Бастауыш сыныпта о?ытуды? жа?а технологияларын ?олдану. Баяндама


Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама
«Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» (Л. С. Выготский)«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Педагогикалық технология термині - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель)Педагогикалық технологияның тиімділігі:1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу.
Білім беру үдерісіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағы талап – жаңадан жаңаны табу
Жоспары1. Сергіту сәтінде қатысушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығу Мақсаты: қатысушылардың бір - бірімен жағымды қарым - қатынастықты туғызу, есте сақтау қабілетін дамыту.«Танысу» ойыны: Қазір біз сіздермен танысамыз, әр қатысушы өзінің есімін таныстырып, есімінің бас әрпінен тұратын бойыңыздағы қасиетін айтады. Мысалы: Аяулым – ақылды.2. Топқа бөлу тәсілі: фишка түсі арқылы және де фишка саны арқылы бөлу3. Теориялық бөлім: баяндама, презентация4. Практикалық бөлім: «Мезгіл орындығы» тәсілі (жаз, қыс, күз, көктем).Берілген тапсырмаға 3 ой - толғау жазу1 – топ: Білім беру жүйесіндегі қуантатын мәселелер2 – топ: Білім беру жүйесіндегі күйзелтетін мәселелер3 – топ: Білім беру жүйесіндегі өзгерістер (соңғы 5 жыл)4 – топ: Білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің моделін құру5. Рефлексия: Л. Зайверттің «5 саусақ» тәсілі.Бас бармақ – білдімБалаң үйрек – бақыладым, сезіндімОртан терек – ойландым, қызықты сәттерШылдыр шүмек – шештім, мақсат койдымКішкентай бөбек – келісемін, қандай жаңа ақпарат таныдым
Білім беру үдерісіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағыталап – жаңадан жаңаны табу
"Ғылым мен еңбек, қиял мен шығармашылық тоғысқанда таланттың дамуына мүмкіндік өлшеусіз мол болады” (А. Петровский)
Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Мұғалімнің мәртебесіне лайық болу мақсатында, өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап дамыту мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ - ы филиалы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған Кембридждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінде білімімді жетілдірдім. Осы курсқа қатысқаныма қуаныштымын. Себебі, оқушылармен жұмыс істеуге бұл бағдарламаның берері көп.Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.Ол өзіндік жеті модульден тұрады:1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;2) Сыни тұрғыдан ойлау;3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;4) Білім берудегі АКТ пайдалану;5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;Осы жеті модульді білім беруде тиімді пайдалануда, дәстүрлі сабақта пайдаланатын жұмыс түрлеріне қарағанда топпен жүргізілетін жұмыс түрі оңтайлы нәтиже береді. Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.Екінші қадамым бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытын анықтау. Бар модулді бір сабаққа кірістіру мүмкін емес, сондықтан бір сабақта кемінде үш - төртеуін кірістіруге тырысамын.Мен бүгінгі сөзімде жоғарыда айтылған жеті модуль жайлы айтып кетуді жөн көрдім: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдергетоқталғым келіп отыр. Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз. Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой - пікірді жүйелеу амалы қарастырылады. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір - бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді. Әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолданамын. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі. Алғашқы сабақтар топтамасынан - ақ мен оқушыларды бір - бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым - өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл - оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден - бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. ББҮ (Білемін Білгім келеді Үйрендім) сызбасын оқушылардың толтыруын ұсындым. Осы арқылы олардың автор жөнінде не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма секілді нәрселерге баса назар аудардым.Оқытуда АҚТ- ны пайдалану. Ол арқылы сабақты тиімді өткізуге болады. АҚТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және интернет желісінде бірлескен жұмысқа пайдалануға тиімді.Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады. Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді. Оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады. Біреулері ойын ашық түрде жеткізе алса, екіншілері өлең арқылы, суреттеу арқылы білдіріп отырады.Білім беру мен басқару және көшбасшылық. Бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі - мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез - келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға бағытталады.Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір - бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.