Сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану ар?ылы о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру (баяндама)


Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы
оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.
Мұғалім қоғамда болып жатқан ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, педагогикалық үрдістерде жұмыс жасай алатын, шәкіртінің жанына нұр құятын, ұстазды ғана бүгінгі күнннің лайықты тұлғасы, яғни , «Жаңа формация мұғалімі» деуге болады. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.
Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытып, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік,рухани азаматтық және де басқада көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді , өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушыға оны бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісінде ашылады. Сабақ мұғалімнің емес оқушының іс-әрекетімен бағаланады.Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңызды болып отыр. Сабақ барысыда оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын технологиялар баршылық. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы немен қызықтырады ? Кез-келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік беретіндігімен, оқытуды ұйымдастырудың тиімді стратегияларының көптігімен, оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
Сыни ойлау-өзіндік ойлау. Сыни ойлау сұрақ қоюдан және шешім талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса, сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастырымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға бір-бірінің ойларын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданумен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның стратегияларында. Стратегия дегеніміз әдістемелік ұстаным. СТО технологияларының ішкі құрылымында ерекшеліктер бар.
Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуын, қажетке жарауын қалыптастырады.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Осы кезеңдердің мақсат мүдделеріне тоқталып өтейін.
Қызығушылықты ояту. Үйрету процесі- бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтанда сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы не біледі, не айта алатынын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту, ойды қозғалту арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» сратегилары қолданылады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-оқушының белсенділігін аттыру. Өйткені үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осылайша айту,бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының оы ашылады нәтижесінде шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бағдарламаның екінші кезеңі –Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін сртатегиялардың бірі INSERT ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V- «білемін», «--» «мен үшін түсініксіз», + «мен үшін жаңа ақпарат»,? «мені таң қалдырды» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT- оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтанда мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру-аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Тақырып бойынша ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпаратты өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру ой түйістіру, өзі үйрену жолын,кесте жасау жолдарын біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы-ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Осы кезеңде «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық кесте», «Т кестесі» сияты стратегиялар әр сабақтың ауыр –жеңілдігіне қарай қолданылады.
Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетемін.
Мұндай технологияларды қолдану біріншіден мұғалім ұтады,яғни сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге қызығушылығы артады,
екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезеңінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдеп-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен-кішіні сыйлауға үйренеді.
Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, іскер, мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту әрбір мұғалімнің міндеті деп білемін.