Дене шыны?тыру саба?ында?ы, спорт ?алашы?ында?ы, стадионда?ы Т? ережелері.


Пәні: Дене шынықтыру
Сыныбы: 2
Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағындағы, спорт қалашығындағы, стадиондағы ТҚ ережелері.
Мақсаты: 1. Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын қарапайым түсініктер туралы теориялық мәлімет беру.
2. Дене жаттығуларын меңгеру кезінде сақталатын қауіпсіздік техникасымен таныстыру.
3. 1- сыныпта үйренген сапқа арналған жаттығуларды қайталау.
Барысы :
Кіріспе әңгіме: 1. Таңертеңгілік гимнастиканың маңызы.
2. Жаттығу орындалатын, киім ауыстыратын орындарға және спорттық киім мен адамның өзіне қойылатын гигиеналық талаптарды еске түсіру.
Ашық алаңда өтетін жаттығу барысында, атап айтқанда, жүгіру, лақтыру, ойын ойнау және қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығулары орындау кезінде сақталатын қауіпсіздік техникасының ережесі жайлы айту.
Сабақтың ұйымдастырушылық сәттері туралы әңгімелеу.
Бойларына қарай тізбекке тұрып, алаңда жүру, жүгіру.
Бір қатарға тұрғызу. 1-сыныпта ұйренген сап түзеу жаттығуын қайталау.
Алаңда жай адымдап жүру. Жеңбер жасап тұрғызу. Шеңбер бойымен оң және сол бүйірмен ілеспелі қадам жасап үйрену.
«Балаларда тәртіп қатал!» ойыны. Рет бойынша санау тәртібімен таныстыру.
Сабақтың қорытындысын шығару. Сыныпқа қайту.
Жаттығу өткізілетін орын: Спорт алаңы.
Құрал-жабдықтар: Ысқырық