ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П?НДЕРІН О?ЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ? БІЛІМ БЕРУДІ? ЖА?А РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ?ОЛДАНУ ма?аласы


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Кайнулдина Гульнур Кайдархановна
КММ «М.В Ломоносов атындағы орта мектептің» математика пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасына сай негізгі идеяларды басшылыққа ала отырып, өскелең ұрпақтың сапалы түрде алатын білімі мен дағдысын қалыптастыру үшін оқыту әдістемесін жаңарту қажеттігі туындауда. ХХІ ғасырда оқытудың білім үдерісіне компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез жылдамдықта тарайтындықтан, ауқымды ақпараттық орта қалыптасады. Сондықтан қазір Қазақстанда әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне енуге жаңа білім жүйесі қалыптасу үстінде. Бұндай өзгеріс педагогикалық үдеріске оның теориясы мен практикасына да өзгерістер енгізу қажеттілігін көлденең қоюда. Яғни баланың ақпараттық қоғамға енуіне жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға баулу қажеттілігін де атап өткен жөн. ІТ – технологиялар білім беру үдерісін дамытудың құрамдас бөлігіне айналады, яғни оны қолданудың тиімділігі артты. Электрондық білім беру жаңа технологияның түрлі мүмкіндіктері мен жолдарын пайдалануға жол ашады.
Сондықтан бұл жұмысты жазудағы мақсатым: жаратылыстану пәндерін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын тиімді қолдану жолдарын көрсету.
Міндеттер:
- электрондық білім берудің ресурстарын зерттеу, оның тиімділігін, маңыздылығын көрсету;
Зерттеу обьектісі: электрондық білім беру ресурстары;
Зерттеу пәні: математика;
Зерттеу әдістері: педагогикалық тұрғыдан бақылау, эксперимент;
Нәтиженің маңыздылығы: электрондық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім сапасын көтеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, танымдық әрекеттерін дамыту.
Саналы да сапалы білім беру әр мұғалімнің міндеті мен мақсаты болып табылады. Сондықтан білім берудегі оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан – жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Электрондық білім беру ресурстарының түрлері көп. Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, графиктерді және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Интерактивті құралдарды да сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгерту;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Тақтада слайд, видео көруге, белгілер қоюға болады, қарапайым тақта сияқты сурет салуға, түрлі сызбалар сызуға болады, нақты уақытта экранда үлкейтіп көрсетілген бейнеге белгілер қоюға, кез келген өзгерістерді енгізіп және оларды келешекте өңдеу үшін компьютерлік файл түрінде сақтауға, басып шығарғыштан шығаруға, факс немесе электронда пошта арқылы жіберуге болады. Онлайн күйдегі интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың түрлі ақпарат көздерімен, сонымен бірге Интернет желісімен белсенді өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсаты ақпараттпен сауатты жұмыс жасау, яғни дамыту:
пәнге зейіннің шоғырлану қабілеті;
ақпаратты қисынды өңдеуге қабілеттілігі;
алынған ақпараттың ақиқаттығы мен пайдалылығын бағалау ептілігі;
дербес маңызды ақпаратты таңдау ептілігі;
қажетті ақпаратты тұған тілде және шет тілде, сонымен қатар оны өңдеу әдістері туралы білімді меңгеру ептілігі.
Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді. Электрондық оқыту жүйесінде педагогтар өздерінің оқу құралдары мен тестілерін құра алады. Олардың жұмысы мәтiндiк және графикалық редакторлар мен орталарда, мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Adobe Flash, Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың бiрыңғай жүйесімен стандартталуы тиіс. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда білім берудің жаңа ресурстарын тиімді пайдалану төмендегідей мүмкіндіктерді береді: оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады; оқушыларды өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасатуға болады; тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады; оқушының жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады; ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалады; оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады.
Электрондық білім беру ресурсының тағы бір мұғалім үшін тиімді түрі ол «сөйлейтін тест» құрау. Бұл тест оқушылардың білімін саралауға арналған жақсы әдіс. Бұл тесттің бір ерекшелігі – жұмыс соңында нәтижені өзі есептеп береді.
Viptest құру алгоритмі:
Microsoft Word мәтіндік редакторында тест мәтінін теріп дайындаймыз. Ол төмендегідей түрде болу керек:
Дұрыс жауабы
{Test=2}
сұрақ
Сколько лет независимости Республики Казахстан?
1.15
2.20
3.25
4.30
Дайын құжатты RTF форматында сақтаймыз:

Baza папкасында сақталуы керек.
Мәзірден «Тест» → «Выбрать тему» деп таңдап аламыз
Ашылған терезеден пән атауын жазып «Ок» пәрменін басамыз.

Пән атауын таңдап алып «Добавить новую тему» пәрменін орындаймыз.

«Создать» деп басып, «Новая тема» деген тұсына тарау атын жазып, «Ок» деп басу керек:


«Настройки темы» бөлімінен барлық тест шарттарын қойып аласыз:

Енді тестілеуді бастай беруге болады.
Осылайша тараулар бойынша тесттер құрап оқушылардың білімін пысықтауға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Егер білім берудің жаңа ресурстарын тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады. Жаңа ақпараттық технологияны қолданса, әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады. Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса оқушынын білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы, 2003.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында»,      « Егемен Қазақстан» газеті, 3/ ІІІ-2005. № 13
3. Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы,2007.
4. Интернет ресурстар