзгертіп, сабаққа қатысушылардың аз болғанын қалағанмен, сабағы өз дәрежесінде өтті. Т.Ботабековте де осындай сенімсіздік болды. Тіпті , жоспарлы сабақты кейінге қалдырғысы келді. Бұл да жауапкершілікті жете сезіну, өзін басқалардан қалмауға жетелеу деген пікір туды.
Онкүндікті қорытындылауды дүйсенбі 29 ақпанға өткізуді жоспарладық. Коучинг түрінде өткізу Е. Шаймерден мен А.Құрманғалиеваға жүктелді.
Оған ұжым толықтай қатыстырылды.
Онкүндіктің жабылуына ұжым толық қатысты
Тәлім алушыларға сыйлықтар тапсыра отырып, үш топқа бөлді. Оларға Педагогикалық жағдаяттарды шешуді 1- тапсырма етіп берді. Өздері таңдап алған конверт ішіндегі тапсырмаларды топпен орындап, шешуін рөлдер арқылы сахналап көрсетті.Топтық бағалау жүзеге асырылды.


Онкүндік қорытындысына арналған кручинг
Екінші тапсырма « Жаңа технологияның тиімділігі» деп аталды. Онда тиімді деп таныған әдіс-тәсілді жарнамалау. Әр топ өздеріне ұнаған тәсілді түрлі жолдармен жарнамалап көрсетті.

Жаңа тәсілді жарнамалау
3-тапсырма «ӘН шырқайық» деп аталып, караокимен ән айтылды.
«Атамекен», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» әндері шырқалды.

«Ән шырқайық ! »
Онкүндікті қорытындылау үшін мектеп басшысы А.Қ.Катранова сөз сөйлеп, мақтау қағаздарымен марапаттады.


Тәлім алушыларды марапаттау сәті
Онкүндікке өз үлесін қосқан әрбір тәлім алушы түрлі номинациялар бойынша мар апатталды. Сыйлықтар берілді.
І, ІІ деңгей мұғалімдері Қолдаушыға көп алғыс !